Біріккен сөздер

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.    13.12.2018.   4б сынып.Мұғалім:Ибраева С.    Бекітемін:

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға біріккен сөздер туралы мағлұмат беру,жасалу жолдарын ажырата білуге үйрету.

Оқушылардың ойын жүйелі жеткізуге,жазу сауаттылығын дамытуға қалыптастыру.

Еңбекқорлық  пен  адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : кіріктірілген  сабақ.

Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ –жауап,топтық жұмыс,көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта,сызбалар,кестелер,топшамалар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық  дайындық.

Тәуелсіздік текке бізге келмеген,

Талай бабам қанын төгіп терлеген.

Сондадағы қасиетті қазағым,

Төл байрағын дұшпанына бермеген.

Бабалардың ғасыр бойы арманы,

Өткені мен келешегін жалғады.

Желбіреп тұр көк байрағы қазақтың,

Егеменді — тәуелсіздік  алғалы.

— Алда қандай м ереке келе жатыр?

— 16 –желтоқсан Тәуелсіздік күні.

-Тәуелсіздік күніне арнап бір –бір тілек айтайықшы.

Тәуелсіз еліміздің ертеңгі  ұрпақтары мына сендерсіңдер.Көк туымыз әрдайым биіктен көріну үшін,біз сабағымызды «өте жақсы»деген бағаға оқып,өз  үлесімізді қосуымыз керек.

II .Үй тапсырмасын  тексеру. Тест сұрақтары:

1.Жалаң сөйлемді тап.

А   Қасқыр ұзақ ұлыды.

Ә   Қасқыр ұлыды.

б   Қасқыр аспанға қарап ұлыды.

2  Жайылма сөйлемді тап.

А   Оқушы қызық ертегі оқыды.

Ә   Оқушы оқыды.

Б   Оқушы жазды.

3.Құрмалас сөйлемді  тап.

А Кешкісін күн күркіреді.

Ә Күн күркіреп, жаңбыр жауды.

Б  Суық күзде жаңбыр, қар жауады.

4.Бірыңғай мүшелерді белгіле.

А Орманда түрлі ағаштар өседі.

Ә Орманда ағаштар өте көп.

Б Орманда қайың,емен,терек өседі.

5.Қыстырма сөз қай сөйлемде?

А Сабақтан келген соң үй жинаймын.

Ә Қысқасы, сабақтан келген соң үй жинаймын.

Б Сабақтан келемін де,үй жинаймын.

6.Мағыналары қарама –қарсы сөздерді белгіле.

А әдемі, сұлу

Ә жарық,қараңғы

Б жүзеді,күледі

Тест жауабы:1 ә  2 а  3 ә  4 б  5 ә  6 ә

Бағалау :5-6 балл               3-4 балл             1-2 балл –

Оқушыларды топқа бөлу.Қызыл күлте таңдағандар 1  топқа,қызғылт күлте таңдағандар 2  топқа, жапырақты таңдағандар 3 топқа  отырамыз.

III . Қызығушылықты ояту.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жердің аты:  тау,  Ақтау,Қаратау,Көкшетау,Сарытау,Алатау,Кентау.

Кісі аттары: болат, Есболат,Айболат,Тасболат,Жанболат,Ақболат,Нұрболат.

Оқушылар топқа бөлінген қағаз қиындыларынан кісі аттары мен жердің атын құрастырады.

Екі не одан да көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөздер деп атайды.Олар бірігіп жазылады:алабота,балқарағай.

IV . Мағынаны тану.Оқулықпен жұмыс.

 

9 –жаттығу.Сөйлемдерді  оқып,көшіріп жаз.Әр сөз неше түбірден құралған?

10 – жаттығу.Өлеңді оқып, жатқа жаз.Өлеңде кездескен біріккен сөздерді ата.

11- жаттығу.Берілген біріккен сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.

Аққұтан, шекара,еңбекақы.Бұл сөздердің біріккен сөз екенін кестені пайдаланып дәлелде.

V.Ой  толғаныс.

1 топ:Мына  сөздерді  сәйкестендір.

Күй                 тау

Бір                  тауық

Ай                   көл

Күрке             қазан

Бота                сандық

Ит                    дана

Марқа            көз

Ала                 мұрын

2 топ:Жер –су аттарын  жазу.Егіндікөл,Шөптікөл,Қаратөбе,Жусандой   т.б

3 топ:Біріккен  сөз жасау. ( аң, құс аттары)

Қас,жол, қыр,құйрық, қара,барыс,күрке, құс,тауық,түйе, бір, қазан.

Топтардың  жұмысын тыңдау,  бағалау.

Рефлексия.

……………..білгенім  маңызды болды.

…………….тапсырманы орындауда  қиындықтар кездесті.

Ең  тиімді  болғаны …………..

  1. Үйге тапсырма: 13 – жаттығу.97- бет. Ереже жаттау.