Менің қарындасым

 

 

 

Менің қарындасым

 

Менің қарындасымның  аты-Жанерке. Ол үйдің кенжесі.  1 сыныпта оқиды.

Қарындасым үнемі анамның қасында жүреді.  Жанерке ақылды, ибалы және тәртіпті. Әрі ерке. Сабағын өте жақсы оқиды.

Ата-анамның айтқанын бұлжытпай орындайды. Анама көмектеседі. Үй жинастырады, ыдыс-аяқ жуады.

 

Менің кішкентай қарындасым өзгелерге де қамқорлық жасағанды ұнатады. Сыныптастарына да қол ұшын созғанды жаны қалап тұрады. Үлкен кісілердің алдын кесіп өтпейді. Автобуста орын береді. Ол болашақта журналист болуды армандайды.

 

Жаншуақ Жоламан

№73жалпы білім беретін орта мектептің 3а сынып оқушысы

Жетекшісі Досова Мәслихат Жайшылыққызы