1 сыныпқа баратын оқушылардың ата-аналарына психологтың кеңесі
Мектеп- бұл тек қана сабақ емес. Бұл оқушы үшін өмір тәсілі, бұнда сенің барлық іс-әрекетін қатаң жүйе тәртібіне бағынышты болады. Осы ережелерге үйренудің алғашқы баспалдағы-ол баланың қоғамға кіру тәжірибиесі. Келешекте оған әрдайым осыған ұқсас ережелермен соқтығысады.
- Баланың жалпы дамуы үшін жағдай жасауға тырысыңыз:
Мейірімді қарым-қатынас, танымдық қажеттілігін оятады, жады, назар, алған білімін әңгімелеумен бөлісу қабілетін тудыру.
- Балаларды қоршаған ортадағы жан-жақты білім қорын жинауға жөн сілтеп отыру.
- Баланы қолдаңыз. Мақтауды аямаңыз және де кішкентай баланың жетістігін байқаңыз. Ол баланың жұмысын жақсартады.
- Баланы өз бетімен жұмысқа жауаптылығын үйретіңіз. Өз-өзін басқаруды қалыптастыру
- Мектепке, мұғалімге жағымды, жақсы қарым-қатынастарды қалыптастырыңыз
- Өзіңіздің қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынасыңыз арқылы достары, болашақ сыныптастарымен мейірімді қарым-қатынасты қалыптастырыңыз.
- Баланың бос уақытын назарсыз қалдырмаңыз, ол уақытты мәнді әрі тиімді етіңіздер, оның іс-әрекетіне өзіңізде қатысыныз.