«Қолөнер мол өнер»
Алматы облысы, Ақсу ауданы,
Жаңатілеу орта мектебі, МДШО КММ-ң
еңбек пәнінің мұғалімі Муса Д.
Тақырыбы: «Қолөнер мол өнер»
(жарыс сабақ)
Сабақтың мақсаты: жарысу арқылы оқушылардың бәсекелесу қабілеттерін дамыту, жылдам шешім қабылдауға, ойларын жинақтап, қорытынды жасай білуге, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, қоржын,
топшалар, моншақ, леска, қайшы, түрлі-түсті
қағаздар.
Жарыстың жоспары:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
— жарыс сабақтың тақырыбымен таныстыру.
— жарысқа қатысушы топтармен таныстыру.
— Әдірқазы алқаларымен таныстыру.
— Өнер көрсету жарысының кезеңімен таныстыру.
ІІ.Жарыстың барысы.
ІІІ.Жарыс қорытындысы.
Жарыстың барысы:
-Армысыздар қадірменді оқушылар және әділқазы алқалары бүгін біз «Өнерпаз» пән бірлестігінің апталығына орай ұйымдастырылып отырған «Қолөнер мол өнер»атты жарысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Бұл жарыста 7-сыныптың «Шеберлер» тобы және 8-сыныптан «Гүлзар» тобы өнерлерін көрсетеді.
Бастарыңа қонсын дәйім бақ құстары,
Күн қуатын тілейміз ғарыштағы.
«Ұзақ ғұмыр», «Қуаныш», «Нұр» сыйласын
Өмірдің тыншымайтын ағыстар – дей отырып, ақ маңдайлы, ашаң жүзді, бота көз
арулырымызды ортаға шақырамыз.
Ендігі сәтте жарысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Бүгінгі біздің жарысымыз 5-кезеңнен тұрады.
І-кезең «Сәлем сөздің атасы»деп аталады, әртоп атымен ,ұранымен,
эмблемасымен таныстырады.
ІІ-кезең Қолөнерге байланысты мақал-мәтелдер жарысы.
ІІІ- кезең «Анакөрген тон пішер» деп аталады қолөнер бұйымдарын көрсету.
ІV-кезең Ұлттық қолөенрге салт дәстүрге байланысты қоржыннан әртоп
4-сұрақтан алып жауап береді.
V-кезең «Ою ойғанның, ойы ұшқыр» деп аталады бұл жарыста қағаздан
ою-өрнектерді ойып жапсыру
Өнер білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын
Өнерді әділдікпен бағалайтын
Таныстырайын әділқазы алқаларын – деп бүгінгі жарысымыздың әділқазы
алқаларын таныстырып өтейін.
1.Қамбаева Г.Н. – Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
2.Рахимова Б.М.- Еңбек нәнінің мұғалімі
3.Иманхасенова Г.У. — Сурет пәнінің мұғалімі
І. Тасқындатып біз бүгін жыр бұлағын
Өзімізше өзгеріп бір сән құрамыз
Бұл сайыстың алғашқы кезеңінде
Таныстырсын топ арулары –деп сайысымыздың І-кезеңі бойынша
«Сәлем сөздің атасы» кезекті топ жетекшілеріне береміз.
ІІ. «Кел балалар ойнайық
Ойнайық та ойлайық
Қандай мақал болса да
Айтпай оны қоймайық!» — дей отырып мақал-мәтел сайысына кезек береміз.
ІІІ. Қандай жақсы майысып тұрғандарың
Бойыңа жиған боп өнер бағын
«Ана көрген тон пішер»деп
Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын – демекші 3-кезең бойынша қолөнер көрсету
кезегіне берейік.
ІV.Ақылдылық аруларға жарасады
Көзі ашық кім бүгін санасады.
Келесі сұрақ-жауап сайысында
Ақылына көркі сай арулардың
Сыналар ақылы мен тпарасаты – дей отырыпұлттық қолөнер салт- дәстүрге
байланысты сұрақ-жауап кезеңіне береміз.
V.Ою ойып оймақты
Шеберлікті шыңдайық
Білгір болып білікті
Жанбай жұлдыз тынбайық
Оюмен түскен жарысқа – деп отырып «Ою ойғанның ойы ұшқыр» атты оюшылар
сайысына кезек береміз.
Қолөнер халқымыздың өрістесін,
Әрқашанда алла берсін берекесін.
Өнерлі жастарымыз өсіп-өнсін деп,
Осымен сайысымызды аяқтаймыз.