Мәтінді мұқият оқып, оның жанрлық ерекшелігіне талдау жасаңыз

7 сынып

 

Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, оның жанрлық ерекшелігіне талдау жасаңыз.

 

«Адамды адам еткен — еңбек» десек, қазіргі кезде еңбек адамы деп кімді бағалаймыз.

Осы орайда шығармашыл тұлғаға төмендегі сауалдарды жолдаған едік:

— Еңбек адамы дегенді қалай түсінесіз?

— Менің ойымша, еңбек адамы — ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам. Өзінің табысын

маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам. Ол дихан бола ма, малшы бола

ма, жазушы бола ма, актер бола ма, бәрібір. Еңбек адамы кез келген салада болу керек.

— Қазіргі қазақ қаламгерлері, режиссерлері еңбек адамының образын жасады ма?

— Бүгінгі таңда театрда еңбек адамы толықтай сомдалған жоқ. «Еңбек адамы» десе,

далада жұмыс істеп жүрген жанды көрсетуге тырысады. Бір кездері тамаша очерк жанры

болған. Ол уақытта әрбір журналист еңбек адамы туралы очерк жазатын. Елге баратын,

солардың еңбегін көретін. Ал қазір тарихи шығармаларға көбірек бет бұруда. Адал еңбекті

насихаттайтын шығармалар жазылып, фильмдер түсірілсе жақсы болар еді.

 

  1. Мәтіннің жанрын анықтаңыз.

А) мақала

В) әңгіме

С) сұхбат

  1. D) очерк ( 1 )

 

  1. Жанрға тән екі ерекшелікті жазыңыз. ( 2 )

 

  1. «Неліктен адамдар мамандығына сәйкес келмейтін жұмыстармен айналысады?» деген

тақырыпта пікір білдіріп, 2 аргумент келтіріп, эссенің негізгі бөлімін жазыңыз.                ( 3 )

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 сынып

 

1-тапсырма

Спортттың кез келген түрін  әңгімелеп беріңіз. ( Бокс,футбол,волейбол,күрес,хоккей т.б.)       ( 2 )

 

2-тапсырма

Берілген күрделі сөздерді дұрыс жазып, түрлерін ажыратыңыз.

Кербез сұлу, ағайын туысқан, бүгін, ТМД, қараторы, ұл қыз, бел-беу, киім кешек, см, таң

ертең, ҚазМҰУ, пед-колледж, қолөнер, Ақан сері, күнде күнде, құлақ-салды, білезік, ауылаймақ,

нұрлы жол, АҚШ.

Сөз тіркесі Қос сөздер Біріккен сөздер Қысқарған

сөздер

 

 

 

     

 

3-тапсырма

Сөйлемдерден оқшау сөздерді тауып, тыныс белгілерін қойыңыз.

— Негізінде жағдайымыз онша жақсы емес.

— Тыңда дала Жамбылды.

— Алақай келгенің жақсы болды.

— Пай-пай Нұржан-ай тіліңіз қандай ащы!

— Сапарың құтты болсын қарағым!

— Менің ойымша бұл дұрыс шешім.                                                                                                  ( 1 )

 

4-тапсырма

Берілген жай сөйлемдермен ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас

сөйлемдерді құрастырыңыз.

  1. Далада жел соғып тұр. Сiркiреп жаңбыр жауып тұр.
  2. Ән басылып қалды. Гитара сазы тоқталған жоқ еді.
  3. Сабақ бізге ұнағаны соншалық. Уақыт өткенін білмей қалыппыз. ( 1 )

 

5-тапсырма

Салалас құрмалас сөйлем түрлерін қолданып, «Қазіргі сән туралы менің ойым»

тақырыбында эссе жазыңыз. Күрделі сөз түрлері мен оқшау сөздерді дұрыс жазыңыз.           ( 2 )