«Қарым-қатынас мәдениеті» Тәрбиешілерге арналған тренинг

КМҚК «Балерке» балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешілерге арналған тренинг

 

«Қарым-қатынас мәдениеті»

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагог-психолог:  Жумагазина Д.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жыл

 

 

Қарым-қатынас мәдениеті

(педагогтар және  тәрбиешілермен жүргізілетін тренинг)

Мақсаты:

  1. Педагогтардың айналасындағы  адамдармен, ортамен, өз-өзімен дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психология саласынан мағлұмат беру.
  2. Дау-жанжалдың туындау себептері, мінез-құлық, сөйлеу мәдениетінің адам ағзасына әсер етуі.
  3. Педагогтарды практикалық, тренинг, жаттығу жұмыстарын жасау арқылы жағдайды талдай алуға, саналы шешім  қабылдауға баулу.

Көрнекіліктер: суреттер, үнтаспа, цитаталар, сауалнамалар, жаттығулар.

Психологиялық бағыт беру (әуенмен)

-Сәлеметсіздер ме,тренингке қатысушылар! «Қарым-қатынас мәдениеті» атты психологиялық тренингімізге қош келдіңіздер, тренингті бастаймыз

Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Жалпы көңіл-күй-адамның ішкі дүниесінің құбылысы. Олай болса көңіл-күйімізді табиғат құбылыстарымен  белгілейік (бұлт, жаңбыр, күн)

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Қызыл, көк, жасыл, сары түстер арқылы топтарға бөлу.
  2. «Менің керемет есімім!» тапсырмасы

Нұсқау: әр қатысушы өзінің  есімін айтады, өзі туралы шағын әңгіме айтады.

  1. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы

Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз… қайырымды адамсыз». Әр қатысушы жүректі алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығу керек.

  1. «Егер….»тапсырмасы

Нұсқау: Әр қатысушыға бір сұрақ  қойылады. Сол  сұраққа жылдам жауап беру керек. Сұрақтар «Егерде»деген сөзден басталады. Мұғалімдер қиялдап, фантастикалық жауаптар берсе болады.

Сұрақтар:

  1. Егерде сен сиқыршы болсаң, не болар едің немесе не істер едің….
  2. Егер мысықтар сөйлей алатын болса….
  3. Егер пілдер ұшатын болса….
  4. Егер балықтар сусыз өмір сүре алатын болса…
  5. Егер адамдар жануарлардың тілін түсіне алатын болса….
  6. Егер ағаштарда шоколадтар өсетін болса….
  7. Егер қардың орнына аспаннан гүл жауатын болса…
  8. Егер машиналар майдың орнына сумен жүретін болса….
  9. Сергіту сәті «Шапалақ жаңбыр»

–Ал, сіздер, білесіздер ме, шапалақ соғудың өзі әр түрлі болады екен. Сол алақанға оң қолдың сұқ саусағымен соғамыз. Содан соң екінші саусақты қосамыз да, екі саусақпен соғамыз. Содан кейін үш  саусақпен: төрт, бес, тұтас алақанмен  шапалақтаймыз. Тек бес саусақпен соғамыз. Бір саусақты алып төрт саусақпен соғамыз. Үш саусақпен. Екі, бір. (Жаттығу жетекшінің  санауымен бір, екі бірнеше рет қайталанады)

-Жарайсыздар! Көңіл-күйлеріңіз қалай?

  1. Релаксация жаттығуы «Қайықпен серуенге шығу»

Аяқты созып отыру, көзді жұму, денені бос ұстаңыз.

Таңертең, күн шуағын жер бетінде төгіп тұр. Мен қайықпен көл бетінде жүзіп келемін. Күн өз шуағын айналаға шашып, құстар сайрауда….

Мен барлық денеммен күннің жылуын сезіп келемін. Иығым, қолым, денем, аяғыма жылу сезіледі. Мен жайлымын, өзіме сенімдімін.  Барлық жамандық  атауы меннен кетті.

Көңіл-күйім өте тамаша. Ме өмірге ризамын,өз күлкімді айналадағы адамдарға сыйлаймын. Мен тіке әдемі жүзі келе жатырмын. Қайықты ескекпен есу маған ұнайды. Барлығы өте тамаша.

  1. «Аңдар мен жәндіктер»

Ата-аналарға қағаз бен қалам таратылады. Әр қатарға өздеріңе ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазыңдар. Әркім оқылған сөйлемдерді тыңдайды, өзінің кім екенін  анықтау.

Қорытынды:

  1. Мені жұрт…. деп ойлайды.
  2. Достар арасында…
  3. Сіз жұмыста…
  4. Жарыңыздың алдында….

.

  1. «Напалеонның кейіпі»тапсырмасы

Қатысушылар үш түрлі қозғалыс:

Қолды кеуде тұсына айқастыру;

Ашық алақанмен қолды  алға созу;

Түйілген жұдырықты қол көрсету;

Жүргізушінің «Бір, екі, үш!»командасы бойынша: қатысушылар өзіне ұнаған кейіпті көрсету керек (ұнағанын). Мақсатымыз барлығы немесе көбі бірдей қалып көрсеткені.

Қорытындысы: бұл жаттығу сіздің жұмысқа қаншалықты дайын екендіктеріңізді көрсетеді. Егерде көпшілігі алақандарын көрсетсе,онда бұл олардың жұмысқа дайындығын көрсетеді. Жұдырық агрессияны, Напалеон   қалыб-тұйықтық немесе жұмыс жасағысы келмеушілікті көрсетеді.

  1. «Гүлдер таңдау» жаттығуы

Мақсаты: әр гүлді таңдау арқылы сол гүлдің психологиялық анықтамасын түсіндіру.

Әрбір қатысушы  менің алдымдағы гүлдерден өзіне ұнағанын таңдайды.

Раушан- махаббат символы.

Ақ түсі-құпиялық пен тазалық

Сары түс-қызғану мен қарым-қатынасты  сақтап қалуға қадам жасау.

Қызғалдақ- үлкен бақыт пен махабаттың белгісі

Хризонтема-қуаныш, ашықтық, көңілділік және достық.

Жасмин-сезімталдық, тартымдылық

Кактус- батылдылық, төзімділік.

  1. «Сыйлық» ойыны

Мақсаты: рефлексия процесін күшейту, ұжымда жағымды психологиялық ахуал орнату, топ мүшелерінің  бір-бірін түсінуге, ұжымдағы тұлға аралық қарым-қатынастың маңызды сапаларын ашу.

Ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Қазір сіздер бір-бірлеріңізге, яғни өзіңіздің сол жақта тұрған көршіңізге (сағат тілімен) сыйлық сыйлайсыз. Көршіңізге қандай сыйлық жасайсыз, сыйлықты үнсіз ым-ишар арқылы көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз қандай сыйлық сыйлап жатқанын түсінетіндей жасау керек. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. Барлығы үнсіз жасалады.

Талқылау:

1.Көршіңіз сізге қандай жасанды сыйлық жасада деп ойлайсыз?

2.Қандай сыйлық сыйлағанын сіз тез түсіндіңіз бе?

3.Сізге сыйлық ұнады ма?

4.қандай әсерде болдыңыз?

Қорытынды:

 Рефлексия. Еркін пікір….

Тренингке қатысқандарыңызға рақмет.