Сыныптан тыс сабақ «Абайтану» клубының іс шарасы

Өнеге сабағы

Сыныптан тыс сабақ

8 «А» сыныбы  «Абайтану» клубының іс шарасы

Пән мұғалімі :Зулпиева Ботакөз

Мерзімі :  22.09.18ж

Сабақтың тақырыбы: «Абай – дана, Абай – дара қазақта»

Сабақтың мақсаты: а) Абай өмірін оқытуды одан әрі жалғастырып,

білімін толықтыруға, ізденушілікке, зерттеушілікке ықпал жасау, бағыт беру.

ә) Абай шығармашылығын оқыту процесін халықтық педагогика үлгісінде тәрбиелеу.

1-жүргізуші

Жүрегін шарық ұрып жандырған кім?

Жырымен жан сусынынң қалдырған кім?

Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,

Мұра ғып кейінге қалдырған кім?

2-жүргізуші

Ерте оянып, оланып, ер жеткен кім?

Талабын жас қиялға өрлеткен кім?

Құба жоқ құбақан, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербенкен кім?

1-жүргізуші

Құрметті ұстаздар Сіздерді М.Мәметова атындағы №19 жалпы орта мектебінің оқушылары, әдебиет пәнінің үйірме мүшелері дайындаған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты өнеге сабағын көріп, тамашалауға шақырамыз.

2-жүргізуші

Атам қазақ салт-дәстүрінде өткен әруақтарға құран бағыштап, еске алып, тағзым ету дәстүрі бар. Біз бүгін ұлы тұлға Абай рухына тағзым етуді ұйғардық.

1-оқушы

Жүрегімнің бойына терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқтықсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма.

1-жүргізуші

Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абай – біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем. Абай – қазақтың бар жерінде туып, бар жерінің туны ұстап тұрған кемеңгер.

2-жүргізуші

Абай мерекесі – халық мерейі болып, Абай биіктеген сайын қазақ та биіктей береді. Сол биіктен көз жазбау – біздің парызымыз беп қарызымыз.

1-жүргізуші

Абай ата! Қасиетті ұлы абыз! Өзінің үміт еткен шөберелерін сіз туралы толғап, сіз туралы сыр шертеді.

2-жүргізуші

Қабыл ал, жас өрендеріңді, ақ батаңды бер біздің талабымызға. Жатқан жеріңнен, туған топырағыңның торқасынан тұрып, бір сәт болса ад бізге орал, ортамызда бол.

 

Көрініс: Абай мен Құнанбайдың қақтығысы.

 

1-жүргізуші

Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Сөзіңе құлақ салып, баға бермей,

Қисайып, қыңырайды жұртың ниетттес!

2-жүргізуші

Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,

Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.

Күз ашып, жұртың ояу болған сайын,

Хакім ата тыныш бол, қадірің артар.

 

Абайдың адамгершілік-лирикасындағы өлеңдері.

2-оқушы: Жасымда ғылым бар деп ескермедім.

3-оқушы: Әсемпаз болма әрнеге.

4-оқушы: Қалың елім қазағым қайран жұртым.

 

1-жүргізуші

Абай «Адам мен табиғат» деген мәңгілік тақырыпты асқан зор мәдениет тұрғысынан қарап шешеді. Осы орайда Белинскийдің «Әдеби армандар» атты еңбегінде: Ақын неғұрлым данышпан болған сайын табиғатқа тереңірек араласып, оны құшгағына тұтас қамтып алады. Сөйтік бізге табиғатты өмірімен барынша байланыстыра алып көрсетеді,- деген ойлары еске түседі. Өйткені, Абай да өз өлеңдерінде ьабиғатты адам қоғамынан аулақ алып жырламайды, қайта сол кездегі қазақ әлеуметтік жағдайлары, қоғаемдық тіршілігі, күн көріс әрекетімен байланыстыра суреттейді.

1-жүргізуші

Абайдың – табиғат лирикасында жазған өлеңдерін тыңдап көрейік.

