Әдепті сөздердің адамдардың қарым-қатынасында алатын орны.

Әдепті сөздердің адамдардың қарым-қатынасында алатын орны.

 Пак Алина

4В сынып  «Физика –математикалық  лицей»ММ

Самбулатова Гүлшат Шүкірқызы

бастауыш сынып қазақ  тілі пәнінің мұғалімі

«Физика –математикалық  лицей»ММ

Мақсаты:

Әдепті сөздердің адамдар арасындағы қарым-қатынаста алатын орны туралы оқып білу.Біздің сынып оқушыларының арасында қолданылатын әдепті сөздерді зерттеу.

Міндеттері:

Алынған тақырып бойынша әдебиеттермен танысу.Әдепті сөздердің шығу тарихын зерттеу, олардың мағынасын білу, әдеп деген не екенін білу. Бақылау жүргізу. Бақылау тақырыбы:«Біздің сынып оқушылары арасында қолданылатын әдепті сөздер».

Зерттеу әдістері:

Әдебиеттерге шолу жасау.Зерттеу барысында компьютерді қолдана білу.Оқушылардың сөйлеу әдебіне назар аудару. Зерттеу бойынша оқушылар әдебіне назар аудару.Зерттеу әдістері бойынша диаграмма жасау.

Гипотеза:

Балаларды әдептілікке баулу, әдептілік қасиеттерін қалыптастыру, бір-бірін сыйлай білуге үйрету. Әдепті сөздерді қолдану, оқушыларды сыпайылыққа,әдептілікке үйретеді, тек жағымды, жақсы қасиеттерді қалыптастырады,жаман әдеттен сақтандырады.

Өзектілігі:

Бүгінгі күнде әдептілік балалар үшін өзекті мәселе.Әдептілік-тек мәдениетті кісі бойынан табылатын қасиет. Әдептілік қасиеті жоқ адамға , өзін қоршаған ортадағы адамдармен қарым –қатынас жасау қиынға соғады.Сол себепті ата-аналар мен мұғалімдер бала бойында әдептілік қасиеттерін ерте жастан қалыптастыруды көздейді.  Біздерді ата-аналарымыз жасөспірім кезімізден әдептілікке үйретеді, мектепте де әр түрлі әдептілік тақырыбында мәселелермен танысамыз.Мені толғандыратын сұрақ:

Әдептілік деген не? Адамдар неліктен әдепті сөздерді қолданылады? Әдепті сөздер қайдан шыққан, олар қандай мағына береді? Осы сұраққа жауап беру мақсатында мен бақылау жүргіздім. Алдымен «Әдептілік» сөзінің шығу тарихына шолу жасадым.   Әдепті сөздерді бірнеше топқа бөлуге болады: 1.сәлемдесу сөздері;2.алғыс сөздері;3. Өтініш сөздері;4.кешірім сөздері;5.мақтау сөздері;

Бұл сөздерді жеке қарап, талдау жасайтын болсақ, олардың әрқайсысы да адамды әдептілікке тәрбиелеуде ерекше орын алады.

 

Әдептілік ережелері:

  1. Иманды болу. Құдіретті өмір заңдылықтарын жанжүрекпен сыйлап, сол тәлімнаманың қағидаларын бұлжытпай орындаудың көркем көрінісі. Тек жақсылық жасау, жақсылық ойлау, адам баласын, айналаны, табиғатты сыйлай білу. Ашуланбау, өсек айтпау, артық сөз сөйлемеу, тек пайдалы сөзді айту. Жан тазалығы мен тән тазалығын сақтай білу. Тіршілікте тынымсыз пайдалы еңбек ету. Адам баласына, табиғатқа тек пайда келтіру. Иманды болу-ұлттық мәдениеттің, яғни әдептіліктің мәдени көрінісі. Иманды болу – адамгершілік парыз.

    Әдепті болу. Әдеп-қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі. Игі әдеттен әдет-ғұрып қалыптасып, одан әдеп пайда болады . «Әдеппен сөйлеп әдеттен» деп, халық сөйлеу мәдениетін талап етеді. «Әдепті бала –арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала» деп, халық әдепсіздікті қатты сынайды. «Көп сөйлеп созбайын, әдептен озбайын » деп , Абай дана көп сөйлеудің өзі әдепсіздік екенін ашық айтады. Мінез әдебі, жүріс-тұрыс әдебі, өнер әдебі, іс-әрекет әдебі, шығармашылық әдеп ұлттық тұлғаның ішкі және сыртқы тұлғаның мәдениетін көрсетеді. Жалпы ұлттық әдеп- ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылық болып табылады. Әдепті болу, яғни мәдениетті болу әрбір тұлғаның ұлттық борышы.

    3. Ізетті болу. Адамзат баласымен тек сыйласымдылық әдеппен қатынас жасай білу. Үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру. Көпшілікті, бауырластарды, руды, елді, ұлтты, жалпы адам баласын қадірлей білу. «Адам да –құдірет де, Әманда құрметте» қағидасын ұстау. Әрқашанда әдептілік іс-әрекетпен, әдеп сақтаумен көпшіліктің көңілінен шығу. Ізеттілік- мәдени әрекеттің көркем көрінісі.

