«Р»  дыбысын сөйлемде дұрыс машықтандыру кезеңі

№  7 мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АШЫҚ  САБАҚ

 

 

Тақырыбы:   «Р»  дыбысын сөйлемде дұрыс  

                         айтуға машықтандыру кезеңі

 

 

 

Педагог- логопед:  Сәт  Зубайра

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2012 ж.

Бекітемін:__________________                                            __________________

 

 

Сабақтың тақырыбы:   «Р» дыбысын сөйлемде дұрыс айтуға

машықтандыру кезеңі

Кезеңі: Дыбысты сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі

Сабақтың мақсаты: «Р» дыбысының артикуляциялық аппаратының қалпын дұрыс қалыптастырып бекіту. Фонематикалық есту қабілетін дамыту. «Р» дыбысын сөйлемде дұрыс айтуға үйрету.

Әдісі: түсіндіру, механикалық.

Көрнекі құралдар: суреттер, зонд, шпатель, айна, компьютер.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру  кезеңі

  1. Баланы психологиялық сабаққа дайындау
  2. Баланың ынтасын, іскерлігін арттыру (актуализациялау)

Саусақ ойындары:  1.  «Менің үйім»

Менің үй салғым келеді,                                 Шөп үстінде қоңыз жүрсе,

Оның терезесі болса,                                       Өрмекші тез-тез жүгірсе

Оның есігі болса,                                             Күн шығып, жаңбыр жауса

Жанында ағаш өссе,                                        Бақта раушан гүлдесе,

Айналасында дуал болса,                               Үй үстінде жалау тұрса,

Ит қақпаны күзетсе.                                        Үй артында кірпі жүрсе.

-Біздің үйге бауырсақ қонаққа келіпті.

ІІ. Өткен сабақ

А) Механикалық  тәсіл қолдану

Б) Сөздік жұмыс:   Р дыбысы сөз ішінде (сөзде)

Ра – ра – ра – қара;

Ры – ры – ры – Рысты;

Ро – ро – ро – роман;

Ру – ру – ру – қару;

Ар – ар —  ар – ара;

Ор – ор – ор – орақ;

Ыр – ыр – ыр  — тырна;

 

 

ІІІ. Артикуляциялық жаттығу:

1.«Сағат»

2.«Тіс тазалау»

3.«Әткеншек»

4.«Тәтті тосап»

5.«Ат шауып келеді»

ІҮ. Жаңа сабақ

Мәтінді оқу:

Тақырыбы: «Бауырсақ»  ертегісі

Ертеде шал мен кемпір болыпты. Бір күні шал кемпіріне:

— Бәйбіше, бауырсақ пісіріп берші,-дейді.

— Қалай пісірейін? Ұн жоқ.

— Әй кемпір, қойманы сыпырып, қамбаны қырсаң, ұн шығады.

Кемпірі сыпырғышты қолына алып, қаптың түбін қағып, қамбаны сыпырып, екі уыс ұн шығарды.

Ұнды қаймаққа шылап, бауырсақ жасады, оны майға пісіріп, суысын деп терезенің алдына қойды.

Бауырсақ жатып, жатып, бір кезде домалай жөнеледі. Осылайша бауырсақ шал мен кемпірден қашып кетеді. Бір кезде алдынан қоян шығады.

—  Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеп қоямын!

—  Жемеші мені, қоян, мен саған өлең айтып беремін:

-Менің атым Бауырсақ,

Қап түбінен қырылды,

Қамбадан сыпырылдым,

Қаймаққа шыландым,

Майда қуырылдым,

Терезе алдында суыдым.

Атамнан да құтылдым,

Апамнан да құтылдым,

Сенен де қоян мен құтыламын, — деп, қояннан қашып кетеді.

Бір кезде алдынан қасқыр  шығады. Оған да өлең айтып қашып кетеді.

Содан кейін  алдынан аю  шығады. Оған да өлең айтып қашып кетеді.

Аюдан қашып келе жатқанда, алдынан түлкі шығады. Бауырсақты  алдап түлкі оны мұрнына отырғызып өлеңін айтқыза бастайды. Бауырсақ өлеңін қаттырақ айта бастағанда, түлкі тап беріп оны жеп қояды.

 

Ү. Бекіту

А)Ойын: «Сөйлем құрастыр»

Шарты: Компьютердегі «бауырсақ» ертегісінің суреттеріне қарап, сөйлемдер құрастыру керек.

Б)Ойын: «Ұмыт қалған әріптер»

Шарты:  Сөйлемдегі жоқ әріптерді тауып орнына қойып айту керек.

Мысалы:

Кемпі….  бауырса… пісі..ді.  Бауы…сақ қашып кетті. Алдынан қасқы….  шықты.

 

ҮІ. Бағалау

Балаларды мадақтау.

 

ҮІІ. Қорытынды.

Сұрақ – жауап арқылы қорытынды жасау.