Қазіргі заманғы бастауыш класс мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін жетілдірудегі ерекшеліктер

<ХХIғасырда білімі дамыған елдің тығырыққа тірілері сөзсіз > делінген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылғы 18-ші ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында. Бұл мәселе, ең бірінші жалпы білім беретін мектептерге және оқушылар болашақта жақсы маман, білімді азамат болуына ең басты жауапты адам -мұғалімге байланысты екені баршамызға мәлім. Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді. Қазіргі заманның ұстазы, ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып төл мәдениетін қастерлейтін сыйлайтын, оны өзгеге таныта, сыйлата алатын, дүние жүзілік мәдениетті танитын, рухани дүниесі бай интелектуальдық деңгейі жоғары, білімді білікті болуы керек. Ұстаздың оқу- тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп ой сезіміне әсер ету үшін:

Біріншіден, саяси сауатты жан- жақты білімді болуы.

Екіншіден, өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін, шеберлікпен жеткізе білетіндей әдіскерлік икемділігі.

Үшіншіден, оқушы психикалық ой — өрісін бақылай алатын сезімтал психолог, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілігі қажет. Сонда ғана ол- нағыз ұстаз.

Сондықтан мұғалімге мынадай талаптар қойылады

  1. біліктілігін үнемі көтеру
  2. кәсіптік табыстары рейтінгісінің жылдар бойынша өсуі
  3. әдістемелік жұмыстары
  4. кәсіптік жаңашылдық қызметі
  5. кәсіптік тұлғасы: мәселені анықтай алуы, жобалар құра білуі, өз қызметі бойынша есептер, жаза алуын, төзімділігі, адамның рухани, психикалық саналары, қарым- қатынас шеберлігі.
  6. пән бойынша сыныптан тыс жұмыстары
  7. қоғамдық педагогикалық қызметі

Шығыс даналығы: “Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар. Істеуін көрсетіп берсең, үйреніп аламын “ деген екен. Бұл баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту, үйрену деген сөз. Сабақта бала, көбінесе білімді қабылдап алушы, көп объектінің бірі деп есептеледі, олардың ерекшеліктері жеке ашыла қоймайды. Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Сондықтан мұғалімнің ең басты мақсаты:

1.әр баланы тұлға ретінде қабылдау

  1. оның жеке тұлғаның қасиеттерін анықтап, ашу
  2. бұл қасиеттерін пайдалануға мүмкіндік туғызу

Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі- Жаңа технологиялар. Әлемнің бірнеше елінде сынақтан өткізілген жаңаша оқыту 4  бағытты қамтиды:

  1. модельдік технология
  2. рейтингтік жүйе
  3. дамыта оқыту технологиясы
  4. сыни тұрғысынан ойлау

Әрбір технология өзіндегі жаңа әдіс -тәсілдермен ерекшеленеді. Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру тиімділігі- мұғалімдер аясындағы үлкен міндет. Бұл әрбір мұғаліммен тынымсыз ізденісті оқытудың жаңа формаларын әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.

Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасының негізгі философиясы- ашық қоғамда өмір сүретін тұлға қалыптастыру . СТО дамыту технологиясы бойынша жұмыс жасағанда оқушылар  өз алдына қойған сұрақтарға жауап іздеп, жан- жақта пікірлесіп талдау жасап отырады. Оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы оқушымен пікірлесу, топтасу. Сыни тұрғысынан ойлау мәселесіне байланысты. Оқушылар өз пікірін еркін сөйлеу арқылы айтуға, ойын жеткізуге, оны дәлелдей алуға, сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін де тыңдауға сол пікірлерді салыстыруға, басқалармен жұмыс істеуге, қасындағы досына құрметпен қарауға, зер салып тыңдауға, мәдениетті батыл сөйлеуге топпен ортақтасып бір тұжырымға келуге мүмкіндік алады.

Сыни тұрғысынан ойлай технологиясының философиясының терең түсініп пайдаланған кезде мынадай жетістіктерге жетеді:

  1. оқушылар мәселесінің ең негізгі жүйесін табуға дағдыланады
  2. өз бетінше ізденуге үйренеді
  3. сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беруге үйренеді
  4. тақырыпқа деген жан- жақты түсінігін. өзекті мәселеге терең барлауға бағыт береді
  5. ой идеясының ішкі астарына үңілуге, өзекті мәселеге терең барлауға бағыт беріледі
  6. оқушылардың шығармашылық белсенділігі және сыни тұрғысынан ойлау әрекеттері бағаланады
  7. ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге дағдыланады
  8. сыни тұрғыдан ойлай отырып өзіндік белсенділіктің болуы да қиындылыққа төзуді үйретеді.

Ақпараттың оқытудың тиімділігін төмендегі  бағыттарға бөлуге болады. бірінші бағыт білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттың технология оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

Қазіргі заманғы  білім беру технологияларының  іске асырудағы механизмдердің бірі-интерактивті тақтамен сабақ өткізу. Ол оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, интелектуалдық, шығармашылық белсенділігін, дарындылығын дамыту. Ұстаз үшін шеберлік пен сауаттылығын арттыра отырып, даму бағытына сәйкес ізденімпаздыққа үйрету құралы болып табылады.

Бұл тақта 3 бағытта жұмыс атқарады:

1) .Компьютер ретінде жұмыс жасайды, яғни электрон оқулықтарын үлкен экранда көрсете отырып пайдалануға интернет арқылы жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

2).Тақта «Star Board» бағдырламасы арқылы жұмыс атқарады, яғни керекті құралдар, суреттер, бейнехабарлар дайындалғын құжаттар, фигуралар, бояулар, карталар т.б.көптеген мүмкіндіктер сабақтар пайдалануға болады.

3). Жай тақта ретінде қолданылады, яғни тақтаның түр-түсін әр қилы өзгерте отырып жазу тақтасы ретінде падалануға болады.

Ақпаратты технологиялар бойынша лабороториялық  жұмыстар жүргізу, приборларды арнайы бағдарламалар арқылы компьютерге қосу, электрон оқулықтарымен жұмыс жасау. Осындай жұмыстарды іске асыру – әрине, ұстаздың компьютерлік сауаттылығының арқасында