Мал қорасында

ҰОҚ: Аппликация

 

Тақырыбы: Мал қорасында

 

Мақсаты: 1.Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыра алады.

  1. Симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін суреті салынған немесе қиялдағы контур бойынша сұлбаларды қию .
  2. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

 

Шаттық шеңбері. Тәрбиеленушілер көршісінің саусақтарын кезек-кезек ұстап, былай дейді:

Әрқашан (бас бармақтарын), әр жерде (сұқ саусақтарын) мол (ортаңғы саусақтарын) табыс (аты жоқ саусақтарын)

тілеймін! (шынашақтарын түйістіреді).

 

Педагог балаларға үй жануарлары туралы жұмбақтар жасыру.

Тәрбиеленушілердің сабаққа дайындығын тексеру

Алдағы жұмысқа жұмылдырады.

Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс.

Педагог иллюстрацияларға қарап, өздері білетін үй жануарларын атауды және оларды сипаттауды сұрайды.

Балаларды педагог дайындаған үлгіқалыппен және трафареттермен жұмыс жасауға жұмылдырады.

– Үй жануарларының үлгіқалыбын және трафареттерін бастырып сыз. Оларды қағаз бетіне жапсыр.

Қоршаған ортаның қажетті суреттерін салып толықтыр.

саусақтарға арналған жаттығу.

«Екі лақ»

(Екі қолымыздың ортаңғы және шынашақ саусақтарын бас бармақтармен басамыз).

Бірде бір лақ көпір үстімен Қонаққа бара жатты.

олымызды көлденең ұстап, бірбіріне жақындатамыз). Екінші жақтан екінші лақ

Үйіне келе жатты.

р жолдың бірінші буынында қолдарымызды құлаштап жаямыз). Екі ақымақ ерке лақ

Көпір үстінде кездесіп, Бір-біріне жол бермей, Сүзісіп қалды.

Артқа шегініп, алға ұмтылып,

Маңдайлары «тарс!» етіп түйісті.

(«Тарс!» сөзіне алақандарымызды соғамыз.)

Екеуі суға «шалп!» етіп құлап түсті.

Шалп!»  сөзіне қолымызды тіземізге түсіреміз.)

(ұ,  Ж) Аппликацияны орындау  технологиясы.

Педагог бейнені жасау процесін, жапсырманы орындау ретін көрсету үшін тікелей үйрету әдісін қолданады.

Жұмыс реті орындаудың барлық кезеңдері бейнеленген схемалар түрінде тақтада көрсетіледі.

Тәрбиеленушілер әзірлеменің жиегіне ғана желім жағып, параққа жасыл фон жапсырады.

Сосын қажетті трафареттер мен үлгіқалыптарды таңдап, жай қарындаш көмегімен белгілі бір түрлі түсті қағазға бастырып сызады. Педагог тәрбиеленушілерді қиюдың күрделі тәсілін пайдалануға бағыттайды. Берілген немесе суреті салынған шеткі сызық бойынша қайшының қозғалысын үзбестен қиюды ұсынады. Сұлбаны қию кезінде балалардың назарын сызықтың шет  сызығына аударады және қайшының қозғалысының кеңістікте бағдарлануына, маңыздылығына көңілбөледі.

Қиып алынған дайындаманы

алдын ала ойластырып алып, кезектілікпен жапсырады. Педагог тәрбиеленушілерге пішіндерді қию кезінде қағазды үнемді жұмсауға көңіл бөлуді ұсынады. Ірі қиындыларды тастамау керек: оларды ұсақ бөлшектерді қию үшін қолдануға болады.

Педагог балалардың жұмыстың эстетикалық сапасына – түстердің әдемі үйлесуіне, көргенде көз қуанатындай орналасуына, кейде орындаудың тазалығы мен ұқыптылығына назар аудартады.

Өзіндік жұмыс кезінде педагог тапсырма берудің орнына, балаға кеңестер, жанама сұрақтар қойып, оның өз бетімен жұмыс жасауына қолдау көрсетеді.

 

Қорытындылау,мадақтау,бағалау