Таным, қатынас.

Білім беру саласы: Таным, қатынас.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: математика, сөйлеуді дамыту, құрастыру, көркем әдебиет.

Мақсаты:

1.Ертегілер арқылы арқылы балалардың тілін дамыту, өткен тақырыптар бойынша тілімдерін қорытындылау;

  1. Геометриялық пішіндерді ажыратып сұрақтарға жауап бере отырып, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту;
  2. Сөздік қорын молайту. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер: саяхат, әңгімелесу, сұрақ-жауап, салыстыру, қосу, азайту есептер шығару. көрсету;

Іс-әрекет барысы:

Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басығой.

Ал қанекей бәріміз,

«Сәлеметсіз бе,» дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме апайлар!

  • Сәлеметсіздер ме, балалар «Бүгінгі күндеріңіз сәтті өтсін» деймін.
  • Рахмет.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі.

Қыс

Қыста неше ай бар?

3 желтоқсан, қаңтар ақпан

Аптада неше күн бар.

7

  • Балалар сіздер қандай ертегілерді білесіздер?
  • Жеті лақ, шалқан, бауырсақ.
  • Өте жақсы. Балалар таңертең мен қандай ертегі кейіпкерін көргенімді білгілеріңіз келе ме?
  • Ендеше жұмбақ жасырайын:

 

 

Қашып кеткен атадан,

Қашып кеткен әжеден.

Орманда кеше жүр еді,

Домалап шықты алдымнан.

  • Бұл не?
  • Бауырсақ.
  • Жарайсыздар. Міне біздің бауырсағымыз. Ол қандай пішінде тұр, дұрыс па?
  • Жоқ.
  • Бұл қандай пішін?
  • Төртбұрыш
  • Ал бауырсағымыздың пішіні қалай болу керек еді?
  • Дөңгелек
  • Міне, енді дұрыс па?
  • Ал енді балалар бауырсақпен ертегілер еліне саяхаттағыларыңыз келе ме?
  • Ия
  • Саяхатқа біздің пойызымызбен аттанамыз.
  • Ал пойызға отыруымыз үшін билет алуымыз керек.
  • Ал кәнекей билеттерімізді алып, қолымызды жоғарыға көтерейік.
  • Балалар билеттерімізде әртүрлі пішіндер бар. Сол пішіндерге сәйкес орындықтарға барып орналасайық.(Балалардан пішіндер туралы сұрау)
  • Ал енді орналасып саяхатқа аттанайық.Чух-чух-чух-чух,Вагондар,вагондар.Рельспен жүреді,Балаларды мінгізіп,Ертегілер еліне келеді.
  • Балалар міне біз ертегілер еліне келдік. Балалар сендер ненің суретін көріп тұрсыңдар?
  • Орманның.
  • Орманда нелер бар
  • Ағаштар,шөптер, гүлдер, аңдар.
  • Ал ағаштар қандай болады?
  • Биік-аласа.
  • Балалар жарайсыңдар. Тақтаға қарайықшы сіздер бауырсақ ертегісің қандай кейіпкерлерді қөріп тұрсыңдар?
  • Аю, түлкі, қоян, қасқыр, мысық.
  • Мысық бауырсақ ертегісінде кездесе ме?
  • Жоқ
  • Өйткені ол қандай жануар?
  • Үй жануары.
  • Ал аю, қасқыр, түлкі, қоян қандай жануарлар?
  • Жабайы жануарлар.
  • Ендеше мысықты алып тастайық.
  • Дұрыс па?
  • Ал балалар бауырсақ ертегісінде қай жануар кездеседі?
  • Қоянды.
  • Балалар біз бауырсаққа көмектесеміз бе? Ендеше қоянның тапсырмасын орындасақ, ол бауырсақты жемейді.

Тапсырма№1 : 0-10 ға дейін тура және кері санап берсін дейді. (7-8 оқушыдан сұрау)

Тапсырма №2: Кеспе қағазына есеп шығару.

  • Қоян бауырсақты босатты.
  • Енді балалар, бауырсақ екінші нені кездестіреді?
  • Қасқырды
  • Балалар қасқыр ашулы сияқты. Ол бауырсақты жемесін десеңіз, біз есеп шығарып беруіміз керек екен. Шығарып береміз бе?

Тапсырма№3 :  Салыстыру. (талмен жұмыс)

Жарайсыңдар балалар.

  • Жарайды саяхатымызды жалғастырайық. Енді бауырсақ нені кездестіреді?
  • Аюды.
  • Балалар аю жолдан шаршаған сияқты. Аюмен бізде жаттығу жасап бір сергіп алайықшы

Сыңғыр сыңғыр сырғалар

Құлағымда ырғалар

Оң қолымда білезік

Сол қолымда білезік

Саусақтарымда сақина

1,2,3,4,5,

6,7,8,9,10,

Күш жинайық шынығып

Тапсырма №4:. Жеміс-жидектерді ажыраталмай отыр екен. Біз ажыратып камазға тиеп жіберейік..

Жарайсыңдар балалар!

  • Енді бауырсақ нені кездестіреді?
  • Түлкіні .

Ал балалар түлкі бауырсақты жеп қоймау үшін біз оған тапсырманы орындап берейік. Сонда біздің түлкі бауырсақты жемейді.

Тапсырма №5: Көршісін тап

Тапсырма №6 қақпақпен есеп шығару.

  • Міне, балалар біздің ертегілер еліне жасаған саяхатымыз аяқталып келеді. Барлығымыз бауырсаққа рахмет айтып, қоштасайық.

 

  • Қорытындылау.
  • Сұрақтар қою арқылы, балалардың қызметін бекіту. Мадақтау, бағалау.