Логарифмдер және олардың қасиеттері.
Шымкент қаласы
№ Д.И.Менделеев атындағы мектеп-лицйінің
математика пәні мұғалімі Дабыс Тамара Жапарқызы
Сабақтың тақырыбы: Логарифмдер және олардың қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі:. Логарифм ұғымы және оның қасиеттерін қорытындылау, есептер шығаруда логарифмнің анықтамасы мен қасиеттерін қолдана білу дағдыларын бекіту.
б) дамытушылығы: Есеп шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, іскерлік білімдерін, дағдыларын қалыптастыру;
в) тәрбиелілігі: Шапшаңдыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу, ұжымдық ауызбіршілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Теориялық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, деңгейлік тест тапсырмалары
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, олардың дайындығына және дәрісхананың тазалығына назар аудару
ІІ. Үй жұмысын сұрау:
п – дәрежелі түбір және оның қасиеттері
Иррационал теңдеулер дегеніміз не?
Рационал көрсеткішті дәреже деп неге айтамыз?
Көрсеткіштік функцияның қасиеттері
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау
а) (Ауызша есептер шығару арқылы)
п – дәрежелі түбір және оның қасиеттері
Иррационал теңдеулер
Рационал көрсеткішті дәреже
Көрсеткіштік функцияның қасиеттері
б) Анаграммалық ойын.
И Н У Ф К Я Ц
Т И А К Р А Ф Е М И
Ж Ә Д Р Е Е
Р І Ү Б Т
Ф Р А У Г И
К М А И Е А Т М Т А
М А Е Р О Т Е
Г Е О Т И Н О Р Т И Р Я М
IV. Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру. Қаралатын сұрақтарды дәптерге түсіру:
b – санының негізгі а болғандағы логарифмі дегеніміз не?
Негізгі логарифмдік теңбе-теңдік деп неге атаймыз?
Логарифмдердің негізгі қасиеттері
Мысалдар келтіру.
V. Жаңа сабақты түсіндіре отырып, лекция жаздырту.
Жаңа сабақ: Логарифмдер және олардың қасиеттері
Анықтама. в санының негізгі а болғандағы логарифмі дегеніміз – в саны шығу үшін негіз а шығарылатын дәреже көрсеткіш.
(мұндағы және ) теңбе-теңдігін негізгі логарифмдік теңбе-теңдік деп атайды.
Логарифмдердің негізгі қасиеттері.
Кез келген және кез келген оң х пен у мәндерінде мына теңдіктер орындалады:
Логарифмдердің негізгі қасиеттері логарифм енетін өрнектерді түрлендіру барысында кеңінен қолданылады. Мысалы, логарифмнің бір негізінен екіншісіне көшу формуласы
Мысал. Мәнін табайық: ; ; .
VI. Жаңа сабақты меңгерудегі бақылау үшін арналған сұрақтар:
Жарыс картасын құрайық.
Логарифмнің қасиеттеріне шолу жасау.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Бұл кезеңде логарифмнің қасиеттері бойынша алған білімдері тексеріледі. Дұрыс формула алу үшін өрнектердің арасына сәйкес стрелкалар қоюлары қажет.
Дұрыс формула алу үшін оқушылар сәйкестікті тауып, стрелка қоюға тиісті.
logaxy p loga x
loga(x/y) loga x – loga y
loga xp logax
logax +logay
Логарифмдер эстафетасы.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Өрнектің мәнін табыңдар.
Оқушылар тақтаға есептерді түсіндіріп шығарады және жауабын табады.
1
lg8 + lg125
lg(8∙125) = lg 1000 = 3
2
log 26 — log 2(6/32)
log 2 (6 : (6/32)) = log 232 = 5
3
log 3 5 — log 3135
log 3 (5 : 135)= log 3 (1:27)= -3
4
2 log 27 — log 249
log 272 — log 249 = log 2(49:49) = log 2 1 = 0
5
log 93+ log 9243
log 9(3∙243) = log 9729=3
Логарифмдік комедия. (қатесін тап) (5 минут)
дұрыс теңсіздігін алайық. Бұдан шығады . функциясы өспелі болғандықтан, аламыз. Бұдан. lgқысқартқаннан кейін, 2>3 шығады.
Қай жерде қате бар?
Жауабы: lg< 0 болғандықтан,қысқартудан кейін теңсіздік таңбасы өзгертілген жоқ, ол таңба өзгертілуі тиіс еді.
Есептер шығару: №479-481.
VIII. Үйге тапсырма.
Тақырыпты оқып келу.
№ 482-483 есептер.
Сабақты жалпы бағалау
- Оқушылар топ жетекшілері мен мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы жұмыс істеді.
- Шығармашылықпен жұмыс істеуге тек соңғы кезеңдерде, атап айтқанда оқушылар бірігуі жұмысы кезінде жүзеге асты.
3.Балалармен жұмыс істеу барысында өз сабағыма қанағаттандым, себебі оқушылардың қызығушылығы сабақтың өн бойында сақталды.