Қазақстан металлургиясы, қазіргі жағдайы мен жетістіктері

Қазақстан металлургиясы, қазіргі жағдайы мен жетістіктері

 

Қазіргі заман – электр энергияның ғасыры, атомды энергия, космосты бағындыру ғасыры болып табылады. Бірақ ең бастысы – металл ғасыры болып табылады.
Металл әр адым сайын кездесіп жатыр. Ол – неше түрлі жабдықтар мен машиналарда, илемдеу стандарында, космостық кемелерде, қолды сағаттардың механизмдерінде міндетті түрде кездеседі. Ол – бүгінгі күннің негізгі индустриясы.
Металлургия – кендер мен қалдықтардан металдар мен қорытпаларды алатын өндіріс саласы. Металлургия ол физика, химия және басқада техника салаларының негізінде пайда болған металдау және оны тазалау тәсілдерін зерттейтін ғылым. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі.
«Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған тау-кен металлургия кешенін дамытудың тұрақты жұмыс істеуін және стратегиялық басымдылығын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасымен шағын және орта өндірісін құру жолымен, ғылыми әзірлемені іске асыру және жоғары тауарлы дайындықтағы бәсекеге қабілетті өнімдерін шығару бойынша технологияны меңгеру мақсаты қойылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 2003-2005 жылдарға арналған металургиялық кешеніндегі төртінші және бесінші өзгертіп жасау өндірісін құруды қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық бағдарламасы әзірленген, мұны іске асыру республиканың металлургиялық саласында жаңа технологияны негіздеу мен әзірлеуге жағдай жасайды. Осындай өндірістерді ұйымдастыру импорт бойынша шығынды бірқатар төмендетуге, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттылық базасында жаңа жұмыс орындарын құруға, осы өнімге ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Бағдарлама материалында қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы металлургиялық кешенінің өндірістік жағдайы былай сипатталады:
— елімізде қазіргі кездегі өндірісті дамыту үшін ғылымды қажетсінетін, жоғары технологиялық, арнайы материалдар мен қорытпаларының өнеркәсіптік өндірісі мүлдем жоқ;
— машина жасау, мұнай газ, таулы-металлургиялық, жеңіл, тамақ және өнеркәсіптің басқа салалары, құрылыс индустриясы, ауыр машина жасау және кеме жасау үшін темір қақтау және металл өнімдеріне талап етілетін сұрыптау жүргізілмейді;
— ең озық технология негізіндегі – ұнтақты металлургия,электр металлургия,гальванотехника,жаңа құю мен химиялық технологиялар және т.б. материалдар мен металл бұйымдарының өнеркәсіптік өндірісі жоқ;
— балансы аяғына дейін есептелмеген, металдардың екінші ресурстары жеткіліксіз тиімді пайдаланылады, ал шетелге шығару бақылаусыз жүргізіледі.