Адамгершілік – асыл қасиет»

Тақырыбы:Адамгершілік – асыл қасиет»

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, тақырыптық суреттер, шарлар
1. Нақыл сөздер:
а) Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады. (Абай)
ә) Адамгершілік деген ұлы сөз. Адамның іс-әрекеті, еңбек, достық, татулық – осының бәрі адамның адамгершілік
Тәрбиеші: Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда деп елбасы халыққа сенім артып, “Рухани құндылық, биік адамгершілік жоқ жерде үлкен өркен орнату мүмкін емес.” Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. «Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше», — деп жазды В.А. Сухомлинский. Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Бүгінгі бағдарламамызда адамгершілікті сіздер қалай түсінесіздер, әдеп нормаларын білесіздер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз.
Олай болса балалар, Адамгершілік бастауы неде, қалай ойлайсыңдар?
1-оқушы.
Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
2-оқушы. Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын – еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.
3-оқушы. Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
Тәрбиеші:Балалар  ендеше сендерге бірнеше қоятын сұрақтарым бар.Сендер өз ойларынды ортаға салындар?

1.Адамға ақыл беретін кімдер? ( ата-ана, дос, ұстаз,)

  1. Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?
    3. Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?
    4. Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсыңдар?
    Ендеше келесі көрініске назар салайық.»
    Көрініс үш ана.
    Көрініс: Үш ана басы қосылып, әңгімелесіп тұрды.
    Бірінші ана: «Менің балам өте ақылды, әнші, өнерлі, математикадан нашар болғанымен болашақта керемет бір танымал кісі болатынына сенемін» — дейді баласын мақтап.
    Екінші ана: «Менің балам әдемі, таза киінгенді ұнатады. Ақшаның да есебін жақсы біледі. Шамасы болашақта балам үлкен бизнесмен болады — ау»,- деп мақтанады.
    Үшінші ана үндемей тұрып қалады.
    Сол кезде үш ана қарияның жолдан өтуіне көмектесіп, қолтығынан демеп, сөмкесін көтерісіп келе жатқан баланы көреді. Бұл үндемей қалғаны үшінші ананың баласы еді. Қария балаға алғысын жаудырып кете берді.
    Үш бала аналарына жақындады. Алғашқы екі ананың балалары аналарынан балмұздаққа ақша сұрайкелді. Ал, үшінші бала анасына бүгінгі сабақтан «бестік» баға алғанын айта келді.
    Сұрақ? Қай баладан болашақта не күтуге болады? (Оқушыларды сөйлете отырып сұраққа жауап алу)
    Тәрбиеші: Адамгершілік асыл қасиеттер жайында қандай мақал-мәтел, нақыл сөздер білесің?
    1-оқушы.Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік. Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б.
    2-оқушы. Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез- құлықтың нормасы.
    3-оқушы. Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.
    4-оқушы. Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.
    5-оқушы. Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата- анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.
    6-оқушы. Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.
    7-оқушы.Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
    8-оқушы. Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.
    Қорытынды. Бүгінгі сабақтан біздер бойымызға адамның адамгершілік қасиетін ұялата білдік.

Адам болып туғаннан соң өмірге,
Адам болып келгеннен соң өмірге.
Адамдықты ұмытпайық ағайын,
Адам болып жаратқан соң өмірге,-дей келе адамгершілік қасиеттің өзі біздің бойымызға жылы жүрек арқылы берілмейма қымбатты оқушылар. «Жақсы жаман болу міндет емес,жақсы адам болу борыш» демекші, олай болса барлығымыз ортаға шаттық шеңберіне тұрып бір бірімізге жыл алақанымызбен жүректер жүрекке жететіндей жақсы тілектер тілейікші! Осымен бүгінгі бөлме сағатымызды аяқтаймыз.