Эссе Отаным-тағдырым

 

«Отан» дегенде жүрегі елжіремейтін тірі жан баласы жоқ шығар. Себебі, Отан-сенің кіндік қаның тамған жер,сол жерде туып-өсесің,ата-ана мен достарыңмен бірге жүресің, отанға,жерге деген махаббат сыйластық  пен  татулық арқылы  ұласса –ол адамның рухани деңгейінің биік екенін көрсетеді.  Әйткенмен, Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік ,анаға деген махаббат,сыйластықпен тең .

Менің Отаным-Қазақстан Республикасы. Осы мекенде туып-өскеніме шексіз ризамын.Елім менің кең байтақ, о шетімен бұл шетіне ат шаптырып жете алмайтын ұлан-ғайыр даласы бар.Сол дархан даласы секілді қазағымның да пейілі кең, көңілі ашық, қонақжай.

Кең-байтақ туған даламыздың әр өңірінде өсіп тұрған егіні,әрбір тасы да,сонау алыстан көзіне мұнартып көрінген төбе де, сылдыр қаққан бұлағы да ашылмаған сыр,құпия.   Әрбір жанға өзінің отбасы ,туған туыстары,жолдастары ,жақындары ыстық ,қадірлі болса, Отан да адам баласына солай жақын да жылы .Кез-келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені ол бәріне айдай анық Отан- оттан да ыстық деп бекер айтылмаған шығар, сірә.Ыстығы сонша, өзге ел топырағына қадам бассаң, денең ерекше дірілдеп,бір қорқыныш , үрей пайда болады.

Мен оның түнін сүйем , күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау ,гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем

Бар жәндігін сүйем қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан » деп сыбырлаған

Жанам менің кеудемде жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан! Отан! Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен…

-деп  Мұқағали Мақатаев айтқандай, Отан  әрбір жас –кәріге, бала- шағаға,жүрегі «Қазақ» деп соққан барлық  адам баласына ыстық.

Еліміз қазіргі таңда тәуелсіз ел болды.Оның куәсі деп айдай Астанамызды ауыз толтырып айтуға болады.Осы жетістіктеріміздің бастауы ол, әрине, елбасымыз Н,Ә.Назарбаевтың көрегенділігінің арқасы.Елбасымыздың еңбегі ерен деп айта аламыз . Қазақстанда жер байлықтары жетеді. Атап өтер болсақ: мұнай,газ,көмір,мыс,алтын өндіріледі. Одан басқа ет ,сүт өнімдері де өңделіп, елімізде пайдаланылып қоймай, шет елдерге де экспортталып ,шығарылып жатыр. Осының бәрі еліміздің көркейіп,дамып келе жатқанының  айқын ,анық көрінісі. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет екендігіне қарамастан ,еліміз тыныш, халқымыз татулықта бейбітшілікте, достастықта өмір сүреді. Қазіргі уақытта Қазақстанды көп теген елдер, бүкіл әлем таниды. Еліміз спорт саласынан ,өнерден  шет елдерге танылып жатыр. Бұл нағыз еңбектің ,ауызбіршіліктің,талпыныстың көрінісі.

Қорытындылай келе ,мен өз шәкірттеріме,замандастарыма,келер ұрпаққа тек Отан үшін тер төгуге,оны сыйлап құрметтеуге біліміміз бен еңбекқорлығымызды,қайсарлығымыз бен батылдығымызды,ер жүректілігіміз бен табандылығымызды  халқымыздың бейбіт те бақытты,тыныш ғұмыр кешуіне арнайық дегім келеді .