    4. Қайырымды болу. Адам баласына, табиғатқа қамқорлықпен жақсылық жасау.Кемтарларға, кембағылдарға, жетім-жесірлерге, тұрмыстан қысылғандарға қайырым жасау. Халық қажетіне демеуші болу. Адамзатқа, табиғатқа қайырымдылық шараларын ұйымдастара білу. Қайырымдылық- әдептілік негізі. Қазақ халқы-қайырымды халық.. Біз – қайырымды халықтың ұрпағымыз. Қайырымды болу ұлттық парыз.

    5. Мейірімді болу. Адам баласына, табиғатқа мейір-шапағат көрсету. Адам баласының жақсылық жақтарын көріп, бағалай білу. Ата-ананың балаға деген мейірім-шапағаты. Жақсы адамдардың жанашырлық іс-әрекеттері. Жанжүрегімен беріле жақсы көрудің көркем көріністері. Ата-ананың немереге деген мейірімділігі, оларды ерекше жақсы көруі. Ата-ананың мейірім-шапағаты әдептің шыңы, жүрек сезімінің шындығы.
    6. Салауатты болу. Сабырлы, салтанатты тұлғаның өмір қиындықтарын жеңе біліп, саналы әрекет жасауының көрінісі. Артық сөзден, арақ ішуден, темекі тартудан, құмар ойындарынан аулақ болу әрекетінің көркем көріністері. Жан тазалығы мен тән тазалығын сақтай білудің нәтижелік белгісі. Әлеуметтік ортада әдеп сақтап, үлгі-өнеге көрсету арқылы байқалған, әдепті тұлғаның абыройлы бейнесінің көрінісі.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Горащенко В.П. Табиғаттанудан сабақ беру методикасы/ В.П. Горащенко– А.: Просвещение, 1977 – 39 б.
  2. Жұмабаев М. Педагогика / М. Жұмабаев– А.: Рауан, 1993
  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030/ Назарбаев Н.Ә. – А.: 1997
  4. Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания/ К.Д. Ушинский– М. Просвещение, 1977
  5. Табиғаттануды оқыту және балап тәрбиесi: — А.: Мектеп, 1985
  6. Богословский В.В. Жалпы психология / В.В. Богословский– А.: Мектеп, 1995
  7. Қоянбаев Ж.Б Педагогика / Ж.Б Қоянбаев– Астана.:1998
  8. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики / А.Н Леонтьев. 1972
  9. Занков В.В. Избранные педагигические труды / В.В. Занков– М.:1990
  10. Рубинштейн С.Л Избранные психологические труды / С.Л Рубинштейн–М.: Просвещение, 1960
  11. Выготский Л.С Проблемы возрастных периодизаций детского развития / Л.С Выготский – М.: Наука, 1972
  12. Выготский Л.С. Педагогическая психология/ Л.С. Выготский– М.:1980
  13. Горащенко В.П Методика преподавания природоведения/ В.П Горащенко – М.: Просвещение, 1984
  14. Горащенко В.П Методика изучения природы в начальной школе/ В.П Горащенко — М.: Просвещение, 1965
  15. Подзоров В.И. Природоведение с методикой преподавания/ В.И. Подзоров Учебное пособие для пед. училищ – Киев, 1990
  16. Пакулова В.М. Методика преподавания природоведения/ В.М. Пакулова– М.: Просвещение, 1990
  17. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң оқу бағдарламасы / 1-4 сыныптар/. – А.: 1997
  18. Жунiсова К. Дүниетану 1 сынып/ К. Жунiсова – А.: Атамұра 1999
  19. Мұқамадиева Ш.С “Дүниетану” сабақтарында бiлiм беру және тәрбиелеу. 1-2 сынып /Әдiстемелiк нұсқаулар/ Ш.С. Мұқамадиева — Өскемен.: 2000
  20. Жарықбаев Қ Қазақ тiлi тәрбиесi / Қ. Жарықбаев – А.: Санат. 1996
  21. Балтабай Е Этнопедпгогтка және тәрбие / Е Балтабай // Қазақстан мектебi, -2003, -№1, -40 б.
  22. Ауданбаева Қ. Деңгейлiк тапсырмалар / Қ. Ауданбаева // Қазақстан мектебi,- 2003. -№1. -75б.
  23. Сiләмбекова Т. Адамгершiлiкке тәрбиелеу – басты мақсат / Т Сiләмбекова // Қаз. Мектебi, -2003, -№5, -44б.
  24. Кабуш В.П. Гуманистичиское воспитание школьников / В.П. Кабуш // Педагогический вестник, -2004, -№2 – 31.
  25. Мамырханова Л.Н Оқушылардың пәнге қызығушыларын арттырудағы халықтық педагогиканың ролi / Л.Н Мамырханова // Педагогический вестник, 2003, -№2 – 29