«Танысу»

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

«Танысу»

Барлығымыз шеңбер жасап отырайық. Сіздерге өзіңе жане өз мінезіңе ең маңызды, ең мәндісі не болып табылатындығы жайлы ойлауды ұсынамың.Енді оған қысқаша айту формасын тауып көрініз, мысалы, өлең түрінде де болады: (Мұз және жалын), (Бірде хайуандай ұлимын, бірде сәбидей жылаймын), (Тыныш, мұңды, үнсіз… және т.б). Ойландыныз ба?  Жақсы. Қазір шеңбер бойымен кезекпен менің  оң  жағында отырған қатысушыдан бастап топқа таныстыруды бастаймыз. Алдымең өз есімдерінізді айтыныздар. Егер ол бір сөйлеммен айтылса да жақсы, немесе өлең немесе метафора қолдануға болады. Сіздер қазір, аяқ астынан ойлап табыныз… Өтінеміз. Рақымет. Біз бірбірімізге бір қадам жасадық . Кімнің таныстыруы көбірек әсер қалдырды, талқылауымызға болады.

Рефлексияға арналған сұрақтар:

  1. Алғаш бейтаныс кезеңде қандай күйде болдыңыз?
  2. Танысу барысында не сездіңіз?
  3. Танысу аяқталғанда қандай күйде болдыныз?

 

“Танысу” – 2

Шеңбер жасап тұрады. Әрбір кісі өз кезінде атын айтып, бір қимылын көрсетеді. Ал екінші біріншісінің аты мен қимылын қайталап, өзінікін айтып, басқа қылық көрсетеді. Одан соң үшінші кісі 1мен 2 кісінің істегенін қайталап, өзінікін айтып, көрсетеді. Соңғы адамға дейін жалғасады.

 

        «Алфавит»

 

Мақсаты: Өзінің және өзгенің даралығын бақылауға, өзін-өзі құрметтеуге мүмкіндік туғызу, ынтымақтастықты нығайту.

Жүргізуші: Есімдеріңізді қатты, нақты, мақтвныш сезіммен айтуға тырысыңыздар. Егер кімде-кім біреудің есімін ести алмай қалса, онда: «Тағы да қайталаңызшы» деу керек. Әркімнің есімі нақты естілуі өте маңызды.

Бәрі есімдерін атап болған соң, тапсырманы айтыңыз. Барлығы алфавит бойынша бір қатарға, келесі ережені сақтап тұруы қажет: есімдері алфавиттегі бірінші әріптен басталса, бірінші орынға, екінші әріптен басталса, екінші орынға, соңғы әріптен басталса, соңғы орынға тұру керек. Қатарға тұру кезінде сөйлеуге, жазуға, есімдерінің әріптерін ыммен көрсетуге немесе ауада салуға болмайды.

Жаттығудың мақсаты, тапсырманы өте жылдам орындау екенін қатысушыларға айтыңыз. Тапсырма орындалып болған соң тексеру жүргізіледі, барлығы өзінің есімдерін қатты дауыстап айтады. Егер орындарына дұрыс ретпен тұрмаса, бәрі қайта қайталанады. Қатысушылардың бәрі араласып, алфавит бойынша қайта тұруға тырысады.

Жаңылыспай алфавит бойынша бір қатарға тұру үшін топқа неше рет әрекет жасау керек?

Талдау: Тапсырма ұнады ма? Қазір өзімізді қалай сеземіз? Топ бірлігін біз сезе алдық па?

 

 

“Бір бірімізді жақсы білеміз бе?”

Сонымен балалар танысты. Енді бір-бірінің аттарын, түрлерін, қалай есте сақтағандарын тексеруге болады. Ол оларды 2 топқа бөліп, бір-біріне қарама-қарсы 2 шеренгаға тұрғызамыз. Жүргізушы тез сапқа тұрғызуға команда береді

  • Есімінің бастапқы әрпі бойынша алфавит ретімен
  • Бойы бойынша
  • Шашының түсі бойынша
  • Шашының қаттылығы бойынша (ең жұмсағынан қатысына қарай)
  • Шашының ұзындығы бойынша (ең ұзынан қысқасына дейін)
  • Көзінің түсі бойынша

Бұл тапсырманы орындауда бір-біріне сеніммен қарауға және ашық болуға мүмкіндік береді.

