Рубик текшесі ойға жетелейді

Тақырыбы: Рубик текшесі ойға жетелейді

Секциясы: Математика

Автор: Тәбіл Адина мен Батырғали Мейірлан

Байғанин орта мектебінің оқушылары

 

 

 

 

РЕЦЕНЗИЯ

 

Ғылыми зерттеу жұмысында 6 сынып оқушылары Тәбіл Адина мен Батырғали Мейірлан  текшенің шығу тарихын ғана емес, сол текшені жинаудың пайдасын түсіндірді. Келешекте осы текше туралы тақырыпты әлі де зерттей беріп,  үнемі дамытып, толықтыруға өзіне мақсат қойды. Тақырыптың өзекті мәселелерді түйіндеп ашты. Кез келген жастағы адамдарды қызықтыратын тақырып болып саналады.  Рубик текшесі есте сақтау қабілетін дамытады. Кеңістікте орналасқан түрлі-түсті кубтарды реттеу, орнына қою, белгілі бір алгоритмдерді қолдану арқылы сәйкес келтіріледі. Бұл ойыншықтың түрлі-түсті болуы да оны барша адамдарға тартымды әсер тигізеді. Куб алты түрлі түстен тұрады. Сол әр түстің шашыраңқы, яғни түстердің араласып кеткенін, белгілі бір жүйемен жинау арқылы жүзеге асырылуы логиканы байытады.

Ғылыми жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы атауы мен тарихы ашылған. Екінші бөлімінде қызықты деректерді көрсетілген, текшенің  негізгі түрлері жазылған, қандай зерттеу жұмыстарын жүргізгені туралы да жазылған. Тіпті сауалнама да жүргізіп, қажеттілігін мен дұрыс-бұрыстығын анықтады. Үшінші бөлімінде өзінің жинау амалын анық ашып талқылаған.

Саидулдинов Алиби бұл зерттеу жұмысын дүниетану, математика мен денешынықтыру сабақтарында, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады.

Автордың тілі жаттық, сөз қоры мол. Әр тарауға тұнымды ой пікір, түйін жасалған, жоба өзіндік зерттеу мүшелігі бар туынды болып қалыптасқан. Сондықтан мен бұл жобаны барлық сұранымдарға жауап беретін ізденіс әрекетінің жемісі ретінде бағалап, оны аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға ұсынуға әбден лайық деп санаймын.

 

 

 

 

Ғылыми жетекшісі:                               _______________________