Жасушалық құрлымдар: плазмалық мембрана, цитоплазма, эндоплазмалық тор,Гольджи жиынтығы және лизосомалар, митохондриялар, пластидтер, қозғалыс органоидтері, олардың құрлысы мен атқаратын қызметтері; жасушалық қосындылар.

Биология 10-А  сынып                                              Күні: 12.10.18.

 

Сабақтың тақырыбы:Жасушалық құрлымдар: плазмалық мембрана, цитоплазма, эндоплазмалық тор,Гольджи жиынтығы және лизосомалар, митохондриялар, пластидтер, қозғалыс органоидтері, олардың құрлысы мен атқаратын қызметтері; жасушалық қосындылар.

Сабақтың мақсаты:Жасушалық құрлымдарды түсіндіру. 

Сабақтың міндеттері

1 .Жасушалық құрлымдарды білу.

  1. Жасушалық құрлымдардың құрлысы мен атқаратын қызметін түсіндіру.
  2. Жұппен, топпен жұмыс істеуге дағдылану.

Сабақтың әдісі:  Жұппен, топпен жұмыс.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Жасуша құрлысы сурет.

Күтілетін нәтижелері:

1 .Жасушалық құрлымдарды біледі.

  1. Жасушалық құрлымдардың құрлысы мен атқаратын қызметін түсінеді.
  2. Жұппен, топпен жұмыс істеуге дағдыланады..

Сабақтың барысы:

Кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру Амандасу, оқушыларды топқа бөлу, көңіл-күйін сұрау Амандасады. Топқа бөлініп орындарына отырады.
II. Үй тапсырмасын сұрау «Миға шабуыл»

1. Көмірсулар деп аталуы неліктен?

2.Тірі ағзалар нәруыздарының құрамында қанша аминқышқылдар болады?

3.Көмірсулар қандай қызмет атқарады?

4. Майлар жануарлар ағзасында  қандай рөл атқарады?

5.Аминқышқылдр қандай топтардан тұрады

 

Жауап береді
III. Жаңа сабақты меңгерту 1-топ Плазмалық мембрана, эндоплазмалық тор құрлысы. қызметі

2-топ Гольджи жиынтығы, цитоплазма құрлысы, қызметі

3-топ  Лизосома, митохондрия құрлысы, қызметі

 

.

Топтастыру, 5-жолды өлең жазады.щағын эссежазады

IV. Бекіту

 

«Ыстық орындық» Оқушылар қалауы бойынша отыру
V. Бағалау Кері әсер парағы бойынша бағалау Өзін-өзі ,бірін-бірі, топтар өз-ара бағалау
VI. Үйге тапсырма §7 Оқу  
Рефлексия Сабақта нені білдіңдер?  Не ұнады? Көңіл күйлерің қандай? Кері әсер парағына жазу, ілу

ЦИТОПЛАЗМА. ЭНДОПЛАЗМАЛЫҚ ТОР – МЕМБРАНАЛЫ ОРГАНОИД» ТАҚЫРЫБЫН СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Сабақтың тақырыбы:

  • 13. Цитоплазма. Эндоплазмалық тор – мембраналы органоид

Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты:Жасушаның құрылысымен, оның негізі-цитоплазма, ондағы органоидтардың құрылысы, қызметімен таныстыру.
  2. Тәрбиелік мақсаты:Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра, бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға үйрету. Өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру.
  3. Дамытушылық мақсаты:Ең негізін анықтап, талдау жасай  білуге, салыстыруға үйрету.

Сабақ типі: инновациялық сабақ

Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы сабағы

Оқыту әдісі:  тест, реферат, семантикалық карта толтыру

Көрнекіліктер:  слайдтар

Сабақтың құрылымы:

Сабақтың кезеңдері Уақыты
1 Ұйымдастыру кезеңі 1 мин
2 Үй тапсырмасын сұрау 12мин
3 Жаңа сабақ түсіндіру:

1. Ой қозғау

2. Мағынаны тану

3. Ой толғаныс

 

3 мин

6 мин

5 мин

4 Зертханалық жұмыс 15 мин
5 Сабақты қорытындылау 2 мин
6 Үйге тапсырма беру 1мин

 

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:  Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Түгелдеу.

ІІ Өткен тақырыпты қайталау:

—         «Жасуша мембранасының құрылысы», «Плазмалемманың тасымалдаушы қызметі», «Жасушаралық байланыстар» тақырыптарындағы рефераттарды қорғату.

