оқыту және  оқу  әдістемесіне өзгеріс  енгізудің қажеттілігін  негіздеу

Тақырыбы

Кіріспе: оқыту және  оқу  әдістемесіне өзгеріс  енгізудің қажеттілігін  негіздеу

1-сабақ: Бірлескен және  топтық  жұмыс. Топтарда жұмыс  жүргізу  әдістемесі.

2-сабақ: Сыныптағы оқу  үдерісі мен  ондағы өзгерістерді басқару  және  оқу  әдістемесіне  өзгеріс  енгізу  қажеттілігін  негіздеу. Мұғалімдер  мен  оқушылардың  көзқарастары.

Мақсаты: Мұғалімдер топтық  жұмысты  ұйымдастыру  әдістемесіне  талдау  жасайды және ынтымақтастықта  оқыту  туралы  қорытынды шығарады.

Менің бірінші сабағым 13 қаңтар айында болды.

Мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып және оны қолдап отыруы қажет, сонымен қатар, тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру керек.  Әрі топтың  тиімді  жұмысына  қолдау  көрсетіп,  оңтайлы  нәтижелерге  қол жеткізуге ықпал етулері керек. Сыныппен  жұмыс істеу  барысында  неге  қол  жеткізетіндерін  және нені  білу жоспарланғандығын, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытуменқалай  байланысты  екендігін  талқылауды  қамтуы  тиіс.

Мұғалім мен оқушы белгілі нәтижеге жету үшін жүйелі жұмыс атқарса ғана оқыту және тәрбиелеу әдісі өз нәтижесін береді. Оқытудың барлық жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Оқыту үрдісінде пайдаланған әдіс-тәсілдерді меңгере отырып  оқушының өзіндік ой-түйіндерін дамытуға тырысу керек.

Мен өз тәжірибем арқылы сыныптағы оқушылардың білім дәрежесіне қарай топтап оқытудың нәтижелі болатындығына, балалардың сабаққа деген ынтасы,белсенділігі арта тусетініне анық көздерін жеткізу үшін мұғалімдермен топтық жұмыс өткіздім. Мұғалімдер постер қорғап, берілген тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін жетілдіре түсті. Қызығушылықтары арта түсті.