5-оқушы: Жазғытұры

6-оқушы: Жаз

7-оқушы: Күз

8-оқушы Қыс

1-жүргізуші

Мынау Абай – бір ғалым жол шығарлық,

Замандасы болмады сөзді ұғарлық.

Амалы жоқ, айналды енді бізге,

Күн туды етегіне жабысалық.

2-жүргізуші

Сақ болалық, біәр шоқып бір қаралы!

Қарауылдар мезгіл қой, тұр қаралы!

Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан.

Жалыналық Абайға, жүр, баралық,

Білімді сол кісіден ізделік!

Әдейі іздеп келдік біз сізді делік.

Өмір зая болмасты өнер үйрет,

Ақылыңды аяма бізге делік.

1-жүргізуші

Абай сатирасының үшінші тобы – мысалдары. Рас, оның дені аударма. Бірақ аударма мысалдардың  өзін қазақ әдебиетінің төл туындысындай көруге қақымыз бар. Өйткені, олардың мазмұны, ой-пікірі Крыловтыкі болғанымен, баяндау әдісі, құрылысы тыңнан табылаған, жаңа шығармадай жазылған

2-жүргізуші

И.А.Крылов мысалдарының Абай аудармасын төл туындысы деуге екінші негіз – олар қазақ өміріне бейімделіп, сахара тіршілігіне үйлестіріліп аударылған. Қазақ тұрмысына сай емес образдар, есімдер халқымызға тән бейнелермен аударылған.

Абай мысалларынан «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын тыңдап көрелік.

1-жүргізуші

«Қарға мен түлкі» мысал өлеңінен қуыршақ теарты.

1-жүргізуші

Мынау тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне,

Ақыл-қайрат, білімді тең ұстаған.

Өр Абайдың түтеген кім бетіне?

Ақын атын таратқан әрбір тұсқа,

Өлеңменен өлмейтін салған нұсқа.

Арғын, найман сөзіне таңырқаған,

Қандай арман еді дейсің бұл туыста.

2-жүргізуші

Абай-ұлы! Ұлы Абай – мәртебем.

Абай жайлы сыр шертеді әр төбем.

Абай – дана! Кемеңгерім –мәртебем,

Қол соғады ұлы Абайға бар әлем.

1-жүргізуші

Бүкіл ел Абай дейді мақтанышпен. Абай туралы ұлылардың ойларын тыңдап көрелік.

9-оқушы: (Темірғали Нұртазин)

10-оқушы: (Әлікей Марғұлан)

11-оқушы: (Міржақып Дулатов)

1-жүргізуші

Ойшыл, дана, өнердің кемеңгері,

Кім бар жақын қазаққа сеннен гөрі.

Жан болмаса жұртымда дәл өзіңдей,

Әлемнің алыптары келер ме деі.

Дүниеде өнер атты от боп дандың,

Мәңглік қызуы бар шоқ боп қалдың.

2-жүргізуші

Көрікті көңілде жыр, қолда қалам,

Өмірдің өріне ермей қадам басқан.

Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,

Ол-Абай, мәңгі жасар ақын адам.

12-оқушы:

13-оқушы:

1-жүргізуші

Абай ғибраттары бүгінгі төбеңнен заң боп төніп те тұрған жоқ. Ол – тыңдаған, ұққын, түсінген адамға дос, серік. Абай мыңдаған, миллиондардың санасына өзінің шынайы сұлу, сергек, кіршіксіз таза қалпында дарығанда ғана дәру, бос қиялдан, уағыздан, ада нағыз өмірлік қағида, талғам болып қалмақшы.

2-жүргізуші

Кемеңгер бабамыздың  арман – мұңы бүгінгіге, болашаққа аманат. Ол әсіресе ғасырлар бойы сарыла күткен азаматық пен тәуелсіздіктің бүгінгідей кезеңде ерекше сипап алатыны аян. Сол үшін де Абайдың әр сөзі, тағылымы мен аманаты бізге қымбат.

1-жүргізуші

Құрметті ұстаздар біздің ұлы Абайдың 165 жылдығына орай дайындалған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты өнеге сабағын концерттік бағдарламамен ұластырамыз.