Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен  олимпиадаға қатысушылардың  жұмыстарын бағалау  критерийлері мен  дескрипторлары:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен  олимпиадаға қатысушылардың  жұмыстарын бағалау  критерийлері мен  дескрипторлары:

І тур. Шығарма.

  1. Шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығы- оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыс – бұрыстығы, дәлелділігі, негізгі ойды жеткізе алуы;
  2. Ой – пікір жүйелілігі — шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы, әдеби материалды мақсатты пайдалана білуі;
  3. Стиль- тақырыпты ашуға байланысты оқушының ойын қалай жеткізгендігі, сөйлемдерінің оралымдылығы, сөз қолданысы, сөйлемді дұрыс құруы;
  4. Грамматикалық сауаттылық –емле;
  5. Тыныс белгісіне байланысты  сауаттылығы бағаланады.

Әр бөлімге ең жоғары ұпай саны – 10.

 

  1. Шығарма көлемі мен уақыты:

5– сынып – 0,5-1 бет;

6 — сынып – 1-1,5 бет;

7 — сынып – 1,5-2 бет;

8 — сынып – 2-3 бет;

9 — сынып – 3-4 бет;

10 — сынып – 4-6 бет;

11 — сынып – 6-8 бет;

 

ІІ  тур.

 

Екінші турға  бірінші турға  қойылатын  ұпайдың  кемінде  жартысын  (25 ұпай)  жинаған  оқушылар қатыса алады.  Екінші  турға  қатысушыларға  қазақ тілі мен әдебиетінен  5 сұрақ қойылады.

 

І,  ІІ тур бойынша  жауаптарды  бағалау  дескрипторлары:

9-10 ұпай –жауабы ерекше, жауап барысында  мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен  деректерді келтіре отырып,  терең  білім алғанын  байқатады;

7-8 ұпай- сұраққа толық  жауап  берілді, кейбір  қосымша мәліметтер  келтіре білді;

5-6 ұпай- жауап  барынша толық  болмады, терминдерді  түсіндіруде, анықтамалар  мен ережелерді  айтуда, сөйлем  талдауда кейбір қателер  кездесті;

3-4 ұпай- жауабы  толық  емес, дөрекі  қателер  кездесті.

1-2  ұпай-сұраққа жауаптың  қатысы жоқ.

 

Шығармада грамматикалық сауаттылықты бағалауда    әрбір қате үшін  бір ұпай шегеріледі.

 

Дайындаған    Жаңабаева А

Қазақ тілі мен әдебиетінен  пәндік  олимпиада  материалдары

8- сынып

І  тур. Шығарма.

  1. Көне күндерден жеткен  жәдігерлер (Ежелгі  дәуір  әдебиеті)
  2. ”Еділдің бойы  ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім…“  (Махамбет  поэзиясының  өршіл рухы)

  1. Менің тілім: Кеше. Бүгін. Ертең.

ІІ  тур

Пән атауы Мазмұны
1. Қазақ әдебиеті  ”Тілімнен көп жапа шектім, есебім,

Бас кесілмес үшін  тілді кесемін!

Сөзіңді бақ, тісің сынып қалмасын!

Үзінді кімнің  шығармасынан алынған? Ақынның  шығармашылығы, оның ой – толғаныстары туралы айтыңыз.

 

2. Қазақ әдебиеті Пейзаж. Портрет.
3. Қазақ  тілі Әрбір дұрыс жауап үшін 2 ұпай беріледі.

1.      Жайылма сөйлемді көрсет.

А) Қонақтар жаудың алысқа шегініп кеткенін естіді.

Ә) Аңшы аттанып кетті.

Б) Әсем, Абзал және Айғаным түрегеліп келеді.

2. Сызықша  қойылатын орынды көрсет.

А) Хатты аман тапсырса игі.

Ә) Тіл  арыстан  есік баққан  ашулы.

Б) Бұл есік  бұрыннан ашық  ты.

3. Анықтауыштың қай сөз табынан екенін тап.

Өмірі  осы өлкеде  өтіп келеді.

А) Сын есім

Ә) Зат есім

Б) Есімдік

4. Қаратпа сөзді тап.

