Кітап оқудың пайдасы

Пәні Әдебиеттік оқу                                Сыныбы 3

Сабақтың тақырыбы:  Кітап оқудың пайдасы

Сабақтың мақсаты: Мәтіндегі негізгі ойды табуға,  мәнерлеп сауатты  оқи білуге, бар білгенін  өмірмен ұштастыра сипаттауға, ойын еркін жеткізе білуге үйрену. Халық өнерін түсіне білуге үйрену.

Күтілетін нәтиже:

A)Мәтін  мазмұнын түсінеді, дәрежесі төмен сұрақтарға жауап бере алады, өнер сырын ұғынады.

B)Негізгі ойды табады, идеясын түсінеді. Мәтінді әңгімелеп береді.

  1. C) Өз ойларын жазбаша жеткізе алады, дәрежесі жоғары сұрақтарға жауап бере алады.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, бағдаршам көздері, конверт, қорап, стикер, маркер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық дайындық

Топқа бөлу. Себетте әрқайсысында лебіздер жазылған сыйлықтар салынған. Оқушылар қалаған сыйлығын алып, лебіздерді оқиды және таңдаған сыйлықтың түріне қарай топқа бөлінеді.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Галерияға саяхат» әдісі арқылы тексеру.

Екі топқа плакат беріледі. Тақырыпқа сай постер жасайды, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Сұрақтар:

  • Балалар еліндегі алты кейіпкер туралы қандай мақал білесің?
  • Еңбектің балалар өмірі үшін қандай маңызы бар?
  • Спорттың, оқудың пайдасы туралы не айтар ең?
  • Жұпыны өмір, мақрұм сөзінің мағынасы?
  • Жүрек жалғау, кемеліне келген сөзінің мағынасы ?
  • Қазіргі заманда балалардың тыныштығын бұзып, берекесін алатын не нәрсе? Комьютер, ұялы телефон.

Формативті бағалау.

  1. IY. Қызығушылығын ояту

Лездеме  сұрақтар топтамасын құру

1-топ

Сабақтың бастығы      мұғалім

Мектептегі басты адам      директор

Қырық бес минут   сабақ

Сабақтардың арасы    үзіліс

2-топ

Оқушының айнасы    күнделік

Білім ордасы    мектеп

Оқулықтар әлемі     кітапхана

Оқимыз, білім аламыз  кітап

Негізгі бөлім

«Джиксо» әдісі.

Мәтінді екі бөлімге бөлу,  өз  бетімен оқу.

«Джиксо әдісі» арқылы мәтінді талдайды, түсінеді. Оқуға, түсінуге 10 мин уақыт беріледі. Тапсырма төңірегінде топ оқушылары бір – бірімен әңгімелеседі. Содан соң топтан бір адам жалпы мәтінді түсіндіріп береді.

Мәтін мазмұны бойынша жоғары  және төмен дәрежелі сұрақтар дайындау.

Сыныппен диалог

  • Асылбектің осал жері не екен? Арамызда асылбек секілді кітап оқымайтын балалар бар ма? Бір күні қандай оқиға болды?
  • Асылбектің інісі туралы не айтасың? Сыныптас, парталас досы Жазира туралы не айтуға болады? Оның жақсы оқып кетуіне не себеп болды?
  • Кітапты сезімге беріліп оқу дегенді қалай түсінесің?
  • Оқығаныңнан тоқығаның көп мәтелінің мағынасын аш?

Сөздік жұмысы

Осал жері – әлсіз жері

Жүргізіп оқи алмау- жылдам оқи алмау

Сергіту сәті «Көршіңді біл»

Күлдіргі мысал ойлап жаз.

«Ұйқыбайдың кітап оқу әдеті»

Кейіпкерлері: Ұйқыбай,  ұйқы кітап.

Мысалдағы оқиға орны: үйде, мектепте, түсінде.

Қорытынды. «Бес жолды өлең» әдісі арқылы арқылы сабақты түйіндеу.

«Сұрақтары бар қорап»  әдісі

Сыныпта қорап қойылады, оқушылар  сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдырады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.

Үйге тапсырма. Мәтін бойынша жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар дайындау. Түсініп оқып әңгімелеу.

Бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып өздерін бағалайды.

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі

Нұрғалиева Индира Рамазанқызы

Б.Қ.О    Сырым ауданы

Жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп-балабақша

кешені