Денсаулық-зор байлық.

 

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық-зор байлық.

 

Сабақтың мақсаты:  «Денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:    —   денсаулық күтімі туралы түмінік беру;

—   денсаулығын нығайтуға деген қызығушылықтарын дамыту;

—  денсаулығын күте білуге  тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар:Суреттер, кеспе қағаздар, интерактивті тақта т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық :  Суреттер бойынша оқушыларды топқа бөлу

1 топ: Жемістер

2 топ: Спорт

3 топ: Тазалық

 

Денсаулық   сөзін топтастыру.

 

Спорт      тазалық      күш         дұрыс тамақтану         демалыс

 

Денсаулық

 

Салауатты өмірсалты        Көңіл күй           күн тәртібі            таза ауа

 

Денсаулық туралы бейнебаян көрсету. iMektep денсаулық

Тазалық – саулық негiзi,   Саулық – байлық негiзi       Халық даналығы

Топтық тапсырмалар орындату.

І топ: Пайдалы және зиянды тағамдар туралы постер қорғату.

ІІ топ:  Жағдаяттарды шешу.

. Ертеде бір кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі жек көретін нәрсесі – қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында аяғында пайда болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады.

— Бұл не деп ойлайсыңдар? Суретін салу. Сабын , тіс пастасы, сүлгі т.б

ІІІ топ. Бірде жаттықтырушы ағай спорт секциясына келіп жүрген балалардан сұрады:-Спортпен не үшін айналысып жүрсіңдер?Сонда Марат бірден: -Мен спорттан өз атағымды шығару үшін ,тек сол үшін келіп жүрмін,-деді.

Қалай ойлайсыңдар? Мараттың жауaбы дұрыс па?

Денсаулыққа байланысты ереже құрастыру.

Күн тәртібін сақтау. Денені шынықтыру.т.б

 

Қорытынды:          Пицца әдісі.

  1. Тазалыққа қажетті заттарды ата.
  2. Дене күтімін қалай сақтау керек?
  3. Дымқылдап күнде сен,

Қолыңа сүйкесең.

Кетіп кір- ласың,

Тап-таза боласың.            (Сабын)

  1. Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
  2. Денсаулықты сақтау үшін достарыңа қандай кеңес бересіз?
  3. Қандай спорт түрлерін білесің?
  4. Жеке бас тазалығына қандай заттар жатады?
  5. Бүгінгі сабақтан қандай й түйдің?
  6. Дене жаттығуынан кейін қандай ережені сақтауымыз керек?
  7. Пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратып айт.
  8. Шомылған баланы,

Аймалап алады.

Сүртеді қолында,

Сүртеді жонынды    (Сүлгі)

  1. Аузы жоқ, көзі жоқ,

Тілі жоқ, өзі жоқ.

Бірақта тісі бар,

Басыңмен ісі бар.    (Тарақ)

 

 

Жалқаулықты сүймейміз,

Тап-таза боп жүреміз.

Әрқашанда бірігіп,

Салауатты өмір сүреміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебі

 

 

 

 

 

 

Сынып сағаты:

« Денсаулық- зор байлық  »

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген:  Бижанова Г.И.