Қарым-қатынас жасау өнері

Қарым-қатынас жасау өнері

 

Мақсаты: қарым – қатынас амалдарын игеру дағдысын дамыту,  суреттегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға байланысты танымдық қабілеттерін жаттықтыру, тәртіптілікті, ұйымшылдыққа, бірігіп әрекет етуге үйрету.

Қажетті құрал – жабдықтар:  доп, үлестірмелі материалдар.

 

Сабақ барысы

Сәлемдесу. Таныстықты бекіту

Жүргізуші допты кез келген бір оқушы тастайды да өзге балалардан: «Бұл баланың аты кім?» деп сұрайды. Балалар хормен ол баланың атын айтулары керек. Осылайша бірнеше рет қайталайды.

 

Сергіту сәті.       Ойын. «Біраяқ жол»

Мақсаты: тәртіптілік, ұйымшылдық, бірігіп әрекет ету дағдыларын дамыту.

Балалар бір – бірінің қоларынан ұстап, шеңбер бойынша оң жаққа қарай, мұғалім тапсырма бергенше, айналып жүре береді. Егер жүргізуші: «Біраяқ жол!» десе оқушылар бірінің артына бірі тұрып, алдындағы оқушының иығына қолдарын салуы керек. Жүргізуші: «Құдық» деген кезінде, шеңбердің ортасына бұрылып, қолдарын алдыға созулары қажет. Егер «Түйіншек» десе, балалар қолдарын бастарына қойып, жартылай отыруға тиісті. Осылайша, тапсырмалар кезекпен айтылады. Кімде кім барлық тапсырманы тез әрі дұрыс орындаса, сол оқушыға ұпай беріліп отырады. Көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз болып есептеледі.

 

Сабақтың мазмұны

2 – жаттығу                              6 – 12 жас аралығындағы балалар үшін

Мақсаты: ұқсас бейнелерден бірдей және әртүрлі белгілерді анықтай алу қабілетінің даму деңгейін айқындау (А.З.Зак бойынша)

Балаға басында орамалы бар 24 қыздың суреті (1-сурет) беріледі. Одан 1 және 12 номердегі екі бейнені қарап, олардың шаш қоюы, көзқарасы, мұрны, орамалдарының ұшының орналасуының әртүрлі екендігін көрсетеді. Осыдан кейін балаға 10минут ішінде 1 – 18 номерлі бейнелердің ішінен (алдыңғы үш қатар) осы элементтері әртүрлі неғұрлым көп жұпты табуға тиісті.

Баланың тапқан жұптарының санын есепке алып, оның дұрыстығына көз жеткізген соң, егер бала шаршамаса, және іздеуді жалғастырғысы келсе, одан енді 4 айырмашылығы бар жұпты табулары керек деп тапсырманы орындау үшін тағы 10 минут уақыт  береді.

Содан кейін тағы да  тапқан жұптардың саны есепке алынып, дұрыстығы тексеріледі.

10 минут ішінде 6 жастағы бала 2 – 3 жұпты табуы мүмкін, 7,8 жасар бала — 3 – 4 жұп, 9 жастағы бала – 4 — 5 жұп, 10 жасар бала – 5 – 6 жұп таба алады.

Барлық элементтері сәйкес келетін жұптар: 1 мен 10, 2 мен 16, 4 пен 13, 5 пен 19, 6 мен 21, 7 мен 11, 8 бен 22, 9 бен 23, 12 мен 15 және т.б., ал барлық элементтерінде айырмашылығы бар жұптар олар: 1 мен 15, 2 мен 18, 3 пен 7, 4 пен 8, 5 пен 21, 6 мен 5, 9 бен20, 12 мен 1, 24 пен 7 және т.б.

10 – 12 жас аралығындағы балаларға

35 ер баланың бейнелері суреттелген 2- суретті көрсетуге болады. Оларды 7 элемент бойынша салыстыруға болады: бас киімнің контуры мен штрихтары, шаш қоюы, мұрынның пішіні, көзқарасы, күлкісі мен бетінің пішіні. 2 мен 3 бейнеде 4 элемент (шашы, көзқарасы, мұрны, бет пішіні) бірдей де, ал қалған элементтері (бас киімнің сызықтары, контуры мен күлкісі) әртүрлі екендігін көруге болады.

Осыдан кейін балаға 25 минут ішінде кезекпен мынадай жұптарды табу үшін тапсырма беріледі.

  • Барлық 7 элемент те сәйкес келетін 4 жұп;
  • 6 элементі сәйкес келетін 4 жұп;
  • 5 элементі сәйкес келетін 4 жұп;
  • 4 элементі сәйкес келетін 4 жұп;
  • 3 элементі сәйкес келетін 4 жұп;
  • 1 әэелемнті сәйкес келетін 2 жұп.

Тапсырманы орындау барысындағы табылған жұптар есепке алынып отырады.

25 минуттан соң тапсырманы орындау аяқталады да, жауаптардың дұрыстығы тексеріледі.

 

 

Ойын. «Сөйлемді аяқта»

Мақсаты: түсінікті ойлауды дамыту

Балалар шеңбер құрып отырады, Жүргізуші олардың біреуіне допты лақтырып, сөйлемнің басын айтады, ал оқушы сөйлемді жалғастырып, допты жүргізушіге қайтарады. Ойын осылай жалғаса береді. Екі рет жауап бере алмаған бала ойыннан шығып, ойынды сырттай мұқият бақылап отырады.

Сөйлемдер нұсқасы:

  1. Лимон қышқыл, ал шекер…
  2. Ит үреді, ал мысық …
  3. Түнде қараңғы, ал күндіз ….
  4. Шөп жасыл, ал аспан …
  5. Қыста суық, ал жазда …
  6. Тамақты ішесің ауызбен, ал тыңдайсың ….
  7. Құс ұшады, ал жылан …
  8. Қайық жүзеді, ал машина …
  9. Сен көресің көзіңмен, ал тыныс аласың …
  10. Адамда екі аяқ, ал итте …
  11. Құстар ұяда өмір сүреді, ал адамдар…
  12. Қыста қар жауады, ал жазда…
  13. Сен көзіңмен оқисың, жазасың ….
  14. Қазақстанда қазақша сөйлейді, ал Англияда …
  15. Жүннен тоқиды, ал матадан ….
  16. Балерине билейді, ал пианист …
  17. Отынды жарады, ал шегені ….
  18. Әнші ән айтады, ал құрылысшы …
  19. Сазгер ән шығарады, ал музыкант…

Сабақты пысықтау

 

 

      Қоштасу. Үй тапсырмасы: Өтілген тақырыпты ата – ана үйде баламен бірге қайталауға тиісті.