Ана туын әрқашан біздер биік ұстайық!

Тақырыбы:   Ана туын әрқашан біздер биік ұстайық!

Мақсаты: Ана ұғымының мән-мағынасын ашу,  аналарына деген сүйіспеншілігін арттыру, өнерлерін көрсету арқылы ардақтауға, құрметтеуге, сыйлауға үйрету.

1-жүргізуші: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан, құрметті аасыл аналар мен ұстаздар, бүгінгі «Ана туын біздер биік ұстайық!» атты тәрбие сағатымызды сіздерге арнаймыз.

2-жүргізуші: Ана- әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.

1-жүргізуші: Дұрыс айтасың, ана сөзінің аясында асыл, аяулы,  ардақты, құдіретті сезімдері тоғысары ақиқат. Өйткені, ана бүкіл әлемнің әдеміліг, бар тіршіліктің мәні. Осы екі ұғыммен өзектесе жатады.

2-жүргізуші: Сондықтан да біздер ананы қадірлеп, құрмет тұтайық.

1-оқушы: Ана деген аяулы жан, ардақты жан, салмақты,

Сол ананың арқасында бүлдіршіні самғапты.

Мәпелейді, аялайды, өсіреді баласын,

Ешбір адам махаббатын алмастыра алмапты.

Ана үшін бәрінен де бала қымбат өмірде,

Сол баланың жақсылығын түйеді ол көңілге.

Махаббатын, шапағыт сыйлайды ғо балаға,

Анаң болса бұл өмірде сәтсіздікке түңілме.

2-оқушы: Ана орны бұл жалғанда ешнәрсемен толмайды,

Сол анамның мейірімі ешбір жанда болмайды.

Сыйлау керек, о адамдар, сыйлау керек ананы,

Сыйлағанды ананы жаратқандақалайды.

Бірақ қанша адамдар, бар сыйламайтын ананы,

Сөйте тұра ананың бұзылмайды қамалы.

Мәңгілік қой махаббаты, мейірімі ананың,

Айналдырар нұр жұмаққа мынау ғажап даланы.

3-оқушы:   Аналардың жүрегі  сырға толы бір жұмбақ,

Сол жұмбақтан орын табар пәк бүлдіршін, пәк құрақ,

Кейде тағдыр екі айырар ана менен баланы,

Екі жүрек бір-біріне мен-мұндалап тұрады.

Жетімсіреп кей аналар, кей балалар жылайды,

Біреу ана, біреу бала күтіп жолға қарайды.

Ана керек, бала керек, ана керек өмірде,

Бұл жандарсыз ешбір дүниенің мәні қалмайды.

1-жүргізуші: Аналар мейрамы- адамзат мейрамы. Әрбір адам  тіршілігінің ғұмыр бұлағы да, тәлімнің өмір нәрі деана болмысынан бастау алады. Ақ тілеулі, кең пейілді аналарымыздың  өмірдің бастауы, тіршіліктің сәні емес пе?

2-жүргізуші: Расында да, адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен, әрине анадан тарайды.

Қазақ биі.

4-оқушы:   Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсындай.

Құлпыра өсіп деп алам,

Құшағыңда қысылмай.

Үмітіңдей көзіме,

Көп қарайсың үңіліп,

Еркелеген сөзімде,

Ертеңіңіз тұр күліп.

5-оқушы:     Сен жалықпай жететеп,

Мен жаттыға жетермін.

Айтқаныңды екі етпей,

Ақ сүтіңді өтермін.

Біліп тұрсың, жан анам,

Міндеті үлкен ботаңның.

Күтері сол баладан,

Ана менен Отанның!

6-оқушы:     Отын жарып берсең де,

«Өмірлі бол!»-дейді ана.

Суын алып келсең де,

«Өмірлі бол!»-дейді ана.

Ана деген не деген,

Ақ тілеулі жан еді.

Алғысын ап оның мен,

Бақыт тапқым келеді.

1-жүргізуші:  Ана адамзат мекен еткен жер шарының түкпірінде, әр үйде мейірім мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.

2-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған осындай аналардың құдіретті сезімдеріне арналған көріністі назарларыңызға ұсынамыз.

Көрініс: «Баласын жоғалтқан Күнше».

7-оқушы:  Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім»-дейтін.

Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен де сол жақын маған.

Ол жанымда жүрсе, мен де.

Батырларша батылданам.

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы  ісімді мақтан қылып,

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып.

1-жүргізуші:  Біз аналарымызды алтын мен күміске қаптасақ та, қымбат құндызға орасақ та, аспандағы ай мен күнге теңесек те жарық дүниеге әкелген, ақ сүтін беріп өсірген аналарымыздың қарызын өтей алмайд екенбіз.

2-жүргізуші: Тіпті анаңды меккеге үш рет арқалап барсаң дақарызынан құтыла алмайсың деген бар емес пе? Себебі ана соның бәрінен аяулы да ардақты.

Күй «Келіншек»

8-оқушы: Жылуын жүрегінің аямаған,

Асылымсың бір өзіңсің аяулы анам.

Өзіңсің алтыным деп еркелетіп,

Өзіңсің алақаныңда аялаған.

9-оқушы:  Сені мәңгі ардақтаумен өтемін,

Есіміңді тым биікке көтердім.

Айналайын ақ сүт берген анашым,

Парызымды келер менң өтегім.

10-оқушы: Аяулы ана-бақытым сен жарқыным,

Баға жетпес дүниедегі алтыным.

Мен бақытты болып өтем мәңгілік,

Сен бақытты болсаң егер ай-күнім.

11-оқушы: Бақ гүлім менің анашым,

                    Ақыл айтарұл-қызыңа данасың.

Жылы жұмсақ алақанмен анашым,

Мен секілді періштеңе панасың.

1-жүргізуші:  Ананың берген тағылымен ешқандай бақ-дәулетке хан қаһары да, батырдың айбары да теңесе алмайды.

2-жүргізуші: Намысты ерді өсіріп, елін жаудан қорғайтын қасиетті қара шаңырақ  иесі ұл туу ананың үлесі. Қара қылды қақ жарған небір шешендер мен көсемдер, әділ билердің ерекше орын алуы ананың еңбегі емес пе?

Олай болса келесі ән сіздерге арналады.

Ән: «Анашым»

1-жүргізуші:  Аналарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер де жоқ емес пе?

2-жүргізуші:  Әрине, біз қанша жырласақта ана туралы айтып шегіне жете алмаспыз.

Мұғалім:  Қорытындылай келе, халқымыздың мына сөзімен аяқтағым келеді:  «Туған –ана емес, асырап, өсіріп, тәрбиелеген-ана».

Халқымыздың аналарды қастерлеп келгеніне ғасырларға ұласқан тарих куә. Сол дәстүр қазірде жалғасын табуда. Ұрпақ өсіріп жатқан аналарға қалайша риза болмасқа!

      Осымен тәрбие сағатымызды аяқтай келе,адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз-АНА деп білеміз!

Жүрегінің бір бөлшегі-бала үшін, сіздерден жақын адам бар ме екен, аналар!-дей келе, құрметті аналар, қазір балаларыңыздың сіздерге арнаған құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бимурзаева Патима

Жаңақорған ауданының

білім бөлімінің

балалар өнер мектебі