Еңбек етсең ерінбей Т.Нұрмағамбетов «Он төрт жасар жігіт» әңгімесінен үзінді

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Денсаулық және спорт

   Мектеп: 16 Ю.А.Гагарин атындағы   мектеп- лицейі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Тулебаева Жадыра
Сынып: 7 Қатысқандар:  Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Еңбек етсең ерінбей..

Т.Нұрмағамбетов «Он төрт жасар жігіт» әңгімесінен үзінді

   
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Т 7.1.1.1. Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау

ТБ.7.5.1.5. Етістік шақтарының (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану.

Сабақтың мақсаты Т.Нұрмағамбетовтың «Он төрт жасар жігіт» әңгімесінен берілген үзіндідегі оқиғаның дамуын болжау,

етістік шақтарының қызметін білу,

оларды ауызша және жазба жұмыстарында қолдану

Бағалау критерийі Мәтін үзінділерін дамытады.

Мәтіндегі негізгі идеяны анықтайды,

Оқиғаның жалғасын (реттілік органайзеріне салып) болжайды.

Мәтіннен етістіктерді табады

Шақтардың түрлерін ажыратады,

Бұрынғы және  ауыспалы өткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақтың қызметін біледі

Ауызша жән жазба жұмыстарда дұрыс қолданады

Тілдік мақсаттар

 

Әңгіме көркем әдебиет стилінде танымдық мақсатта жазылған

Оқиғаның негізгі идеясын, тақырыбын анықтау үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері: (қауақ, атыз, ернеулете көміп қою, тырмалау, сасқандықтан тұру, күрсіну)

етістіктің шақтары

Кәсіби сөздер (гектар, атыз, тырмалау)

Көнерген сөздер (колхоз)

Тұрақты сөз тіркестері (көз жүгіртті, көзі шарасынан шығу)

Синоним сөздер (Көтерме, атыз, арық, жылау, өксу)

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бүгінгі  тақырыбымыз  не  туралы деп  ойлайсыңдар?

Біздің  оқу  мақсатымыз  қандай?

Құндылықтарға баулу

 

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Тарихи құндылықтарға баулу

Пәнаралық байланыс Қазақстан тарихы, Ұлы Отан соғысы кезіндегі оқиға
Тақырып бойынша алдыңғы білім Еңбек — денсаулық кепілі

 

 

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

Ынтымақтастық атмосферасын құру

Оқушылар сыныптағы бос жерге тұрып, «Атомдар мен молекулалар» әдісі арқылы бой сергітеді, екеуден, үшеуден топтасып, шетте қалған оқушы бір өнерін көрсетеді. Екі адам боп бірікккен күйі сол қалпында жұптасады.

«Кәрзіңкедегі сұрақтар» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

1. Т.Нұрмағамбетов қашан және қайда туылды?

2. Алғашқы әңгімелер жинағы қалай аталады?

3. Қандай шығармаларын білесіңдер?

4. Т.Нұрмағамбетовтың пьесаларын ата.

5. Ол қай жылы «Құрмет» орденін алды?

Жаңа сабақ

«Бинго» әдісі арқылы сабақ тақырыбына қатысты әртүрлі түйінді сөздер орналасқан 3×3 шаршы кестені ілемін. Оқушылар сәйкес түйінді сөздерді табу керек. Барлық түйінді сөздерді алғаш болып анықтаған оқушы жеңіске жетеді.

    Егін Тары егу кітапхана
құттықтау суару Көтерме
тырмалау терезе атыз

Түйінді сөздер: егін, суару, тырмалау, тары егу, атыз, көтерме

-Бүгінгі  тақырыбымыз  не  туралы деп  ойлайсыңдар?

— Біздің  оқу  мақсатымыз  қандай?

Сабақтың мақсаты мен критерииін таныстырамын.

 

 

 

 

 

 

 

Кәрзіңке, сұрақтар

 

 

 

 

 

 

 

 

Түйінді сөздер жазылған кесте

 

Сабақтың ортасы

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

Тыңдалым алды тапсырмасы.

1-тапсырма. С.

 «Болжау стратегиясы». Оқиғаның  дамуын анықтау үшін тірек сөздер ұсынылады. Тірек сөздер арқылы тақырыпқа қатысты ой қозға, болжам жаса.

Дескриптор:

— тірек сөздер арқылы тақырыпқа қатысты ой қозғайды

— тақырыптың дамуын  болжамдайды.

ҚБ ауызша мадақтау сөздерді айтып отырамын.

Ж. Тыңдалым тапсырмасы.

