Тыңдау және бақылау,зейін тұрақтылығын дамытуға арналған психологиялық ойын-жаттығу сабағы
Тыңдау және бақылау,зейін тұрақтылығын дамытуға арналған психологиялық ойын-жаттығу сабағы.
Өткізілген күні : 23.10.2018ж.
Өткізілген топ : «Жұлдыз»
Мақсаты : Тәрбиеленушілердің көріп,есту арқылы қабылдауын дамыту,қиялды елестете білуге үйрету.
Міндеті : Көріп есте сақтауды дамыту.
Қажетті материалдар : лента.
- Сәлемдесу .
Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып,психолог лентаны бір саусағымен іліп алып өз есіміне жылы сөз қосып айтып,қасындағы балаға береді.Жаттығу осылай жалғаса береді.
- «Бейне» жаттығуы.
Балалар өздерінің сүйікті жануарларын пантомимикамен салулары қажет.Психолог балаларға 2-3 минут уақыт береді,қалған балалар не салады соны табады.Егер жауап дұрыс болса бала неге сол жануарды жақсы болады соны сөзбен айтып береді.
- «Салат»саусақ ойыны.
Психолог балаларға сәбізді алып тазалаймыз –оң қолды жұдырыққа түйіп сол қолдың алақанына ысқылайды.Үккіштен өткізіп үгіп майдалаймыз-екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап,жоғары-төмен қозғаймыз.Қант сеуіп дәмдейміз-саусақ ұштарымен қант себеді.Міне дайын нәр тағам-екі қолын алдына жайып көрсетеді.
Педагог – психолог Ж.Д.Рамазанова