Танымдық процестерді дамытуға арналған ойын-жаттығу сабағы.
Танымдық процестерді дамытуға арналған ойын-жаттығу сабағы.
Өткізілген күні : 15.10.2018ж.
Өткізілген топ : «Балдәурен»
Мақсаты : Тәрбиеленушілердің танымдық процестерін дамыту.
Міндеті : Есте сақтауды дамыту ,жылдамдыққа үйрету.
Қажетті материалдар :тоқыма жіп,ақ парақтар.
- Сәлемдесу «Достық торы».
Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып,психолог тоқыма жіпті бір саусағымен іліп алып өз есіміне жылы сөз қосып айтып,өзі қалаған балаға береді.Жаттығу осылай жалғасады.Соңында «Достық торы»пайда болады.
- «Сөздерді есте сақта» жаттығуы.
1 минут ішінде 12 сөз оқылады және есте сақтау ұсынылады.Сөздер:Сүлгі,қоян,доп,дәрі,жылан,аю,шам,жүзім,теледидар,аю,ит,мысық.
- «Ойлан тап!» жаттығуы
Үстелдің үстінде 4 алма тұр.бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды.Үстел үстінде қанша алма қалды?Бөлмеде 2 орындық тұр.Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?
- «Түрлі-түсті доптар »жаттығуы
Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп,қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал,ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал!
Педагог – психолог Ж.Д.Рамазанова