Жаңа жыл төрімізде.

Өткізілген күні:

Білім беру саласы:Әлеуметтік. Қатынас.

 Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Жаңа жыл төрімізде.

Мақсаты: 1 Жаңа жылды тойлау дәстүрімен таныстыру.

2.Шырша ойншықтарымен шыршаны безендіре білу дағдыларын қалыптастыру.

  1. Дәстүрлі мерекелерді атап өтуге баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: мереке суреті; Ақшақар мен Аязатының суреті, үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс: мереке.

Билингвальды компанент: мереке-праздник, шырша-ёлка, Жаңа жыл – Новый год.

Оқу іс әрекетінің кезеңдері  

                      Педагогтің іс-әректі

 

Балалардың

 ісәректі

Мотивациялық қозғаушылық 1.Ғажайып сәт.

Педагог балаларға қорапшаны көрсетіп, сәлемдеме келгендігін хабарлады.

 

2.Билингвальды компент: мереке-праздник, шырша-ёлка, Жаңа жыл – Новый год.

 

 Қуаныштарын көрсетеді.

 

 

 

Қайталайды.

Ұйымдастыру 

іздестіру

1.Білімді өзектендіру.

— Балаларғ мынау Аязатаның сәлемдемесі сияқты. Өйткені Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатыр.

(Қорапшаны ашады). Ішінде жаңажылдық ойыншықтар мен шыршаны безендіреміз. Мерекеге ата – аналар да қатысады, ертегі кейіпкерлері де келеді. Балалардың біреуі қоян, біреуі тиін, тағы да басқа кейіпкерлерге айналады. Шыршаны айнала шаттық шеңберін құрып, өнерлерін көрсетеді, ал Ақшақар мен Аязата бізге сыйлықтарын береді. Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Бәріміз келе жатқан Жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Адамдар бір – біріне жақсы тілектер тілейді.

4. Жаңажылдық шыршаны безендіру.

5. Сөздік жұмыс.

Мереке – салтанатты той, мейрам.

6. Жаңажылдық өлең оқу.

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тартады қараса.

7. Үлестірмелі материалмен жұмыс орындалады.

Жеке жұмыс жүргізеді.

8. «Жаңажылдық тілек» ойыны. Бірнеше бала мерекелік тілектер айтады.

 

 

 

 

Балалар суреттерді қарастырып, сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар шыршаны безендіруге көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

Өлең жолдарын қайталап айтады.

 

 

Тапсырманы орындайды.

Рефлексивті-түзетушілік Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдері қортындыланады. Сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.

 

 

 

Кутілген нәтиже:

Орындайды: жаңа жылдық тілек айтуға арналған тапсырмаларды.

Түсінеді: жаңа жылды тойлау дәстүрі туралы мәліметтерді.

Қолданады: шырша ойыншықтарымен шыршаны безендіре білу дағдыларын.