Балалар бақшасында музыкалық аспаптарды қолдану негізі

Қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты бала танымын ашу мақсатында түрлі көркемдік құралдарды қолдану,мұражайлар мен ескерткіштерге,театрлар мен өнер ошақтарына саясат ұйымдастырғанның да әсері мол.Әлбетте,баланың ұлттық сана-сезімін жетілдіру халқымыздың тарихындағы ұлы тұлғалар (Тәуке хан,Абылай хан,Әбілқайыр хан), ғұлама билері (Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би),саусағынан өнер тамған күйшілері (Құрманғазы,Дина,Қорқыт) жайында түсінік беруінсіз неғайбыл.

Басты назарды даналарымыздың өсиет-өнеге сөздерін,тырнақ алды туындыларын жан-жақты ұғындыруға аударған абзал.

Баланың қабілеті белсенді музыкалық қызмет үрдісінде дамиды.Баланың өсу сатыларындағы өзгерістерді ескере отырып,музыкалық қызметті баланың ең жас шағынан бастап дұрыс ұйымдастырып,бағытқа салу әр музыка жетекшісінің міндеті қазіргі жағдайда музыкалық ойыншықтар мен балалар аспаптарына айрықша роль жүктеледі.Олар балалардың зор қызығушылығын туғызады.Музыкалық аспаптарды балабакшада пайдаланудың алуан түрлі мол мүмкіндігі бар.Бос уақытта музыкаға деген әуестенушілік те,балалар оркестріндегі ұжымдық орындаулар да осындай мүмкіндік болып табылады.Ән-күй жетекшісі әуелі аспаптардың көмегімен балалардың музыкамен өздігінше айналысуына түрткі болуға күш салады.Балалар өздеріне таныс шағын әндерді ойнауды,есту қабілеті арқылы таныс әуенді іріктеуді,ән айтуды т.б.үйренеді.Бұлардан басқа кейбір ойыншық аспаптар көрнекі құрал ретінде пайдаланылады.

Балалар бақшасында музыкалық аспаптардың түрлерін ансамбль немесе тіпті шағын оркестр құруға болатындай етіп жинақтаған жөн.Балалар аспаптарының дауысы таза,көлемі мен салмағы жағынан балаларға қолайлы,құрылымы қарапайым,мейлінше мықты болу керек.

Музыкалық ойыншықтарды негізінен балғын жастағы балалар пайдаланады.Бірақ кейбір ойыншықтар музыкалық аспаптар сияқты оркестрге қосыла алады.Балалардың музыкалық аспаптары көбінесе кәдімгі аспаптардың кішкентай көшірмесі болып табылады.Әрине,олар кәдімгі музыкалық аспаптар сияқты аталып,сыртқы көрінісі мен дыбыстауы жағынан ұқсас болғандықтан кәдімгі музыкалық аспап дыбысын толық бере алмайды.

Барлық музыкалық аспаптардың белгілі бір тобы бар.Олар: шекті,үрмелі және соғып ойналатын аспаптар болып бөлінеді.Мұндай классификацияны кейбір шарттылығына қарамастан,балалардың музыкалық аспаптарына пайдалануына болады.

Халық музыкалық мұрасын жинап-теріп оны зерттеу жолында артына ұмытылмас із қалдырған А.В.Затаевич,академик А.Қ.Жұбанов,өнер зерттеушілері – Б.Т.Ерзақович,П.И.Аравин,Б.Ш.Сарыбаев сынды ғалымдардың игілігіне жарап,ұрпақтан-ұрпаққа тарап жатыр.

Қазақтың музыкалық аспаптарының шығу тарихы,оның өзіне тән ерекшеліктері туралы профессор Б.Ш.Сарыбаевтың еңбектерінде кеңінен баяндалған.Осы ғалымның еңбегінің арқасында қазақтың халық аспаптарының түрлері жиналды.Бүгіндеоның саны қырыққа жуық.Аспаптарды ол мынадай топқа бөлген екен.

Үрмелі аспаптар-сыбызғы,қамыс сырнай,сах сырнай,үскірік,тастауық,керней.

     Ішекті аспаптар-жетіген,шертер,домбыра,қобыз.

     Тікшікті аспаптар-шаңқобыз.

     Ұрып ойнайтын аспаптар- дабыл,даңғыра,дауылпаз,шыңдауыл,асатаяқ,қоңырау,т.б.

Осыған 21-ғасырда қазақ жерінде тара бастаған сыпнайдың (гармошка), қағаз сырнай (гармонь),ауыз сырнай (губная гармошка) сияқты түрлерін қоссақ,қазақтың музыкалық халық аспабы деген ұғымның кеңейе түсетінін байқаймыз.

