Бастауыш сыныптардағы сыныптан тысжұмыстардың өткізудің  әдіс тәсілдері.

 

Бастауыш сыныптардағы сыныптан тысжұмыстардың            өткізудің  әдіс тәсілдері.

 

Мақсаты: Бастауыш сыныптарда  сыныптан тыс жұмыстарды  ұйымдастыру.

Оқушылардың білімдерін одан әрі шыңдау, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру, шығармашылық ізденісін, өзіндік қабілетін, қоғамдық қарым- қатынасын қалыптастыру.

 

Мен өз қалауым бойынша  ұстаздық жолды таңдадым,көп жылдан бері ұстаздық жолында еңбек етіп келемін .

Ғасырлар мен дәуірлер бәрі өтеді,

Әрбір ұрпақ есімін ән етеді.

Ұстаз деген ұлы есім  ұғынғанға

Бала шақ пен болашақ дәнекері,»-деп ақын жырлағандай, менде өз өмірімде осы мамандықты  таңдаған адаммын.

Сондай-ақ « Алты алаштың баласы бас қосса, ең қадірлі орын мұғалімдікі», -деп Мағжан айтса, « Мұғалім – мектептің жаны» ,- деп Ахмет бекер айтпаса керек. Мен осы сөздерді жадыма сақтап , алдыма бір- ақ мақсат қойдым. Ол – шәкіртімнің сапалы білім алуы. Мектепте баланың сыныптан тыс жұмыспен айналысуына ұстаздың әсері мол. Сыныптан тыс жұмыс баланың  пәнге деген  ынтасын арттыратын ,баланы дұрыста сауатты оқуға дағдыландыратын, өз ойы мен түсінігін жүйелі айтып беруге үйрететін ең керекті әдіс. Сондай- ақ баланың өзінің ұлттық тілін жүйелі  ұғынуға, меңгеруге мектепте өтетін сыныптан тыс  жұмыстардың  әсері ерекше .Баланың білім меңгеруі ,мұғалімнің бар ынтасымен сабақ беруі-«инемен құдық қазғандай»қиын нәрсе.Меніңше ,баланың жасы өскен сайын мінезі де, оқуға деген қатынасыда өзгереді. Сондықтан сыныптан тыс оқу арқылы баланың қызғушылығын арттыру- ең  дұрыс әдіс. Бұл туралы психолог Қ .Жарықбаев адамның бір нәрсеге қызығушылығы құмартудан, сол нәрсені үнемі ойлаудан ,жүелі зейін қоюдан болатындығын ескеркен. Мен баланың сабаққа деген қызығушылығын екі түрлі әдіспен жүргіздім.

Оның біріншісі оқушының белгілі тақырыпқа қызығушылығын зорлау, міндеттеу жолымен емес,оқушының өз еркі деп түсіну керек. Сондықтан тақырыпқа байланысты қызықты ойындар арқылы  баланың  қызығушылық сезімі мен ынтасын арттыру керек. Мысалы мен өзімнің өткізген «Миірімді ана  тақырыбындағы паезия кеші , «Ғасыр көшбасшысы,»  «Мен және менің ата –анам ,»( спорттық сайыс) «Жүзден жүйрік»(математикалық сайыс),«Кім көп біледі»(сынып аралық сайыс) т,б.Міне осындай сыныптын тыс жұмыстардың білімдегі орнының ерекше екеніндігі даусыз.

Екінші қолданған әдісім . баланың жас ерекшелігіне  баса назар аудардым. Баланың жас ерекшелігіне назар аудару сыныптан тыс өткізілетін жұмыстардың түрі мен формасына байланысты көлемін,  мазмұнын түрлендіріп отыру да баланың жасына тікелей байланысты. Сондықтан  тақырып пен ойын  түрлері шағын ғана баланың түсінігіне ықпал ететіндей  болуы шарт. Меніңше , сапалы білім беру бірнеше мақсатты көздейді. Атап айтқанда, оқушыны өз бетімен қоғамдық пайдалы еңбекке  дайындау мен ғылыми істерге биімдеу. Өз бетімен қоғамдық еңбекке дағдыланған бала келешекте  ғылыми жұмысқа бейімді келеді.Міне , сондықтан да сыныптан тыс өткізілетін жұмыстар баланың келешекте қағамдық  істерге деген іскерлігін арттырса, ғылыми іске деген   ынтасын  жас кезінен қалыптастыра бастайды. Мен оқушылардыың  оқу және біліктілігіне қарай  үш топқа бөлдім.

Бірінші топ . Оқу еңбегін ұйымдастыру тобы

Екінші топ.   Кітаппен жұмыс істеу тобы.

Үшінші топ. Ауызекі және тіл мәдениетін жетілдіру тобы.

Бірінші топ бойынша оқушылардың кез келген мәтінді мәнерлеп және қатесіз оқуды ұйымдастыру кезінде оқушылардың арасында бәйге ұйымдастыру арқылы берілген тақырыпты  дұрыста қатесіз оқуға дағдыландырдым.  Қортындыды  бұл топтан  жүргізіп қатесіз  оқи алатын шәкіртердің молая бастағанын байқадым. Осының нәтижесінде сыныптан тыс кезде ақындармен жазушылардың  шығармаларын ынтамен оқып, оқушының ынтасы артты. Ал екінші топ оқушылары « Кітап –білім бұлағы» деген нақылды есте сақтай отырып, мектеп қытапханасында кітаптарды пайдалана отырып, ондағы аңыз бен ертегілерді оқуды әдетке айналдырды. Сондай-ақ үшінші топтағы балаларға шешендік сөздерді оқуға тапсырыс бергенімде оқушылар өз бетінше көптеген  шешендік нақыл сөздерді жаттап қана қоймай , әңгімелер айтқанда , осы нақылдарды айтып отыратын дәрежеге жетті. Сондай –ақ  бұл жетістіктер  оқушылардың  арасында

өткізілген « Тілім менің –жырым менің» атты  оқушылардың  сайысында байқалды.

Оқушылардың ой өрісін дамытуда өткізілетін сыныптан тыс  оқушылар канференциясының орны ерекше . Мен сыныптан тыс бірнеше осындай жиындарды өткізе отырып ,  оқушылардың сыныптан тыс оқуға деген ынтасын байқадым . Қорыта келгенде, сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу барысында мына талаптарды іске асырылатыны байқалды.

  1. Оқу үрдісінде алған білімдерін ары қарай дамыта алады.
  2. Оқушының қоғамдық белсенділігі артады.
  3. Шығармашылық ізденісін, өзіндік қабілетін, қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырады.

Сондай-ақ мұғалім мыналарды есте сақтағаны дұрысдеп ойлаймын. Өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың жоспары жасалып, ол жоспар мектеп дирекциясының бақылауында болғаны дұрыс. Меніңше оқушылар жоғардағыларды орындау барысында бастауыш сынып оқушылары қоғам, Отан, табиғат, жануарлар дүниесі туралы әңгімелермен танысыды. Соның нәтижесінде баланың оқуға деген ынтасы , белгілі бір мамандыққа деген құмарлығы артады.Оған қоса сыныптан тыс оқудың мынадай түрлеріне көңіл аудару керектін айтар едім. Атап айтқанда, сабақтан тыс уақытта мұғалімнің дауыстап оқуы, топқа бөлініп оқу. Өз таңдаулары бойынша кітап оқу. Міне бұларды сапалы өткізу тек мұғалімге ғана байланысты дер едім.

 

 

 

Дайындаған: Кенжегалиева Мейрамгүл.

БҚО. .Қаратөбе  ауданы.  Қоскөл ОЖБМ.