«Сәндік-қолданбалы өнер» баяндама

«Сәндік-қолданбалы өнер» баяндама

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, №3 орта мектебінің

Технология пәні мұғалімі

Саркулова Айгуль Жаксылыковна

 

Адамның өмірдегі эстетикалық талғамын қалыптастыруда өнердің алғашқы түрі сәндік- қолданбалы өнер айрықша роль атқарады.Өнердің бұл түрі халық тұрмысымен тығыз байланысты.Ұлттық көркем өнердің дамуына көз жіберіп қарасақ, өмірді шынайы бейнелеуде әр халықтың өзіне тән көз қарасы, өз тәсілі бар. Сәндік – қолданбалы өнерді білу адамның жалпы өнер жайлы,оның сипаты мен өзіндік көркем тілі туралы мағлұматын толықтырады.

Қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздықты қаладым. Технология пәнінен сабақ беремін. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте бала өміріне опат әкеледі»- деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай, оқушыларға рухани тәрбие беруде, адамның өмірі жан-жақты, үйлесімді дамуында технология, бейнелеу өнері пәндерінің алатын орны ерекше. Мен осы ұстанымдарды пайдалана отырып, оқушылардың кең көлемде мәдениетін, рухани байлығын дамыта отырып, халқымыздың өнерін бағалай білуге тәрбиелеймін.

Қараша айында «Технология сабақтарында қазақтың ұлттық қол өнерін пайдалану ерекшеліктері» тақырыбында технология пәні мұғалімдерінің біліктілікті арттыру курсы өтті. Бұл курстың бағыты сәндік қолданбалы өнерді үйрету.Технология, бейнелеу өнері сабақтарында қазақтың ұлттық қол өнерін пайдалану. Курс барысында жоғары санатты ұстаздар дәріс оқып, пән мұғалімдері өзара тәжірибе алмасты. Теориялық, практикалық сабақтар өтті.Қала мектептерінде, шығармашылық үйіне барып, тәжірибелі ұстаздар «Шебер кластар» өткізді.

Осы сабақ барысында монотипия әдісі бойынша, монотипия техникасымен әр түрлі бояулардың және жіптің көмегімен әдемі суреттер жасауды. Сонымен қатар шамбала тоқу технологиясымен практика түрінде сабақ өтті. Пән мұғалімдері шамбала тоқу әдістерімен тәжірибе алмасты.

Жүннен түрлі бұйымдар жасау технологиясын, соның ішінде алқа жасау технологиясымен таныстық. Бұл да қазақтың ұлттық қол өнеріне жатады. Ата-бабамыз төрт түлік мал бағып,жесе ет, кисе киім деп оның жүнінен көптеген дүниелер дайындаған. Соның ішінде жүннен алқа жасау технологиясы, яғни қазіргі таңда жүнді жуып кептіріп отырмаймыз, оның дайын түрінен бұйым түрлерін дайындаймыз.

 

 

 

 

 

 

Сабақта жай ғана онымен түрлі бұйымдар жасаудың тенологиясын үйретеміз. Соның ішінде алқа қазіргі таңда сәнді бұйымдардың бірі. Оны әрбір оқушы технологиясын білсе тоқып ала алады.

Әр түрлі қалдық заттардан (мысалы,көкөніс салатын жәшіктерден, жұмыртқаның ыдыстарынан) әр түрлі бұйымдар ұлттық нақышта жасаудың әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Қазіргі өмір талабы оқу , тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыра отырып, сапалы, әдепті ұрпақ тәрбиелеу. Технология сабақтарында іс жүзінде нақты жұмыс жүргізілетіндігін, оны меңгеру үшін ерінбей еңбек ететіндей төзімді және жинақы болу керек.Сондықтан оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабақты түрлендіріп өткізуге ұмтыламын.

Сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің технологиясын меңгертуде қазақ халқы нақты қағидаларды (еңбек түрлеріне баланы жастан баулу, оларға сыйластық көзқарасты қалыптастыру, еңбек түрлерін біріндеп күрделендіріп отыру ұжыммен бірлесе отырып еңбек етуге баулу және т.б.), педагогикалық принциптерді (халықтық, табиғилық, көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік, бірізділік, жас және дара ерекшеліктерін ескеру, өмірмен байланыстылық және т.б.) тірек еткен. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді (көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, тапсырма беру, жаттықтыру, сендіру, сенім арту, мақтау, мадақтау, марапаттау, түзеу, бағалау, қолдау, ынталандыру және т.б.) пайдаланған.

. Қолөнер ғасырлар бойы дамып қалыптасып келе жатқан халық шығармашылығы.Ол талай ғасырлар кезеңінен өтіп түрленіп жаңарып келіп атадан балаға қалған мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі өнер .Ол арқылы біз үлкен рухани эстетикалық тәлім алып өнер әлеміне қанат қағамыз. Өнер туындылары белгілі бір дәуірде, сол дәуірде  өмір сурген халықтың тұрмыс тіршілігін бейнелейді. Халықтың асқақ арманын, табиғат сұлулығын, ішкі жан сезімін өнер арқылы білдірген. Өнер туындылары арқылы белгілі бір халықтың тарихын білуге болады.

Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен туындап,  дамып отырады. Осы курс барысында маған ұнағаны фетрмен жұмыс түрлері.Фетрмен ұлттық нақышта бұйым түрлерін дайындау. Мысалы, фетрден бисермен әрлеп жаға түрлерін тоқу. Соның ішінде жағаны ұлттық ою түрінде дайындау әдіс-тәсілдері.

 

 

Сонымен қатар фетрден ұлттық киімдер тігу. Ең көп тараған түрі камзол тігу. Камзолдың материалы көбінесе түкті матадан, барқыт пен шұғадан да тігеді. Міндетті түрде бір  түкті  матадан  тігілу керек. Бүгінгі таңда камзол түрлерін фетрден дайындау үлгілері қолға алынуда.  Киім-кешек ұлт байлығы.Ұлттық киімдерімізге қарап, халқымыздың эстетикалық талғамының нәзік те бай екеніне көз жеткізуге болады.Ата-бабамыз ұрпақ тәлім- тәрбиесіне өмірінің жалғасы деп қарап, «Адамның көркі шүберек» деген. Жас шамасына дәулетіне  қарай үйлесімді, шаруасы да, сауыққа да ыңғайлы киім  киген. Қазіргі таңда осы камзол түрлерін фетрден тігіп жатыр. Осындай фетрден тігілген камзолдар өте әдемі, ыңғайлы және түстері де өте әдемі болып келеді.

Сондықтан да технология сабақтарында қыз балаларға фетрмен жұмыс түрлерін дайындауды үйрету қажет деп ойлаймын.

«Өнер таусылмас қазына», жұтамас байлық -дейді дана халқымыз. Қазақ қолөнері өзінің өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы.

Ата бабаларымыздың өмірі көшпелі болғанымен, рухани болмысы көшпелі болған емес. Бабаларымыздың ұрпақтан ұрпаққа деген өсиет үлгісі өнері арқылы жеткен.Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан қолданбалы сәндік өнердің өзі ұлттық мәдениетіміздің дамуына ықпалын тигізеді.