Енді осы аспаптардың кейбіреулеріне сипаттама беріп,олар туралы жазылған аңыз-әңгімелерді мысал етіп келтірелік.

Домбыра-халық арасына кең тараған қазақтың ежелден келе жатқан сүйікті музыка аспабы.

Ерте заманда ән,жыр,ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданса,енді жеке шығармалар орындауға арналып,күрделі аспаптар қатарына иқосылды.Өткегн жүз жылдықта халық композиторлары Құрманғазымен бірге Дәулеткерей,Тәттімбет,Сейтек,Байсерке,Қазанғап секілді соқпақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан екен.Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болумен қатар,сол күйді шығарған шын мәніндегі өнер иелері.Қазіргі кезде домбыра арнаулы музыка фабрикалары мен ғылыми – зерттеу шеберханаларында жасалынып,көптен шығарылуды.Балаларға арнап ықшамдап шығарылған домбыралар да баршылық.

     Қобыз-халқымыздың ерте заманнан келе жатқан ең көне аспаптарының бірі.Қазақ халқының ежелден пайдаланып келе жатқан қобызы – қылқобыз.Қылқобыз деп аталатын себебі,оған екі қыл ішек тағады.Бұл аспап ата-бабамыздың әрідегі үніндей.Ол екі заманның сырын шертеді,алыс заман оқиғаларын қоңыр күйімен баяндайды.

Қобыздың тарихы көне әдеби ескерткіште Қорқыт ата есімімен тікелей байланысты.

Қорқыт халық ұғымында ел басына түсер аыртпашылықты күні бұрын болжай білетін сәуегей,оның тағдырын ойлап,түн ұйқысын төрт бөлген,замана шындығын қыл ішекті қобызда сөйлеткен асқан музыкант,халықтың басынан кешірген түрлі тарихи кезеңін өлеңмен баяндаған жырау.

Жетіген-ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының шертіп ойнайтын көне музыкалық аспаптарының бірі.Дыбыс ішектерді саусақтармен іліп-қағу арқылы шығады.Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалынады.

Шектері аттың қылынан тағылады.

Шаңқобыз— жалпы өнер сүйер қауымның бірден-бір жиі меңгертіп,ойнап жүрген аспаптарының бірі.Қазақ жерінде 21 ғасырдың екінші жартысынан бастап белгілі болған.Шаңқобыздың түрі уысқа сиғандай.Ол темірден,ағантан,кейде күмістен істелінеді.Шаңқобызды ойнағанда,оны тістіңиарасына апарып,тілшеге ерінді тигізбей тіл мен көмекейдің қатысуымен ғажап үн шығаруға болады.Аспаптың тембрі әдемі,әрі нәзік.

   Асатаяқ-ұрып және сілкіп ойнайтын музыкалық аспап.Асатаяқ бұрын көбінесе диуанан – бақсылар қолданған.Оның бірнеше түрі бар.Басына бұршақ салып,метал сылдырмақтары басына ілінеді.

    Тұяқтас-ұру арқылы үн шығаратын аспаптар тобына жатады.Ол аттың тұяғынан жасалады,оны өңдеп музыкалық аспап ретінде қолдану үшін,бір немесе бір жарым жыл уақыт кептіру қажет.Сонда ғана соққанда анық,таза,үн шығады.

    Дабыл— ұрып ойнайтын аспаптар қатарына жататын аспаптардың бірі.Дабылдың шанағының екі жағы джа терімен қапталған.

Балалар үшін сабақта қолданылатын музыкалық аспаптар көлемі,салмағы жағынан ыңғайлы,құрылысы қарапайым әрі мықты болуы керек.

Музыкалық  аспапта ойнау кезінде балалардың тұрып ойнау,немесе отырып ойнау қалпын қадағалау қажет.Әр музыкалық аспаптың сипатына сай оның ырғақтық өрнектерді келтіру ерекшеліктерін ескеру керек.

Аспапта ойнау балаларды ұйымшылдыққа,бірлікке,сезімталдыққа,адамгершілікке баулиды.Музыкалық аспаптардың құрылысына тоқталсақ олардың басым көпшілігінің тұт ағашынан,ал ішегінің жібектен жасалатынын,өйткені тұт ағашы мен жібектің арасында табиғи үйлесімділік бар екенін,сол себепті мұндай аспаптың үні әсем де әсерлі шығады.Балаларға арналған қазақтың ұлттық аспаптары өзінің сыртқы құрылысымен қызықтырып,баланың оны ойнап көруге деген құштарлығын туғызады.

Ән-күй сабағында музыкалық аспаптармен таныстыру,ойнау әдістерін меңгерту арқылы баланың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру-педагогикалық шеберлікті,талмай ізденуді қазет ететін жұмыс.