Адам тіршілігіндегі судың маңызы, қорғау.     

Бекітемін:

 

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған

Дүниетану  сабағының жоспары

 

Мектеп «К Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ                                                                 Мерзімі: 23.09.2016 ж                                                                                                           Тақырып:      Адам тіршілігіндегі судың маңызы, қорғау.                                                                                                                               Құндылық: Дұрыс әрекет                                                                                                   Қасиеттер: аялау ,қамқорлау,қорғау,үнемшілдік                                                                                                                  Мұғалім: Оразалин Ринат               Сынып – 4- сынып       Оқушылар саны – 15

Сабақтың мақсаты: : Оқушыларға судың адам тіршілігіндегі маңызын,оны қорғау қажеттілігін түсіндіре отырып,өмірде табиғатпен қарым-қатынаста дұрыс әрекет жасай білу құндылығының адамгершілік ретіндегі маңызын ашу.

Сабақтың міндеттері:

Судың қасиетін,тіршілік көзі ретіндегі маңызын ұғындыру;
Су көздерін пайдалануда зиянды бұрыс әрекеттерден аулақ болып,дұрыс әрекеттер жасауға баулу;
Суды ысырап қылмай пайдалана білуге, үнемшілдікке,қамқорлыққа тәрбиелеу.

 

Ресурстар:(материалдар, көздері)

 

 

 

Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

1.Ұйымдастыру кезеңі.

5-Т ережесімен таныстыру
Т-тәртіп
Т-талап
Т-тыныштық
Т-тазалық
Т-татулық
Топқабөлу.Бұлттың,                                                  кемпірқосақтың,тамшының  суреті арқылы топқа бөлінеді.
Тыныштықсәті: Орманғасаяхат

 

Ескерту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ішкі нтеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)

 

Су –тіршіліктің қайнар көзі ғана емес, ол –біздің рухымыз.  Бес құндылығымыз осында жатқан сияқты. Суды таза, мөлдір, пәк деп танимыз бұл ақиқат. Суды сырап жасамасақ, бұлақ көзін ашсақ дұрыс әрект, шөлдеп тұрып суды ішіп ләззат алсақ, мейірленіп күліп жадырап, айналаға жылылық шашсақ сүйіспеншілігіміз, ашулансақ су ішеміз, ыстық көтерілсе суық су басамыз бұны ішкі тыныштық десек, суды ластамасақ , былғамасақ қиянат жасамау емес пе. Егер бір әрекетіміз дұрыс болмаса біздің де денсаулығымызға кері әсері бар. Осы әрекетіміз дұрыс болса біздің рухымыз жоғары, санамыз сергек болары хақ.

Мысал: 2 стақан су /жылы сөз және жай тұрған су/  осы мысал арқылы оқушыларға судың адам тәні мен жанына  тигізер әсері барын түсіндіріп өту.

Үй тапсырмасы Үйге тапсырма №6, 15, 70 бет                    Сабақтың қорытынды сәті

Сабақтың қорытынды сәті                                                                                               Балалар осы  тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңе түйіңдер.