ЖАҢАРТЫЛҒАН БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДАҒЫ ПӘНДЕРДІ ОҚУ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДАҒЫ ПӘНДЕРДІ ОҚУ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ

Фазлыева Кульжаухар Кәкішқызы

      «Өрлеу» Ұлттық орталығы АҚ  Алматы облысы бойынша  ПҚ  БАИ

                                Алматы қ., Қазақстан Республикасы 

Қазіргі таңда бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған елдердің басты көңіл бөліп отырған мәселесі-оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, оқушыға жалпы бірдей қалыптасқан жан-жақты,  өмір тәжірибесіне ұштастырылған терең білім беріп,білікті маман даярлау.Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр.Білім беру саласы мен білімнің негізі барған сайын интерграцияланып, интернационалдық сипат алуда. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талапта жоғары. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет». Жаңа білім берудің негізгі мақсаты- білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда.Соған орай оқытудың әдіс-тәсілдеріде өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу, білім сапасын көтеру міндеті тұр.Мұғалімдерінің мектеп  оқушыларға  білім  беріп  қана  қоймай, сонымен  бірге  білімді  өз  бетінше  ала  алу, жинай  алу  әрекеттерін   де  меңгертуі  тиіс. Мұғалімге қойылатын жоғары талаптар өз мәнін жоймауы тиіс. Жүсіпбек Аймауытов былай деген: «Сабақ беру  үйреншікті, жай ғана шеберлік емес, ол жаңаны табатын өнер». Бұл мұғалімнің — функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  ісі  болып  саналады.   Осыған дейін беріліп келген дәстүрлі білім берумен салыстырғанда жаңартылған білім  беру бағдарламасы бойынша жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтатын болсақ,  пән мазмұнының  спиралді қағидатпен берілуі, Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясысабақ жоспарлау барысында пайдалана алуы,  бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың»  берілуі,  оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастырылуы. Сондай-ақ оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру, оқушының білім алу үдерісіне белсене қатысуын қалыптастыру болып табылады. Осы ерекшеліктерді жүзеге асыру барысында оқушы алған білімін өмірде қолдана отырып, жаҺандану жағдайында өз өмірін құра алатын тұлға қалыптастыру басты мақсат болып есептеледі.

Яғни  бала  бойында   бүгінгі  жаһандану  дәуіріндегі  заман  ағымына  қарай   ілесіп   отыру  дағдыларының  қалыптасуы, оқу   процесін  неғұрлым  икемді  етіп, практикалық  бағыттауға  мүмкіндік  береді.Оқыту  нысандары  мен  әдістерін  түбегейлі  жаңарту  мұғалім  мен  оқушы   арасындағы  әріптестік  және  достық  қарым – қатынастың  орнауына  ықпал  ететін  болды.

Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Орта білім беруде жалпы білім беретін мектептердің деңгейін Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу қажет. Мектеп түлектері қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін меңгеріп шығуы тиіс.  Оқытудың нəтижесінде оқушылар сын тұрғысынан ойлау дағдыларын, өз бетінше зерттеу жүргізу жəне ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруі тиіс». Олай болса, оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдерге үлкен  еңбек ету керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің мақсаты-адамды қолдау, дамыту, онда өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудің тетіктерін қалыптастыру. Сондықтан дәстүрлі оқытумен салыстырғанда, жаңартылған бағдарлама аясында берілген белсенді оқу әдісітерімен қатар шығармашылық тапсырмалаға бағытталған әдістерід тиімді пайдаланған жағдайда білім сапасы артады.

Жаңа білім беруді қалыптастыру нәтижесіне жету үшін, мұғалім білім берудің жаңа түрлерін пайдалануы қажетілігіне байланысты, міндетті түрде АКТ- құралдарына сүйенуі тиіс.Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық білім берудің негізгі интеграциалық құралдарын пайдалана отырып, оқушылардың ақпаратпен жұмыс іскерлігін, қалыптастыру, комуникациялық қабілетін дамыту, ақпараттық қоғамның тұлғасын дайындау,берілетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру, зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін    дамыту мақсаты туындайды.Сабақтың соңында кері байланыс жүргізу, оқушының пікірін тыңдау арқылы, мұғалім келесі сабаққа жоспар құрып дайындалып келуге мүмкіндік береді.                 Қорыта айтқанда, жаңартылған бастауыш білім беру мазмұны аясындағы пәндерді оқу мен оқытуда ұсынылған  жаңа  әдіс –тәсілдер  сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өздігінен білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты қорытындылау бөлімінде «Ортадағы қаламсап» стратегиясын қолдану арқылы оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдері тексерілді. Сабақ барысында оқушылар тапсырма орындауда топтық әңгімеде оқушылардың әрқайсысы диалогқа түсті, өз идеяларын, шешімдерін ұсынды, ауызша, жазбаша дәлелдеді, дұрыс пікірді құптап келісімге