Жүрегім мен зарлымын  жаралыға,

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

А) Сұм өмір

Ә) Жүрегім

Б) Мен

5. Бастауышы  болмай, оның  бар-жоғын  баяндауышына  қарап  айырып  алуға  болатын  сөйлем:

А) Толымды сөйлем

Ә) Толымсыз  сөйлем

Б) Жақсыз  сөйлем.

 

4. Қазақ  тілі

(Әр қатеге 1 ұпай шегеріледі.)

Морфологиялық талдау жаса.

Төпелеп  жауған қар  алғашында  қызық әрі әдемі болып  көрінген.

5. Тіл  мәдениеті. Білім – зор құрал

Дайындаған   Жаңабаева А

Қазақ тілі мен әдебиетінен  пәндік  олимпиада  материалдары

9- сынып

І  тур. Шығарма.

1.Батырларға  серік  болған  арулар ( батырлар жырындағы  әйелдер  бейнесі)

  1. ”Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы…“ (Ұлы Абайдың  поэзия жайлы толғамы)
  2. Атырау – мұнайлы Астана

ІІ  тур

Пән атауы Мазмұны
1. Қазақ әдебиеті   Тартқан сымнан  жіңішке

Үзіліп кетпей неғып тұр.

1.      Үзінді қай жырдан алынған? Кімнің бейнесі сомдалған? Қандай көркемдік тәсіл қолданылған?

 

2. Қазақ әдебиеті   А) сарказм

Ә) Төрт түлік малға  қатысты туған мақал –мәтелдер

4-5 мысал келтіріңіз.

3. Қазақ  тілі

Әрбір дұрыс жауап үшін 2 ұпай беріледі.

1.      Қазақ КССР Тіл туралы Заңының қабылданған жылы?

А) 1989 жыл

Ә) 1991 жыл

Б) 1995 жыл

2. Ғылыми стильге  тән емесін көрсетіңңіз.

А) Ғылыми әдебиеттер мен еңбектер жазылады.

Ә) Ғылымның  белгілі бір саласына  тән  терминдер

мен кәсіби сөздер көптеп кездеседі.

Б) Экспрессивті сөздер мол болады.

3. Анықтауыштың  сұрақтары бар қатар:

А) Қашан? Кайда? Қандай?

Ә) Кімнің? Ненің? Кімдермен?

Б) Кандай? Кай? Қанша? Неше? Кімнің? Ненің?

4. Дүниежүзінде ең көп тараған тіл:

А) Қытай

Ә) Ағылшын

Б) Араб

5. ”Құтадғу  білік“ кімнің  еңбегі?

А) М. Қашқари

Ә) А. Йассауи

Б) Ж. Баласағұни

 

4. Қазақ  тілі

(Әр қатеге 1 ұпай шегеріледі.)

Морфологиялық талдау жаса.

Қарт шешесі, қоңыр ғана  келіншегі  бар екен.

5. Тіл  мәдениеті.  Тәуелсіздіктің  нұрлы таңы

 

Дайындаған   Жаңабаева А

 

Қазақ тілі мен әдебиетінен  пәндік  олимпиада  материалдары

10- сынып

І  тур. Шығарма.

  1. Шортанбайдың замана туралы толғаулары
  2. Жасын ғұмыр жарқылы (Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылық қызметі)
  3. Ұстаз болу – жүректің батырлығы

ІІ  тур

Пән атауы Мазмұны
1. Қазақ әдебиеті    ”…Көкіректе сәуле  жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен  көрген  біздің  хайуан  малдан неміз артық? Қайта,  бала күнімізде  жақсы  екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен  деген адамның  баласы екенбіз. Енді  осы  күнде  хайуаннан  да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды ”

Үзінді кімнің, қай  шығармасынан келтірілген?

Мазмұны  туралы  қысқаша баяндаңыз.

 

2. Қазақ әдебиеті  Ирония
3. Қазақ  тілі

Әрбір дұрыс жауап үшін 2 ұпай беріледі.

 Сұрақтарға  жауап  беріңіз:

1.      Орта түркі  дәуірінің  Қараханид кезеңіне жататын  жазба мұра?

Орхон – Енисей  жазба ескерткіштері: Хорезмидің  ”Мұххабатнамесі“, Рабғузидің  ”Қисса-сул әнбиясы“; Қожа Ахмет  Йассауидің  ”Диуани хикметі“.

