Жаңартылған  білім беру  — мектеп өмірінде.

Жаңартылған  білім беру  — мектеп өмірінде.

Әлемде жаһандану үрдісі болып жатыр. Бұған  білімсіз қосылу мүмкін емес себебі, әлемдегі өзгерістер мен жаңалықтардың білім беру жүйесіне тікелей қатысы бар.
Ұстаздар қауымын толғандыратын да
— «Білім берудің мазмұнын жаңарту» мәселесі. Ұстаздардың міндеті – жеке тұлғаны жан – жақты  қалыптастыру.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы қазіргі таңдағы білім беру үдеріндегі мұғалімнің шеберлігін шыңдап, жаңа әдіс – тәсілдерді үйренуге, тиімді жолды басшылыққа алып, тұлғаның жетілуіне зор ықпалын тигізеді. Мектепте отырған тұлға білім иесі ғана болып қоймай, ол алған білімін өмірде қолдана білуі тиіс. Оқушыларды  заманауи әдіс – тәсілдермен оқытып, ой – өрісі кең, саналы азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы  себептен туындап отыр. Оқыту әдістері танымға қызығушылық тұғызып, оқушының  ақыл – ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге кеңінен ықпал етеді. №20 Алмалы орта  мектебінде жаңартылған  білім мазмұны бойынша 23 мұғалім арнайы курстан өтті. Бұл мұғалімдер сабақтарында критериалды бағалауды жүргізеді. Жаңартылған  білім беру  мазмұнының басты талабының бірі – баланың функционалды сауаттылығының қалыптастыруы. Оқушының логикалық ойлау қабілетін жан – жақты дамыту оқушылар өзінің мектеп қабырғасында  алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек, қолдана алу керек. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, №20 Алмалы орта мектебінің мұғалімдер қауымы  тынымсыз еңбек етуде. Курстан өткен  мұғалімдер жан – жақты, шығармашыл, ізденудің арқасында жақсы нәтижелерге жетіп отыр.
Қорыта айтқанда, жаңартылған білім беру бағдарламасының  жаңаша оқыту жүйесі нағыз жаңа ғасырдың білікті ұстазы мен бәсекеге қабілетті, рухани дамыған тұлғаны даярлаудың қайнар көзі деп білемін.
Қазіргі педагог инновациялық – педагогикалық әрекеті үшін, өз біліктілігін үнемі жетілдіріп, кәсіби құзыреті жоғары болу шарт.