  1. Тест сұрақтары:

1.Цитология ғылымы нені зерттейді?

А) Жасушаны. Ә) Ұлпаларды. Б) Өсімдіктері. В) Вирустарды.

  1. Өсімдік жасушасының ядросын қай ғалым ашты?

А) Я.Пуркине.  Ә) Р.Броун. Б) Р.Гук. В) М.Шлейден.

  1. Протоплазма терминін ең алғаш ғылымға енгізген кім?

А) Г.Галилей.  Ә) Р.Броун. Б) Р.Гук.  В) Я.Пуркине.

  1. «Куtos» ұғымы не мағына береді және  оны қай тілден аударған.

А) «Жасуша», грек.  Ә) «Эукариот», грек.

Б) «Цитоплазма», латын. В) «Прокариот», латын.

5.Жасушадағы негізгі макроэлементтер.

А) S, Ce, I, B. Ә) C,O,H,N. Б) C,N,U,Au. В) O,H,Si,Ni.

  1. Ферменттер қандай қызмет атқарады?

А) Тасымалдау. Ә) Ақпараттық. Б) Катализаторлық. В) энергиялық.

  1. Организмде ион түрінде кездесетін элементтерді атаңыз?

А) Zn, Cu, Mn, Co. Ә) O,C,H,N. Б) K,Cl,Na,Mg. В) P,S,Si,Mo.

  1. Жасуша теориясының негізін қалаған ғалымдар?

А) М.Шлейден. Р.Гук. Ә)Т.Шванн. Г.Галилей.

Б) Р.Гук. Р.Броун. В) М.Шлейден. Т.Шванн.

  1. Протоплазма дегеніміз не?

А) Жасушаның ішіндегі сұйықтық. Ә) Жасушаның сұйықтығы мен ядро. Б) Ядро. В) Жасуша органоиді.

  1. Жасуша құрамына қандай органикалық қосылыстар кіреді?

А) Су. Ә) Липид, көмірсулар, ақуыз. Б) Минералды тұздар.

В) К,+Na,+Ca2+

Дұрыс жауаптары:  1) А. 2) Ә 3)В  4)А 5)Ә 6)Б 7)Б 8)В 9)А 10)Ә

ІІІ Жаңа тақырып: § 13. Цитоплазма. Эндоплазмалық тор – мембраналы органоид

Жаңа сабақ 3 кезеңнен тұрады

І кезең  Ой қозғау. Ассоциациялық карта толтыру.

Мағынаны ашу: Джигсо стратегиясы

1-топ:  Цитоплазма – жасуша қабықшасының астындағы, ядроның сыртын қоршап тұрған қоймалжың зат. Онда әртүрлі қосылысты және түрлі қызмет атқаратын барлық жасушаларға тән органоидтар- митохондриялар, Гольджи аппараты, рибосомалар, эндоплазмалық тор, лизосомалар болады. Басқа органоидтар- жасуша орталығы, пластидтер, миофибрилдер, жиырылғыш жіпшелер, кірпікшелер кейбір жасушаларға тән. Түпнегізі-гиалоплазма (гр: «hуalos»-әйнек және «plasma»-түссіз масса деген мағынаны білдіреді). Химиялық ерекшелігі құрамында түйіршікті денелер, ақуыздар, ферменттер, нукленн қышқылдары және көмірсулар, АТФ молекулалары болады. Америкалық биолог К.Портер электронды микроскоп көмегімен жасушаның гиалоплазмасынан микротүтікшелерді байланыстырып қозғалысқа келтіріп отырады.

Пластидтер өсімдік жасушасында болатын негізгі органоид. Пластидтердің 3 типі бар: жасыл- хлоропластар, түссіз- лейкопластар, қызыл, қызғылт сары, сары- хромопластар. Жыл маусымына байланысты бір-біріне ауыса алады. Пластидтер қос мембраналы органоид. Құрылысында тилокоид табақшаларынан граналар түзеді, аралықтағы сұйықтық строма толтырып тұрады. Хлоропласт ұзындығы -5-10 мкм, ені 2-4мкм.

Фотосинтез процессі жүріп крахмал түзуге қатысады:

6СО+6Н2О = C6Н12О+ 6О2

Хлоропластың матриксінде нуклеин қышқылдары ДНҚ, РНҚ және рибосомалар болады.