2.      Шамамен ХУ ғасырдан ХХ ғасырдың  басына дейінгі  аралықта  қызмет еткен  қазақтың  ескі  жазба  тілі  қандай  әліпби  негізінде  болды?

3.      Ресми іс қағаздар  стилінің  қолданылатын  орындарының  бірі:

А) газеттерде

Ә) зерттеулерде

Б) сот процесі кезінде

 

4.      Ботагөз; Амангелді сөздері  қандай  қағидат  бойынша  жазылған?

А) айырым қағидаты

Ә) Тарихи-дәстүрлік қағидат

Б) Фонетикалық қағидат

5. Тілдегі  сан алуан  варианттарды  талғап- таңдауда  аса қатаң     талап  қойылмайтын  әдеби  тіл нормасы:

А) қатаң  норма

Ә) босаң  норма

Б) әдеби норма

4. Қазақ  тілі

(Әр қатеге

1ұпай шегері леді)

   Морфологиялық талдау  жасаңыз:

Бізді  Жазылбек  ата он қанатты боз  үйдің  тұсында  тұрып қарсы алды.

5. Тіл  мәдениеті.   Отанды  сүю- иманнан

Дайындаған  Жаңабаева А

11-сынып.

І тур. Шығарма.

1.Ілияс Жансүгіров шығармаларындағы өнер және өнерпаз тақырыбы (туғанына-120 жыл)

  1. .«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы-халқымыздың ұлы мұраты
  2. Айналаң-аялы алтын бесігің (экология тақырыбы)

ІІ  тур.

Пән атауы Мазмұны
1. Қазақ әдебиеті ”Милығына түскен  бөркін  жоғарырақ  көтеріп  қойып, қаракерді бір тебініп, шаужайлап  жіберіп, маған  қатарласып:

—          Тым бері  бұрыла бермеңіз, күнбатысқа  таман  жүрейік,- деді.

—          Сіз  кейін  қалған соң, мен алдыңызды  орағыта  беремін.“

Екеуара  сұқбат  келтірілген  бұл  шығарма  қалай  аталады?  Авторы туралы  білетініңізді жазыңыз.

 

2. Қазақ әдебиеті  А) Ұлы  әңгіме яки роман  туралы

 

3. Қазақ  тілі

Әрбір дұрыс жауап үшін 2 ұпай беріледі.

 Сұрақтарға  жауап  беріңіз:

1.      ”Шешендік  тәлім “  еңбегінің  авторын атаңыз.

Цицерон; Сократ; Платон;  Квинтилиан;  Аристотель.

2.      Орта түркі дәуірінің Алтын Орда кезеңіндегі тілдік ерекшеліктерді көрсететін шығармалардың  бірін көрсетіңіз:

А) Хорезми ”Мұххабатнаме“

Ә) Ж. Баласағұн ”Құтадғу білік“

Б) Орхон – Енисей жазба ескерткіштері

В) Йассауи ”Диуани  хикметі“

3. Әлеуметтік —  тұрмыстық  шешендікке  жататын  түр:

А) Дипломатиялық  сөз

Ә)  Ғылыми хабарлама

Б) Көңіл айту, көңіл сұрау

В) Уағыздар, иман  сөздер

4. Оңашаланған  айқындауышқа тән   тыныс  белгіні көрсетіңіз.

А) Екі  жағынан  үтірмен айырылады.

Ә) Жақшаға  алынады.

Б) Екі жағына да сызықша қойылады.

5. Қараханид  және  Алтын Орда  кезеңі  тән  дәуірді  көрсетіңіз:

А) Көне  түркі  дәуірі

Ә) Жаңа  түркі  дәуірі

Б) Орта  түркі  дәуірі

4. Қазақ  тілі

(Әр қатеге

1ұпай шегері леді)

   Морфологиялық талдау  жасаңыз:

Арқадағы  қандыкөйлек достарын, құдандалы елдің ыстық ықыласы мен  базынасын  қимай Жиенбет батыр бұл өлкеде ұзақ аялдады.

5. Тіл  мәдениеті.    Халқыма қызмет етсем деп…

 

Дайындаған  Жаңабаева А