 

«Рулетка»

Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірлерінің есімін есте сақтауын дамыту.

Бұл жаттығу топ мүшелерінің бір-бірлерінің есімін қаншалықты жақсы білетіндіктерін білуге мүмкіндік береді. Ойынға қызығу екі команданың арасында жарыс туғызады.

Топты 2 командаға бөлу. Олар екі шеңбер құрып бір-бірлерінің жанына  арқаларын беріп тұрады (топта 16 адамнан болған лазым, өйтпекенде ойын қарқынды түрде өтпейді).

Шеңбердің дұрыс болғаны маңызды, себебі, дөңгелене отыра айналу керек және бір-біріне өте жақын, қиылыспағаны абзал. Ойыншылар дұрыс шеңберді ұстап тұру үшін бір-бірінің қолдарын алады. Ойынды бастау туралы Сіз белгі берген соң, екі шеңбер айнала бастайды, біреуі – сағат тілімен, екіншісі – сағат тіліне қарсы. Екі команда алдын-ала, қай бағытта қозғалатынын шешіп алсын.

«Тоқта» дегенде орнында қатып қалады. Әр командада шеңберлердің жанасу нүктесінде тұрған бір ойыншы болады. Олар бір-бірін көрмей, бір-біріне арқа жақтарын беріп тұруы керек, ал Сіз олардың бір-біріне қарамауын қадағалаңыз.

Сіз «Толық айналыңдар!» дегенде, осы жанасу нүктесінде тұрған екеулері 180 градусқа бұрылып бір-бірлеріне қарайды. Қайсысы бір-бірінің есімін бұрын атаса, сол оны өз шеңберіне алады және ойын жалғасады.

Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңыздар?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Амандасу»

Екі (сыртқы және ішкі) шеңбер құру қажет. Ішкі шеңбердегі қатысушылар сыртқы шеңбердегілерге бұрылады. Кезек-кезек ұлттық (жапондық, қытайлық, латыштар және тағы басқалардың) амандасу тәсілдерін қолданып, соған сай әрекеті жасайды.

Талдау барысында әр ұлттың амандасу ритуалдарымен танысады.

 

«Өлеңдер сұрағы»

Қатысушылар 2 топқа бөлінеді. Бірінші топ қандай да бір өлеңнің үзіндісін айтады. Ол үзінді сұрақ түрінде болуы керек. Мысалы “Я спросил у осени, где моя любимая?” Ал екінші топ бірінші топтың жасырған өлеңіне 1 минут ішінде жауап ретінде бір өлеңнің үзіндісін айтады. “Где-то на белом свете, там где всегда мороз”. Солай бірінен соң бірі кете береді. Егерде топтың біреуі екіншісінің жауабын қабылдамаса, ол топқа 30 сек. беріледі. Сол уақытта таба алмаса, сол топтың жеңілгені.

 

«Сиқырлы орындық»

Мақсаты: Қиын тапсырманы орындағаннан кейін топтағы қысымды шығару; ортада жаттығуды орындауда назар аудартқан қатысушылардың жетекшілік деролизациясын жүргізу.

Ортада жаттығуды орындауда назар аудартқан қатысушыны сиқырлы орындыққа отырғызу керек. Орындықтың сиқырлығы мынада: орындыққа отырған адамның еш кемшілігі жоқ. Тек мінезінде жағымды қасиеттері бар.

Барлық топ мүшелеріне өздерінің білетін, осы адам туралы ойлайтын пікірлерін – барлық мейірімділігін айту ұсынылады.

Егер жаттығу баяу, нашар жүрген жағдайда, жүргізушінің өзі белсенділік көрсету керек.

Содан кейін, бәріне ризашылығын білдіріп, орындықтағы адам басқалар ойларын айтқан кезенде өзі не сезгені жайлы айтып беруді сұрау тапсырылады.

Егер өз еркімен отырғысы келетіндер бар болса, жаттығуды жалғастыруға болады. Соңында ол адамға да қалай әсер еткені жайлы  сұрау қажет.

Талқылау:

Әр адамнан бұл жаттығу не үшін жүргізілгені сұралады.

 

Қоштасу: «Майшам» (шырақ) жаттығуы.

Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын.

Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып майшамды беріп отырамыз.

Қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, соңдықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек