ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ- ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ БАСТАМАСЫ.

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ- ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ БАСТАМАСЫ.

                                                                             ЭССЕ

 
             Мырзабекова Сауле Назирбековна

№100 «Жұлдыз» жалпы  орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына, еліміздің дамуына, жеріміздің көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген белді азаматтардың барлығы да ауыл мектептерінен білім алып, ауылда тәрбиеленгендер.     Қоғамның дамуына байланысты ауылдарымыз да күннен-күнге жаңарып, жақсарып жатыр. Соның бірі – ауыл мектептерінің жағдайы. Ғылым мен технологияның дамыған заманында білім беру саласы да қарқынды дамуда. Қазіргі таңда ауыл мектептері жаңа технология құралдарымен жабдықталып, ұстаздар білім берудің жаңа әдіс-тәсілдері бойынша білімдерін жетілдіру үстінде. Ендеше заманына қарай амалы, демекші бұрыңғы кездегідей қарапайым дәстүрлі сабақтың мәні де сәні де кеткен уақыт. «Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі»,-деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы – жас буынды заманына сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екені баршаға мәлім. Қоғамның дамуындағы ең маңызды мәселе білім беру жүйесі. Қазіргі таңдағы негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны яғни еліміздің патриотын қалыптастыру.Оқып үйрену мен тәрбие ісінде оқу орындарының жаппай заманауи технологияларды қолдануға көшу процесінде мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру — қоғамның басты мәселесі. Мұғалімдердің кәсіби даму үдерісін дамыту барысында мектептің даму жоспарында желілік қоғамдастық, тәлімгерлік инновациялық, интерактивті әдістерді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру, интернет жүйесімен байланысты жандандыру, жаңа ақпаратты технологияны меңгеру, жан-жақты ұстаздар қауымымен пікір алмасу қарастырылған.

Ал мұғалім үнемі ізденіп, білім қорымен өзінің іс- тәжірибесін таратып, өзгенің жаңалығын үйреніп отырса, оның сабақтары да қызықты, бала үшін тиімді болмақ. Ал бұл жағдай бүгінгі күні ауыл мектептері аталатын шалғайдағы ауылдар үшін де тиімді.

Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр –сырын зерттей бастаған сәтімде арнайы курсқа баруым бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымның жауабын табуға берілген мүмкіндік секілді көрінді.

«Ауызша айтсаң – тез ұмыттым, Көрсетсең – есте сақтаймын, Іске кіріссең – үйренем.» — деген екен қытай даналығында. Қазіргі таңда әріптестерім бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасып,оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінді

Заман талабына сай жабдықталған ауыл мектептеріндегі ұстаздардың осы талапқа сай жұмыстануға бетбұрыстары айқын көрініс тауып жатыр. Бүгінгі мұғалімнің еңбегі, тынымсыз ізденуді, үздіксіз кәсіби дамуды талап етеді. Қоғамның сұранысына лайықты ақпараттық -коммуникативтік технологияларды меңгерген мұғалім болып, өз бетінше білім алып, шешім қабылдай алатын, болашаққа жан-жақты көзқарасы бар, ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты тұлғаны қалыптастырайық!   Сондықтан,   ХХІ ғасырда «қарапайым ауылдан — өркениетті ауыл» мектебінің оқушысына білім берудегі жауапкершілігімізді абыроймен атқару ұстаздық борышым деп түсінемін.