Білімпаздар сайысы

Тақырыбы: Білімпаздар сайысы:

 

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың сабақта алған білімін күнделікті өмірде пайдалана білуге дағдыландыра отырып дүниетанымын қалыптастыру.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

 

Сайыстың жоспары:

 

  1. Сәлемдесу.

2.Сырлы сұрақтар.

3.Мақал мәтелдер.

4.Ол не?Бұл кім?

5.Ия-Жоқ

6.Арайлы астаналар.

7.Жұмбақтар әлемі.

 

 

  1. кезең екі тпотың сәлемдесуі «Сәлемдесу кезеңі».

 

2 кезең «Сырлы сұрақтар»

 

1 топтың сұрақтары.

 

1.Ұлы географиялық  ашылулар ғасыры. (XV-XVII ғ.ғ.)

2.Алғаш глобусты жасаған кім? (М.Бехайм)

3.Жердің өзегі қалай аталады. (Ядро)

4.Карталар масштабына қарай нешеге бөлінеді. (3)

5.Тау жыныстарын нешеге бөлеміз?(3)

6.Ең биік жанартау. (Ключи шоқысы)

7.Температураны немен өлшейді? (Термометр)

8.Ең биік тау. (Гималай)

9.Өтпелі климаттық белдеулер. (Субарктикалық,субтропиктік,субэкваторлық)

10.Ең терең көл. (Байкал)

 

2 топтың сұрақтары.

 

  1. Карталар мазмұнына қарай нешеге бөлінеді? (2)

2.Дүниені алғаш айналып шыққан саяхатшы. (Ф.Магелан)

3.Көкжиек тұстарын немен анықтаймыз? (Тұсбағар)

4.Таулар биіктігіне қарай нешеге бөлінеді? (3)

5.Жердің тіршілік қабаты қалай аталады. (Биосфера)

6.Тұсбағардың  толық шеңбері қанша градус. (360 0)

7.Қардың қалыңдығын немен өлшейді? (Сырық)

8.366 күннен бітетін жылды қалай атаймыз? (Кібісе)

9.Ең ылғалды климаттық белдеу. (Экваторлық)

10.Ең үлкен көл. (Каспий)

 

3 кезең  «Мақал –мәтел»

 

  1. Қыз өссе елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі.  (Жер туралы 5 мақал жалғастырып айту)

 

 

2.Жаңбыр жауса ел ырысы,

Батыр туса ел ырысы.    (Ел туралы 5 мақал жалғастырып айту)

 

4 кезең  «Ол кім?  Бұл не?»

 

1.Семен Дежнев

2.Цунами

3.Герард Меркатор

4.Гхор

5.Миклухо Маклай

  1. Тар

7.Раул Амундсен

8.Виктория

9.Тоқтар Әубәкіров

10.Уран

11.И.Ньютон

  1. Қысым

13.Ш.Уәлиханов

14.Құс жол

15.Ә Қастеев

16.365

17.Қ.Сәтбаев

18.Тайфун

19.Эратосфен

  1. Гольфстрим

 

5 кезең  « Ия-Жоқ»

  1. Қойөгіз өсімдік пе? 1.Үнді халық па?

2.Лама өсімдік пе?                            2.Мулаттар нәсіл  ме?

3.Брахмапутра халық па?                 3.Суматра арал ма?

4.Еділ(Волга) ма?                             4.Каспий теңіз бе?

  1. Миичиган көл ме? 5.Мадагаскар шөл ме?

6.Самбо нәсіл ме?                             6.Зонд арал ма?

7.Қытайлар аз ба?                             7.Кюсю  арал ма?

8.Иран көрші ме?                              8.Карибу аю ма?

9.Амазонка ойпат па?                                   9.Атлас карта ма?

10.Ориноко тау ма?                          10.И.Ньютон дәрігер ме?

6.Арайлы астаналар.

Италия-Рим                          Нигер-Ниамей

Украина-Киев                      Чили-Сантияго

Марокко-Рабат                     Куба-Гавана

Чехия-Прага                          Польша-Варшава

 

 

 

  1. Жұмбақтар әлемі

 

1.Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жасы тамып барады.    ( Бұлт)

 

2.Аумаған қар жаумаған қар,

Таңертең бар,сәскеде жоқ. ( Қырау)

 

  1. Су толтырған суық бауырсақ,

Көкте піскен жерге тұскен.  ( Бұршақ)

 

4.Қатар тұрған қос табақ,

Түрлі түсті зер табақ.

Мән беріп оған қарасаң,

Аларсың одан көп сабақ.  (Жарты шарлардың картасы)

 

5.Үш әріптен тұратын елдер тобы,

Бәрін қоссаң болады он екі өзі.

Өзіндік тілдері мен мәдениеті,

Айта ғой тапқыр болсаң келді кезі.(ТМД)