Эндоплазмалық торды (ЭПТ) 1945 жылы К.Портер электрондық микроскоптың көмегімен тауық балапанының ұлпасынан тапқан. Тегіс бетті және  түйіршік бетті эндоплазмалық тор деген түрлері бар. Тегіс бетті эндоплазмалық тор каналдар мен қуыстар түзеді, бір-бірімен тығыз байланысқан. Түйіршікті эндоплазмалық тордың бетінде рибонуклеопротеидтар орналасады. Оларда  ақуыз молекулалары синтезделіп, ядро мембранасынан өтіп,  каналдар арқалы жеткізіледі есептейді.

2-топ: Жасуша мембранасы жасушаның сыртын қаптайды, оны сыртқы ортадан бөліп тұрады. Шала өткізгіштік қасиетке ие. Мономерлі молекулаларды өткізеді. Өсімдік жасушасының мембранасы жасунықты заттардан тұрады. Өсімдікке серпімді, беріктік қасиет береді. Жануар жасушасының мембранасы 3 қабаттан тұрады.  Ішкі, сыртқы қабаты ақуызды молекулалардан, ортаңғы қабат екі қатар фосфолипид молекуласынан түзіледі. Созылғыш, жұмсақ болып келеді. Плазмолемма-  цитоплазмамен тікелей байланысқан ішкі қабат. Қалыңдығы 10 нм. Негізгі химиялық құрамы 60%  ақуыз, 40% май, 2-10% көмірсулардан тұрады. Қызметі- өткізгіштік. Ион  түріндегі заттар мен қарапайым мономер құрылысты молекулаларды өткізеді. Күрделі макромолекулаларды эндоцитоз (Мечников ашқан- фагоцитоз жолымен, Льюис ашқан пиноцитоз- су тамшыларын өткізеді). Экзоцитоз- май тамшылары, ферменттер, ақуыз молекулалары, полисахаридтердің артық мөлшерде жиналғандары жасуша сыртына шығарылады.

Рибосома ақуыз биосинтезін жүзеге асыратын органиод. 180 000 есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскоп көмегімен көрінеді. Жұмыртқа пішінді 2 бөліктен турады: кіші суббөлік 40 S, үлкен суббөлік 60 S тұрады. Бұл эукариотты ағзада. Прокариотты ағзада керісінше 70S-тан, 30S-ке дейін ауытқиды. Бірнеше рибосомалар полисома деп аталып,  бір ақуыз синтезіне қатысады.

Гольджи жиынтығын 1898 жылы итальяндық ғалым К.Гольджи жүйке жасушасынан тауып, «Ішкі тор тәрізді аппарат» деп атады. Кейін есіміне байланысты «Гольджи жиынтығы» деп аталды. ЭПТ-да синтезделген заттар Гольджи жиынтығында тығыздалып, толық синтезеделеді де көпіршік түрінде диктосомаға бөлініп лизосома органоиды пайда болады.

 

Сурет 1. Жануар және өсімдік жасушаларының салыстырмалы көрінісі

 

3-топ: Жасуша ядросы жасушаның тұрақты бөлігі болып келеді. Жасуша  ядросын 1831 жылы ағылшын ғалымы Роберт Броун көрді. Ядросы толық жетілуіне байланысты эукариотты организмдер және ядросы жетілмеген прокариотты организмдерді  бөліп көрсетеді. Ядро үш қабаттан тұратын қос мембраналы органоид. Ядро жасушаның бөлінуі- мейоз, митоз, интерфаза кезеңіне қатысады.

Ядро құрамы күрделі болып келген. Онда тірі организмдердің тұқым қуалайтын белгілері мен қасиеттерін сақтайтын хромосомалар, ядро шырыны, ядрошық, ДНҚ, т.б. құрамдас бөліктер болады.

Ядро шырыны (кариоплазма- грекше «карион» ядро деген мағынаны білдіреді) — ядро қабықшасы ішіндегі қуысты толтырып тұратын қоймалжың зат. Құрамында ақуыз, нуклеин қышқылы мен көмірсулар болады.

Ядрошық – шар тәрізді тығыз денешік, мөлшері 1-2мкм-10мкм. Құрамында 1,5% ДНҚ,  8,0% ақуыз болады. 70% цитоплазмалық РНҚ, 30% ядролық РНҚ синтезделеді. Жасуша бөлінгенде ядрошық жойылып кетеді.

Гистон- хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын ақуыз.

