Өзіңмен үйлесімді өмір сүру

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп:                     Мерзімі:           10. 2017 жыл.

Мұғалім:                Сынып: 1 «        »

Оқушылар саны:         Тақырып: №6сабақ  «Өзіңмен үйлесімді өмір сүру»

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: Шындықты айту,уәдені орындау,  батылдық.

Сабақтың мазмұны: Ресурстар:
Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға ар-ұжданына сүйеніп өмір сүрудің маңыздылығын жеткізу арқылы дұрыс әрекет құндылығының мінін ашу Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларды шындықты айтуға қалыптастыру.

Дамытушылық:Оқушыларды уәдені орындауға қалыптастыру

Тәрбиелік : Батылдыққа  тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, в идеопроектор дискілер, бояуышар, плакат
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: Әуен   ойналады. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2. Үй тапсырмасын  тексеру.

«Қайынның көз жасы» әнгіме

-Қапан не үшін ұялды?

-Ар-ұжданымен өмір сүретін адамды калай сипаттар едіңдер?

-Сендердің өз қылықтарыңа ұялған сәттерің болды м?

-Өздерінің дұрыс әрекет жасағандарыңды қалайша сезінесіңдер?

Тәртіп,талап,тыныштық тазалық, татулық
3. Дәйексөз.

                            Арыңды сақта,ар-ұждан керек әр уақытта.         

1 Ар-ұждан адамның қандай қасиеті?

2.Арыңды сақта деген нені білдіреді?

3.Адамға неге ар-ұждан керек?

4.Өз бойыңда ар-ұждан бар деп санайсың ба?

Осы сұрақтар айналасында дәйек сөзді талқылаймыз.

4. Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы.

                   «Тазша бала» ертегісі бейне фильм.

—          Тазша баланың бойынан ар-ұжданды байқадың ба?

—          Байды ар-ұжданы бар деп айта аласың ба?

—          Ешкіні қалай бағалайсың?

—          Ұрлықшы шал неге тазша баланы баулады?

Басқалардың жауаптарын тыңдаймыз.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

    32-беттегі  суретке қарап әңгіме құрастырыңдар.Сахналап корсетеді.

 Әр топ шығармашылықпен жұмыс жасап,  қорытынды жасайды.

І  топ    Білім

ІІ топ   Қамқорлық

ІІІ топ  Әдептілік

IV топ  Денсаулық

6. Топпен өлең айту.

                                      Бала тілегі                  Сөзі С.Молдасанұлы

                                                               Әні Ф.Жолдасова

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел ,достарым,әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

7. Үй тапсырмасы.

7сабақ «Мейірбан әйел» әңгімесін оқып келу.

Қорытынды: Ар-ұждан-адамдықтың белгісі.Адамды істеген ісіне қарай бағалайды.Әрбір істі ұятқа қалмайтындай етіп,ойланып жасау керек.Ар-ұжданы бар адам әр уақытта дұрыс әрекет жасайды.Ар-ұжданына сай өмір сүру –әрбәр адамның парызы.Әдепті бала- арлы бала деп халық бекер айтпаған.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

  Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет , Дұрыс Әрекет бар жерде,

 Дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

—          Бүгінгі  сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға  сіңіріп,  жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

—          Сау болыңыздар!!!