Ана — өмірдің шуағы

Тақырыбы: Ана  — өмірдің шуағы.
Мақсаты: 8 — наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік жанды қыздарды сыйлауға үйрету. Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу. Аналарына деген балалық махаббатқа, ер балаларды қыз балаға деген қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Құттықтау плакат, гүлдер, шарлар.
ТСО: Магнитофон, үнтаспа
Барысы:

Мұғалім: Құрметті асыл аналар, қыз — қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар мерекелеріңізбен құттықтаймын. 8 — наурыз — тамаша мереке, көктем — мерекесі, табиғаттың оянатын мезгілі. Бұл күні ең жылы сезімдер – қайырымдылық пен кішіпейілділік, үміт пен сенім, махаббат пен адалдық бірігеді. Осы тамаша күнге орай ұйымдастырылған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Балалар бәрі: Құттықтаймыз анашым, 8 — ші Наурызбен!!!

Мұғалім: Уа, ағайын, ағайын.

Көктем келді жайнаған.

Бау — бақшада бүгін той.

Қош келдіңіз ағайын.

Раушан гүлдер жайнаңдар.

Гүлдей жайнап тұрыңдар.

Құттықтаймыз сіздерді.

Мерекеңмен бүгінгі.

 

1 — оқушы: Ердос

 

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

Хор: « Ана »

 

Мұғалім:

Ақ анашым, аппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.

(Балалардың тақпағы айтылады)

 

 1 – оқушы:

Ана деген – ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Қасында кім болса да,

Тек анаңа жақынсын!

2 – оқушы:

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың,

Еңбегіңді ақтайын

Аман болшы анашым!

3 – оқушы:

Бал бөбегім баптаған.

Мамам үшін мақтанам!

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын жақсы адам

4 – оқушы

Ақ қабақты анашым

Күн көкірек мамашым

Ақ сүтінен суардың

Бөбегіңнің санасын

5 – оқушы:

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.

Келтірген дүниеге нелер дана

Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

6 – оқушы

Анаң болса қасында

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет

7 – оқушы:

Менің әжем, гүл әжем

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін

Нағыз ана тілі – әжем.

8 – оқушы:

Құтты болсын, ардықты ана

Асыл анам меркең,

Құтты болсын теңдік алған.

Қуанышты берекең

9 – оқушы:

Тосып тәтті дәмдерін,

Ол бар жерде бал жедім.

Мен ұйықтарда айтады

Ертегісін, әндерін.

Біздің үйде осындай

Әжетайым бар менің

 

Мұғалім: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық «Өзбек биін»

 

Би: «Өзбек биі»

 

Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған,

Даламның әр гүлін

Жинадың сен маған.

— Сен бердің құстардың

Қанатын самғаған

Балалық құштарың

Өзіңе арналған, дей келе келесі кезекті әнге береміз

Ән: Берікұлы Самат «Ана туралы» әніне береміз.

 

 

Мұғалім: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. Олай болса, аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.

Ойын: «Аялы алақан»

Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларының тапқызу.

  1. «Анамның дауысы» ойыны.

Құрметті аналар, қазір сіздер бір — бірлеп, өз балаңызды шақырасыз. Мысалы, ұлым немесе қызым деп, ал атын атамайсыздар. Қай бала анасының дауысын таниды екен?

 

Мұғалім: — Барша аналарға арнаған оқушыларымыздың  үнді биін тамашалаңыздар.

 

Мұғалім: сыныбыздың оқушысы Қалмурат Ердостың Ана сен бақыттысын өленің тамашалаңыздар:

 

Мұғалім: Сыныбыздың өнерге ғашық баламыз Шыңғысұлы Әлиханның орындауындағы  әнді қал алыңыздар.

 

Көктем вальсі:

 

 

 

 

 

 Мұғалім: Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүл — аналар,
Ана деп бас иеді бүкіл күллі халық!
Құрметті аналар, мерекелеріңіз мерекеге ұлассын! Білімді де сүйкімді, өнерлі де сымбатты қыздарыңыз бен ұлдарыңыздың қуанышына тоймай, ұзақ өмір сүріңіздер!
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана –  өмірдің шуағы !» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңызда