«Ұлт тәрбиесінің қайнар көзі кітапхана »

 

 

«Ұлт тәрбиесінің қайнар көзі кітапхана »

(2-сәуір-Халықаралық балалар кітабы күніне орай Кітапханаға саяхат)

.

 

Кітапханашы: Қайырлы күн , құрметті кішкентай оқырмандар !

Мен сіздерге кітапханаға қош  келдіңіздер деймін. Мен осы кітапханада кітапханашы болып қызмет жасаймын . Бүгін мен сіздерге кітапхана  саяхат жасаймыз және осы кітапхана туралы әңгіме өткіземін .

Балалар сіздердің араларыңызда библиотека -кітапхана деген сөздің қайдан шыққанын білетін бала бар ма ? Кім біледі кәне?-Олай болса мен айтайын . Бұл грек сөзінен алынған  Библио- кітап , тека –сақтайтын орын деген сөзді білдіреді екен . Бұл сонда халқымыздың қазынасы , рухани байлығымыз кітап болса , бұл  Библиотека –кітапхана-кітап сақтайтын орын болды . Сонымен кітапханалар әр түрлі болады — үлкендерге және  балаларға арналған ,жеке ғылыми жұмыспен айналысатындарға жұмыс жасау үшін  және дем алушыларға арналған.   .Үлкен қалаларда кітапхананың түрі көп болады . Бізде ауылдық кітапхана біреу, мұнда кітаптар тиісті кітапханалық жүйемен орналасқан . Ал енді шағын кітапхана әркімнің үйінде де бар .Иә, әр отбасында азғантай ғана кітап болса да, ол кітапхана.

Ал балалар ,кітапхана қашан пайда болды деп ойлайсыңдар .? Иә ,өткен ғасыр-ларда пайда болды. Ең алғаш қағазды ойлап тапқанға дейін де ,кітапхана пайда бола бастады, Қалай ? Ерте замандағы өнертапқыштар табиғатты пайдаланды ..

Ал кітап ше ? Кітапты  Ең алғаш Индонезия  елінің оқымыстылары пальма ағашының жапырағына жазу арқылы ойлап тапты .орыстар қайыңды ,ағашты пайдаланды , Тау –тасты мекендеген  американдық-тар тасты , ал ешқандай ағаш өспейтін Қиыр Солтүстік тұрғындары аңның, жануарлардың сүйегіне ., ал Азия тұрғындары матаға жазды . Ал Қытайда жазуға бамбук ағашынан тақтай-ша жасап және жібек маталарды пайдаланды . Ежелгі Ассирия патшасы Ашшурбани-пал құмнан қатырып жасаған кітап жинаған .Ал мына біз ұстап жүрген кітап-тарды әуелде малдың терісінен үлгіртіп жасады . Сол кездегі өте бай адамдар теріден жасалған кітаптың сыртын қымбат бархытпен қаптап, бетіне қымбат тас-тармен ,алтын , күміспен  әшекейледі .

Ең алғаш кітапты қолмен жазды , бірінен бірі көшірді ,  ол ұзақ уақыт алды  , үлкен қалың кітаптарды бір жыл жазды . Ол уақытта кітап аз болды , қымбат болды, оны тек байлар ғана сатып алатын еді .

Ал кәзір ше ? Кітап басып шығаратын механизмдер , баспаханалар көбейді . Кітап көп және арзан . Екінің бірі кітап сатып алуға жағдайы жетеді . Ал енді кәзіргі заманда кітапта, кітапханада көп . Үлкен қалаларда әрбір кәсіп орында-рында, әр оқу орындарында бар .Бізде де екі кітапхана бар , бірі осы болса , екіншісі мектепте .

 

Ал сендер осы кітапханаға жазылып кітап алу арқылы , осы кітапхананың оқырманы бола аласыңдар.

Сол үшін  енді мен сендерді осы кітапханадан қандай қызықты кітаптар мен газет- журналдар алып оқуға болатыны туралы таныстырып өтейін .

Біздің кітапханада 8 000 мың дана  кітап қоры бар және 20 атаулы мерзімдік баспасөз басылымдары бар , оның ішінде балаларға арналған –Мөлдір бұлақ, Балдырған , Жыл 12 ай , Ертегілер елінде,Балапан бағы,Хан талапай атты журналдар Балаларға базарлық , Ұлан атты газеттермен толықтырылған Мына жерде өздерің көріп тұрғандай  балалар кітаптары орналасқан . Кітапханадағы кітаптардың әрқайсысының өздерінің тиісті орны бар .Осы орналасуына қарай кітапты тез тауып алуға болады . Кітаптың артқы қырында аты және авторы жазылған . Әрбір оқырман кітапты қолына алып қарап шыққаннан кейін , қайтып  орнына қоярда, мұқият болу керек , өйткені әр кітап өзінің тиісті орнында тұруы керек .

Кітапханадан оқырмандарға көркем әдебиеттерді , әр саладағы   кітаптарды үйге алып оқуға 10 күнге беріледі.Ал энциклопедия .сөздіктер. анықтамалықтар үйге берілмейді өйткені , оны оқырмандар тек осы кітапханада оқу залында ғана пайдаланады.Ал бұл үлкен кітаптар сендерге мұғалімдерің  үйге тапсырма бергенде , қажетті сұраққа жауапты табуларыңа көмектеседі .

Тағы да мен сендерге айтып кетуім керек –ол ,кітапханаға келген әрбір оқырман кітапхана ережесін қатаң сақтауы қажет.

 

  1. Оқырман кітапханада тиыштық сақтау керек.    Неге ? (Өйткені…
  2. Алған кітапты уақытында қайтару керек .           Не үшін ?
  3. Кітапхана кітаптарын жоғалтуға болмайды . Жоғалтқан жағдайда орнына кітаптың құнымен бірдей кітап тапсыру керек .
  4. Кітапхана кітаптарын сақтап , қорғау керек .өйткені ол кітапты келесі бала оқуы керек .

Менің қолымда екі кітап тұр қайсысын таңдайсыңдар ? Неге ?

Әрине бұл кітап — таза ,жаңа, әдемі ,жыртылмаған кітап -парақтары жыртылған , ескі кір қожалақ кітаптан көрі бұл қызғылықты .

Иә, енді кітапханада кітаптардың ұзақ сақталуы мен таза ,әдемі ,қалпын қалай қорғаймыз ? Ол үшін мына ережені білуіміз керек.

1 Кітаптар арнаулы сөрелерде тұру керек.

2.Кітап оқығанда столдың үсті және қолың таза болу керек .

3.Кітаптың бетін қайырып бүктеме, арасына қарындаш , ручка салма .

Неге ? (өйткені …

4 .Кітаптың бетіне сурет салмау керек  , жазбау керек  .

  1. Тамақ ішіп отырғанда кітап оқуға болмайды . Неге ? (Өйткені …

Ал енді сендерге  кітап туралы жазылған өлең оқып берейін .

( Бір автордың кітабын тауып оқу керек )

Ал енді мынау формуляр деп аталады . Мұнда сендердің аты жөндерің .және қандай кітап алғандарың жазылады .Ал енді, балалар, сендерге кітапханадан оқуға  кітап, газет –журналдар жаздырып алуға болады .