Т.Нұрмағамбетовтың «Он төрт жасар жігіт» әңгімесінен берілген үзіндіні тыңдап, негізгі оқиғаны анықта. Үзіндідегі оқиғаның дамуын болжам жасап  жаз. Екінші үзіндінің жалғасын болжайды,  дамытып жазады

Оқиғаның дамуын  «Оқиғалар тізбегі» әдісі арқылы болжайды.

Оқиғалар тізбегі

         

Дескриптор:

—          Үзіндіні тыңдап, негізгі оқиғаны анықтайды.

—          үзіндідегі оқиғаның дамуын болжам жасап  жазады.

—          Екінші үзіндінің жалғасын болжайды,  дамытып жазады

Кейбір оқушылар ресурс арқылы саралау әдісі тұтас мәтінмен жұмыс жасайды

Ал арнайы қажеттілігі бар оқушыларға оқиғалар тізбегі «Композиция» әдісі арқылы орны әдейі алмастырып, көпірше ретінде ұсынылады. Рет-ретімен өздері орналастырады.

Соңынан, оқиғаның дамуын слайд арқылы рет-ретімен көрсетемін.

Өз болжамдарымен сәйкестендіреді.

Оқиғалар тізбегі

         

ҚБ. «Сәйкестендіру» арқылы өзін-өзі бағалайды.

 

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша жұбымен толықтырып, жұптық әңгіме құрады.

Дескриптор:

—          жұптасып ой бөлісе алады, әңгімелейді

ҚБ «Өзара бағалау» арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды.

 

2-тапсырма. ТБ. «Теріп алу» әдісі

Ж.  Кестеге сай мәтіннің ішінен өткен шақ етістіктерін теріп жазып, түрлерін ажырат. Етістіктерді мақсатты және болжалды келер шаққа айналдыр.

   Өткен шақ етістіктері Келер шақ
бұрынғы ауыспалы мақсатты болжалды
       

Дескриптор:

— мәтіндегі етістіктерді теріп жазады;

— бұрынғы және  ауыспалы өткен шақтың, мақсатты және болжалды келер шақтың жұрнақтарын дұрыс жалғайды, қызметін біледі

ҚБ. Соңынан, слайд арқылы етістіктің шақтары жазылған кестені көрсету арқылы, оқушылардың өзін–өзі бағалауы жүреді.

    Өткен шақ Келер шақ
бұрынғы ауыспалы мақсатты болжалды
 Бастаған

Көмген

Үйренген

Берген

Кеткен

Бастайтын

Көметін

Үйренетін

Беретін

кететін

бастамақ

Көмбек

Үйренбек

Бермек

кетпек

Бастар

Көмер

Үйренер

Берер

кетер

Қазақ тілі (7-cынып, Бәйшешек, 2017 ж)

Тірек сөздер

 

 

 

 

Аудиомәтін

Реттілік органайзері, слайд,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтін,

кесте,

слайд

 

көпірше

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

оқулық, 118-бет, 3-тапсырма

 

 

 

 

 

 

кесте

слайд

көпірше

 

оқулық, 128-бет, 1-тапсырма

 

көпірше

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау

Біз мақсатымызға жете алдық па?

Бағалау.

Үй тапсырмасын беру

 «Бес саусақ» тәсілі арқылы кері байланыс жасау.

Оқушылар параққа  өз қолдарын салып, сұрақтарға жауап береді.

Бас бармақ — Сабақтағы ең құнды мәселе

Балан үйрек — мен жеке, жұппен қалай жұмыс жасадым?

Ортан терек — Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек — Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек — Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

 
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?   Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Тыңдалым тапсырмасында:

Барлығы «Он төрт жасар жігіт» әңгімесінің үзіндісімен жұмыс жасаса;

Кейбір оқушылар тұтас мәтінмен жұмыс жасайды. Ресурс арқылы саралау түрі ұсынылады.

Арнайы қажеттілігі бар оқушыларға оқиғалар тізбегін (дамуы) «Композиция» әдісі арқылы орнын әдейі алмастырып, көпірше ретінде ұсынылады. Рет-ретімен өздері орналастырады.

 

ҚБ. Ауызша мадақтау сөздерді айтып отырамын.

ҚБ. «Сәйкестендіру» арқылы өзін-өзі бағалайды

ҚБ. Соңынан, слайд арқылы етістіктің шақтары жазылған кестені көрсету арқылы, оқушылардың өзін–өзі бағалауы жүреді.

«Бес саусақ» тәсілі арқылы кері байланыс жасау.

Оқушылар параққа  өз қолдарын салып, сұрақтарға жауап береді.

Бас бармақ — Сабақтағы ең құнды мәселе

Балан үйрек — мен жеке, жұппен қалай жұмыс жасадым?

Ортан терек — Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек — Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек — Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

 

 

 

 

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

 
 
Жалпы бағалау

 

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

 

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

 

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?