«Кім іскер-кім шебер»

Тақырыбы:  «Кім іскер-кім шебер» Оразбаев Найманказы Куанышбекович

  • жүргізуші: Құрметті мұғалімдер мен оқушылар және қонақтар.Сіздерді бүгінгі күнге жоспрланған технология әдісбірлестігінің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Кім іскер-кім шебер  » атты оқушылар арасында өткізілетін сайысты бастауға рұхсат етіңіздер.
  • жүргізуші : Армысыз ,өнер сүйер асыл халқым

Мереке құтты болсын ауылдасым

Тағыда келіп жетті сайысымыз

Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын

Туған жер адамзаттың мекені екен

Жүйрікті жүйрік қуып жетеді екен

«Кім іскер-кім шебер  » атты сайысымызда

Бағы жанып қай оқушы жетеді екен

Намысты бермеу үшін қолдан өзі

Мінекей жігіттерде сынға түспек.

Сіздерге сәлем беріп жарысуға

Жігіттер шықсын енді сахнаға.

1-жүргізуші:Бүгінгі өткізгелі отырған сайсымызға қатысатын оқушыларды сахна     төріне шақырамыз.

Енді сайысқа қатысатын жігіттермен танысып болсақ  оларға сайысқа дайындалуға рұхсат берйік./сахнадан шығып кетеді/.

2-жүргізуші:Бүгінгі сайыс шарттарымен таныс болыныздар.

1-Таныстыру /Оқушылар өзін,сыныбын ,мектебін таныстырады.Газет шығару /

2-Жұмбақтар шешу сайысы.

3-Сайысқа қатысушылар өз өнерін көрсетеді.  Тақырыбы:«Өнерлі бала-өрге жүзер»

4 –сайыс.  Шеберлер сайысы.

5-сайыс.Үй жұмысы .Қол өнер бұйымдары үйден жасалған.

6-сайыс .  «Кім жылдам»Оқушылар айтылған мақал -мәтелдерді  жалғастыру

1-жүргізуші: Енді бүгінгі сайстың әділ бағасын беретін әділ қазылар мен таныс болайық . 

2-жүргізуші : 1 шарт бойынша таныстыру кезеңі.

1-жүргізуші : 2-ші  шарт бойынша жұмбақ шешу кезеңі кезеңі.

Оқушыларға қойылған жұмбаққа бірінші,дұрыс  жауап беруі керек.                   Жұмбақтар:

1 . Құйған шайым аузында

      Ыстық қалпы кашанда

  1. Жетпіс екі найзасын

    Біріктіріп ұстап тұр

  1. Қималдаса қос шебер қырауыр -қырауыр іс өнер
  2. Жалпақ желке ,сопақ бет

    Отап кетті орманымды

  1. Жартысы ағаш

Жартысы темір

  1. Тұмсығы темір ,

Өзі ағаш дегенменде ұшы бар

  1. Кесетін де өзі

Тесетінде өзі

Бұрайтында өзінде

Турайтында өзінде

Егейтінде өзінде

Демейтінде өзінде

  1. Кедір бұдыр тақтайды

Тегістейтін тілімен

Жеген асын таптайды

Шығарар  желке түбінен

  1. Маржан тісі ақшиып

Ызылдап ән шырқайды

Көк тірегенді қақшып

Қарағайды қырқады.

10.Тал басында  түндіксыз отау

2-жүргізуші:  3 шартқа көшеміз. «Өнерлі бала-өрге жүзер»

Әр сайысқа қатысуша өз өнерін көрсетеді.

Ал кімнің бар өнері  қаншалықты

Би билеп ,ал біреуі ән салыпты

Осы бір сайыстардын бәйге алуға

Барлығы ойланбай –ақ жан салыпты.                                                                             

  • Жүргізуші :Ендеше сайыскерлердің   өз өнерлерін тамашалайық.

1-жүргізуші:Бүгінгі сайысқа қатысушыларға әннен сәлем жолдайтын- Мырзабек Диа «Ана »әнімен                                                                                                 2-жүргізуші:Әділ қазылардан өнер сайсының бағаларын сұраймыз.

1-жүргізуші: Келесі шарт «Шеберлер сайысы»

Біздің шебер жігіттер

Тігіндіде тігу біледі

Әп сәтте көйлегіңе  түйме тағып береді.

Сайысқа қатысушылар шарт бойынша 1-минут ішінде көйлек түймесін қадап бітіруі керек.   Жігіттерге сәттілік ендеше

2-жүргізуші .Жігіттеріміз түйме, қадауда қыздарымыздан қалыспайтынын дәлелдеді . Ендеше әділ қазылардан «Шеберлер» сайсының бағаларын сұраймыз.

1-жүргізуші: Келесі 5 –шарт. Үй жұмысы. «Қол- өнер бұйымы»Үйден жасалған бұйымдарын тапсыру  және жасалған жолын  әділ қазылармен көрермендерге түсіндіреді .Жігіттерімізді ортаға шақырамыз.

Әділ қазылардан әділ бағасын сүрайық .

1-жүргізуші: Келесі 6 –шарт.. «Кім жылдам» Бұлсайыстың ережесі бойынша айтылған мақал мәтелді жалғастыру .

 1/ Ас  адамның ….                                             /   арқауы/

2/Ас тасыса қатығы төгілер …..                        /Ашу тасыса ақыл төгілер/

3/Аз қайғыны ас басады……                                 /Коп қайғыны дос басады./

4/Арпа бидай ас екен….                                         /Алтын күміс тас екен/

5/Ас тұрған үйде….                                            /Ауру тұрмайды /

6/ Астың дәмін келтірер тұз әуелі….     /ел дің сәнін келтіретін қыз әуле                  

 /7/Ата өнері…                                                 /балаға мұра/

8/Еңбек ерлікке жеткізер…                                 /ерлік елдікке жеткізер/

9/Қарыс қазы балықта…                                      /асыл қазына халықта/

 Осы сайыс бойынша әділ қазылардан әділ бағасын сүрайық .

2-жүргізуші: Өнер білім еңбекте, жақын болар ұрпақпыз.

                          Он саусағы майысқан ,шебер болар ұрпақпыз

                         Тұла бойы тұнған бір ,өнер қуған ұрпақпыз

дегендей   бүгін мектебіміздің өнерлі ,шеберлі,жігіттері өз өнерлерін   білімдерін көрсетті .Енді сайыс женімпаздарын әділ қазы мүшелері анықтағанша    кезекті әнге барейік .     Әннен сәлем жолдайтын 8а сыныбы оқушысы Байгожаева Аяулым  «Елім менің әнімен»         Әділқазыларға сөз кезегін берейік. Осымен кешіміз аяқталды  .Сау саламатта болыныздар!!!