Ақтөбе — әсем қала шығарма

Ақтөбе-әсем қала

 

Ақтөбе-батырлар мекені. Киелі жер.  Мен Ақтөбеде туып өстім. Сол жердің топырағына аунадым. Сол жерде білім алып жатырмын.

Менің сүйікті қалам күннен күнге көркейіп келеді. Көшелері түрлі-түсті жарық шамдарымен безендірілген. Даңғыл жолдарында  алуан түрлі әсем гүлдер алыстан көз тартады.

 

Ай сайын биік -биік ғимараттар, әлеуметтік нысандар бой көтеріп келеді. Демалып, салауатты өмір салтын сақтауға арналған саябақтар, демалыс орындары да жетерлік.

Ақтөбе тарихи ескерткіштерімен әйгілі. Мен өскенде туған өлкемнің тарихын әрі қарай зерттегім келеді.

 

Жанерке Жоламан

№73 жалпы білім беретін орта мектептің 1а сынып оқушысы

Жетекшісі Ерлепесова.А.Б.