Ұстазым-ұлағатым шығарма

Ұстазым-ұлағатым

Мен биыл 1сыныпқа бардым. Жаңа мектеп табалдырығын аттадым. Сынып жетекшіміз Ақмұнар Болатқызы алдымнан күлімдеп қарсы алды. Мектептің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Жазуды, оқуды үйретті.

Міне, екінші тоқсанда аяқталуға таяп қалды. Мен мәтінді оқуды, есеп шығаруды толықтай меңгеріп алдым. Бұл апайым Ақмұнар Болатқызының еңбегі деп білемін.

Ақмұнар Болатқызы білімді ұстаз. Өте мейірімді. Сабақты қызықты өткізеді. Мен осындай ұлағатты ұстазым болғанын мақтан тұтамын.

 

Жанерке Жоламан

№ 73 жалпы білім беретін орта мектептің 1 а сынып оқушысы

Сынып жетекшісі Ерлепесова Ақмұнар Болатқызы