Хромосомалар дегеніміз — ДНҚ жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік. Құрамында 40% ДНҚ, 40% гистон, 20% қышқылды ақуыз және өте аз мөлшерде РНҚ болады.  Әр түрге тән хромосомалардың пішіндері және мөлшері жөнінен айырмашалықтары болады. Мысалы адамда 46 хромосома, жылқыда 66 хромосома, бақада 26 хромосома, дрозофила 8 хромосома, жүгеріде 20 хромосома, бұршақта 14 хромосома болады.

4-топ: Лизосоманы 1955 жылы бельгиялық биохимик Де Дюв ашқан (гр «lуsis»- ерігіш, «somo»-дене сөздерінен шыққан). Денелерді ерітеді деген мағынаны білдіреді. Эукариотты ағзаларда, әсіресе фагоцитозға қабілетті лейкоцит жасушаларында көп мөлшерде кездеседі. Өсімдік жасушаларында вакуоль түрінде болады. Лизосома құрамында 60-қа жуық гидролиздеуші ферменттер (нуклеоаза, липаза, фосфотаза, дезоксирибонуклеоаза, рибонуклеоаза сияқты және т.б. ферменттер) болады. Жасушаның «асқорыту мүшесі» деп те атайды. Осы ферменттер өзінің құрамына сай заттарды ыдыратады. Мысалы: бақаның дернәсілінің құйрығы жойылуы осыған байланысты. Лизосоманың  4 түрі бар:

1) диктосомадан бөлінетін 1-ші реттік лизосома;

2) құрамы өзгерген лизосома;

3) аутосомалар;

4) қалдық денешіктер. Қалдық денешіктер жасушадан экзоцитоз жолымен шығарылады немесе жасушада «липофуксин пигменті» түрінде қалып қояды. Адам қартайғанда әсіресе ми жасушасында, бауырда, бұлшықет талшықтарының телолизосомасында липофуксин пигменті көп кездеседі. Бұл пигмент организм тіршілігін  жойғанға дейін сақталады, «қартаю пигменті» деп аталады.

Вакуоль өсімдік жасушасына тән органоид, сұйықтыққа толы қуыс. Құрамында минералды тұз, көмірсулар, органикалық қышқылдар, таниндер, пигменттер , т.б. болады.

Митохондрия- (грекше  «mitos»- жіп, «chondrion»-дән, түйіршік деген мағына білдіреді) шар, таяқша, сопақша тәрізді денешік. Бір жасушалы және көпжасушалы ағзалардың барлығында кезедеседі. Жасушадағы саны 100 мыңға дейін жетеді. 1850 жылы швейцарлық анатом Р.А. Келликер жәндіктердің бұлшықеттерінен тауып «Саркосома» деп атаған. 1894 жылы неміс анатомы Р.Альтман «биобласт» десе, 1897 жылы неміс анатомы К.Бенда «митохондрия» деп атаған. Ұзындығы-10 мкм, дм 0,2-1,0 мкм шамасында болатын қос мембраналы органоид.  Құрылысы:

А) мембранамен қапталған түпнегіз;

Ә) мембранааралық кеңістік (ішкі мембранасы қыртысты болып келеді);

Б) сыртқы мембранадан тұрады. Митохондрия құрамында 65-70% ақуыз, 25-30% липид, нуклеин қышқылы, витаминдер болады. Митохондрияның негізгі қызметі АТФ синтездеу, сондықтан оны «энергия станциясы» деп атайды. Өсімдіктерде АТФ синтезі пластидтерде жүреді [11,12,13].

ІІІ кезең.  «Ой толғаныс».

  1. Семантикалық карта толтыру

 

 

 

 

 

Сипаттамасы Өсімдік Жануар
1

 

2

 

3

 

4

 

 

5

6

 

7

 

8

 

9

 

10

11 12

13

 

14

Жасуша қабықшасы жасунықты (целлюлозалы) құрылысты болып келеді.

Жасуша қабықшасы 3 қабатты мембраналы құрылысты болып келеді.

Цитоплазма жасушаның ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат.

Алғаш рет 1945ж К.Портер электрондық микроскоп көмегімен көрген.

Түйіршікті және тегіс бетті ЭПТ.

Гольджи жиынтығы 1898ж ашылды.

Лизосомаларды 1995ж бельгиялық биохимик Де Дюв ашты.

Митохондрия- жасушаның энергетикалық стансасы

Пластидтердің 3 түрі бар: Лейкопласт, хлоропласт, хромопластар.

