Электр тоғы ойыншық емес!

Мерзімі: 12.11.2018ж.

 

Сабақтың тақырыбы: Электр тоғы ойыншық емес!

 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға электр тоғын пайдалану ережелері туралы түсіндіру, ойлауын дамыту, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

 

 

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу

 

Психологиялық дайындық

Анашым қатаң айтқан,

Тоққа барма, балақан!

Ол жерде электр тоқ,

Соғып қалар, қауіп көп.

 

Мұғалім: Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз-электр.

Электр-жарық көзі. Қазіргі кезде адам өмірін электр қуатынсыз елестету қиын, ал оның қауіпсіздігін сақтамау онан да қиын жағдайға әкеліп соқтырары сөзсіз, сондықтан қауіпсіздік ережелерін сақтай білу өзіңнің өміріңді сақтандырумен барабар. Соңғы кездері балалардың үзілген электр сымдарына ұрынып қалуы жиі байқалады. Дерек көздеріне жүгінсек, электр тогынан жарақат алушылардың саны жыл сайын арта түсуде, яғни жарақаттанушылардың үштен екі бөлігі осы топқа жатады. Балалар, электр тоғымен жарақаттануының алдын алу үшін төмендегі ережелерді білулерің керек: электр сымдары өтетін үй-жайлардың шатырына шығуға болмайды; электр сымдары тартылған бағаналарға шығуға болмайды; элетр сымдары тартылған бағаналардың астында отыруға, дем алуға, аялдауға болмайды; көшеде жанып тұрған электр шамдарын қиратуға және тіректердегі ажыратқыштарды сындыруға болмайды; электр сымдарына бір нәрсені іліп қоюға, лақтыруға болмайды. Үй жағдайында: токшәугім, үтік пен жұмыс істегенде қолың су болса айыршықты ұстау өміріңе қауіпті екенін ұмытпа! Бұзылып, істен шыққан тұрмыстық техникаларды өздігіңнен жөндеу орны толмас өкінішке әкелерін әрқашан есіңде ұста!

 

Ойын: «Тоқ сымдармен жүгіреді»

Тоқ сымдармен жүгіреді,

Бәрін іске келтіреді.

Теледидар, ноутбуктар,

Шаңсорғыш пен радиолар,

Телефон бар, фен де бар,

Күнделікті жарық бар,

Болмай қалса тоқ егер,

Не істейді адамдар?

 

Сабақты қорытындылау

Сақ бол балам, абайла,

Тоқ қаупі бар маңайда!

Тоқ соғады су болса,

Қолыңменен табаның.

Есте сақтау осыны,

Міндеті әр баланың.