Бөлімшені ұйымдастыру, штаттық   қарулану және ұрыстық техника, бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері.

«Бекітемін»   

Мектеп директоры:

________М.Оспанов

«__» ______ 20    ж.

 

ІІІ-тарау.   Тактикалық дайындық

 

Сабақтың тақырыбы: Бөлімшені ұйымдастыру, штаттық

қарулану және ұрыстық техника, бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері.

 

  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазіргі заманғы ұрыс

сипатын түсіндіру.

  1. Уақыты: 40 минут.
  2. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.
  3. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.
  4. Сабақтың барысы:

 

    а) Ұйымдастыру кезеңі – 2 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

 

       ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  8 минут.

  • Саптан шығу қалай орындалады?
  • Бастыққа қалай баяндама жасалады?
  • Бастыққа барған кезде ара қашықтық қанша метр болу керек?
  • Бастық сапта тұрған кезде аты жөн аталған кезде қалай жауап беру керек?

 

     б) Негізгі бөлім – 22 минут.

     Қазіргі заманғы ұрыс сипаты.

 

     в) Қорытынды бөлім – 8 минут.

          Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Саптан шығу қалай орындалады?
  • Бастыққа қалай баяндама жасалады?
  • Бастық сапта тұрған кезде аты жөн аталған кезде қалай жауап беру керек?

 

ТД. Т1. Бөлімшені ұйымдастыру, штаттық  қарулану және ұрыстық техника, бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері.

    Ұрыс – соғысушы екі жақтың бөлімі мен бөлімшелерінің (ұшақтарының, кемелерінің), әскерлерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден – бір құралы және қарсыласты жою немесе тұтқынға алу мақсатында, сонымен бірге маңызды аудандарды (объектілерді, шептерді) ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.

Қазіргі заманғы ұрыс жалпыәскери болып табылады. Оған әуе қорғаныс күштері, аэроұтқыр әскерлер, құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері, сонымен бірге теңіз жағалау бағыттары қимылдарында – шекара қызметіндегі теңіз дивизия кемелері және әскери — теңіз күштері қатысады.

Қазіргі заманғы ұрыста қарсыластар жағы ядролық қару және жеңіліске ұшыратудың басқа да құралдарын немесе тек әдеттегі қару-жарақтар қолданып жүргізуі мүмкін. Қарсыласты талқандау және ұрыста жеңіске жету, қарудың барлық түрлерінің қуатты соққылары, ұрысқа қатысушы бөлімдер мен бөлімшелердің белсенді және шешуші қимылдары, жауынгердің моральдық және дене күштерінің шектік төзімділігі нәтижесінде мүмкін болады.

    Қазіргі заманғы ұрыстың негізгі белгілері: айлалық (маневрлік), жоғары өзгермелік, жағдайдың тез және шұғыл өзгеруі, майдандағы және тереңдіктегі ұрыс дамуының бір қалыпсыздығы, ұрыс жүргізу тәсілдерінің әр түрлілігі, жеке құрамның моральдық — психологиялық және дене күштерінің жоғары болуы.

    Қазіргі ұрыс түрлері және олардың сипаттамасы. Ұрыс мақсатына және тактикада қол жеткізу әдістеріне байланысты ұрыстың төмендегідей түрлері болады: шабуыл, қорғаныс және бетпе – бет ұрыс.

    Шабуыл ұрыстың негізгі түрі. Тек шешуші шабуыл арқылы ғана қарсыласты талқандауға болады. Шабуылдың мәні: шабуылдаушы әскер барлық қолда бар атыс құралдарын, сондай-ақ ядролық қаруды пайдаланып, қарсыласты талқандап және қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып, қарсылас орналасқан тереңдікке шапшаң енеді, сөйтіп, оның тірі күшін, қару – жарағын, ұрыс техникасын жояды да қарсылас орналасқан аймақты басып алады.

Шабуыл алдында, әдетте, атыс дайындығын жүргізеді. Ол қарсыластың маңызды объектілерін талқандау мақсатында оның қорғанысына артиллерия мен авиацияның алдын ала жоспарланған және дайындаған соққысын жіберуден тұрады.  Осы уақытта ядролық соққылар да жіберілуі мүмкін. Мотоатқыш бөлімшелері қарсыласты жеңіліске ұшырату дәрежесіне байланысты ЖҰМ-да немесе жаяу ретте шабуылдауы мүмкін.

Қорғаныс – қарсыластың басым күшінің шабуылын тойтару, оны едәуір шығынға ұшырату, орналасқан бекіністі ұстап тұру және кейін шешуші шайқасқа шығу үшін тиімді жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыс түрі. Қорғаныс қарсыласқа бекінген орыннан барлық қару атысымен зақым келтіру, бекіністер мен тірек пункттерін ұстап тұру үшін табанды күрес жүргізу, сонымен бірге сыналап кірген қарсыласты жою және жағдайды қалпына келтіру мақсатында қарсы шабыл жүргізумен сипатталады.

Бетпе – бет  ұрыс – шабуылдық ұрыстың бір түрі. Ол екі жақ қойылған мақсатты шабуылмен орындауға ұмтылған кезде жүргізіледі.

Бетпе – бет  ұрыс көбіне шеру жасайтын әскерлерге тән. Ол ұрыс барысында: шабуылда — қарсыластың қарсы шабуылын тойтару кезінде, қорғаныста – шабуылдаушы қарсыласқа қарсы шабуыл жасау кезінде тууы мүмкін. Бетпе – бет  ұрыс кезіндегі әскерлердің қимылы негізіне — қолда бар барлық атыс құралдарымен қарсыласқа зақым келтіру, ал ядролық қару пайдалану жағдайында үлгергенге дейінгі қашықтықта ядролық қарумен зақым келтіру, тиімді шептерді басып алу мен ұрыстық ретке жазылуда қарсыластың алдын алу; тыл мен қапталдардан соққы беру, қарсыласты бөлшектеп талқандау жатады.

 

 

        Алғашқы әскери   дайындықты

оқытушы-ұйымдастырушысы: ___________М.Сериков