Рибосома үлкен және кіші суббөліктен тұрады.

Жасуша орталығы (центриоль) тән ағза.

Қозғалыс органоидтары.

Вакуольдер.

Жасуша ядросы. Мейоз, митоз, интерфаза кезеңі тән.

Ақуын синтезін жүзеге асыратын органоид.

+

 

 

 

+

 

 

 

+

 

 

 

+

 

+

 

+

 

 

 

+

+

 

+

 

 

*

 

*

 

*

 

*

*

 

*

*

 

 

 

*

 

*

*

 

*

 

*

 

—         Синквейн:

Цитоплазма органоидтарының үшеуіне арнап бес жолды өлең құрастыру.

—         Екі жақты кесте (ауызша жауап береді):

Цитоплазма Жасушаны қорғайды
Ядро Органикалық заттар түзеді
Вакуоль Сұйықтық қысымын реттейді
Қабықша Көбеюге қатысады
Пластидтер Тіршілік процесіне қатысады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып. Плазмолиз және деплазмолиз құбылыстары

Жұмыс барысы

Плазмолиз – қайтымды процесс. Плазмолиздің жойылуы деплазмолизге әкеледі, өсімдік жасушасын, осмостық әсер етуі заттар ерітіндісінің ролін жасушалық шырын, ал жартылай өткізгіш қабықша ролін цитоплазмалық мембрана атқаратын, осмостық жүйе ретінде қарастыруға болады. Жартылай өткізгіш қабықша арқылы таза судан бөлінген ерітінді, өзінің потенциалдық осмостық қысымына тең күшпен суды сорады.

Әр жасуша үшін келесі ерітінділерді алуға болады:

1) гипотоникалық ерітіндінің осмостық қысымы жасушалық шырынның осмостық қысымынан кем;

2) изотоникалық – осмостық қысымы жасушалық шырынның осмостық қысымымен тең;

3) гипертоникалық – осмостық қысымы жасушалық шырынның осмостық қысымынан жоғары.

Құрал-жабдықтар: көк пиязшық;  тамызғыштағы 1М қант  ерітіндісі;  лезвие;  скальпель;  пинцеттер;  препарат инесі;  микроскоп;  зат және жабынды шынылар;  су құбырынан алынған 1 стақан қайнаған су;  шыны таяқша;  сүзгі қағазы кесінділері;  спирттік шам;  сіріңке.

Жұмыс барысы

Жасуша құрамында антоцианы бар эпидермистің 1 бөлігің бритвамен кесіп аламыз. Эпидермис жасушасың зақымдап алмау үшін, кескің жасушалардың екі қабатынан тұру керек. Зат шынысындағы 1 тамшы суға кескінді алмастырамыз.

Жабынды шынымен жауып, жасушалық шырынмен боялған жасушаларды микроскоп арқылы көру керек. Суды 1М қант ерітіндісімен алмастыру үшін, заттық шыныға жабынды шыны  ерітіндісінің  тамшысын тамызып, сүзгі қағазды жабынды шынының қарама-қарсы жағынан орналастырып, суды сорып аламыз. Су толығымен ерітіндіге алмасқанша, бұл әдісті 2-3 рет қайталау қажет. Микроскоп арқылы жасушадағы өзгерістерді үнемі байқап отыру керек.

Жасушаның тургор, бұрыштық, бүлінген, төмпешіктелген плазмолиз жағдайларың схема арқылы көрсету.

Сүзгі қағаз арқылы ерітіндіні сора отырып, жабынды шынының астына 2-3 тамшы су енгізе отырып, жасушадағы деплазмолиз құбылысын байқаймыз (бұл процестің плазмолизбен салыстырғандағы жылдамдығына назар аударыңыз).

Деплазмолиздан соң жасушаларды өлтіру керек, ол үшін заттық шынының шетінен пинцетпен алып, спирттік шамның жалынына препаратты абайлап қыздыру кезінде судың булануын болдырмау қажет. Суды 1М қант ерітіндісінен алмастырып, жасушадағы плазмолиздің жүру-жүрмеуін байқау.

Бақылау нәтижелерін тіркеп, келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

1) плазмолиз деген не және оның себептері?

2) деплазмолиз қалай өтеді?

3) өлген жасушаларда плазмолиз өте ме?

4) гипертоникалық ерітінді дегеніміз не?

5) цитоплазмалық мембрана қандай қызмет атқарады.