Дыбыстарды дұрыс атайық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
ІІ кішілер тобы
Тәрбиеші:Кужасова А.Е.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Дыбыстарды дұрыс атайық
Мақсаты: Балаларға дауысты ( а, ә, о, ө) дұрыс айта білуге үйрету.Артикуляциялық жаттығулар арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Әңгімелесу.
Әдіс-тәсілдер Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, ойын.
Қажетті көрнекі құралдар: Демонстрациялық материал, төлдердің суреттеріі
Қостілділік компонент: Әтеш – петух, лақ — козленок
Іс-әрекет
кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Себепті қызығу-
шылығын ояту кезеңі
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрамыз.
Алдымыздан кезіккен, Көп танысты көреміз. Бәріне де ізетпен, Біздер сәлем береміз. Енді орнымызға жайғасып отырамыз. |
Балалар шеңберге тұрады.
Өлең сөзін бірге қайталап, қимыл – қозғалыстар |
Ұйымдас-
тырушы- лық ізденіс кезеңі
|
Демонстрациялық көрнекіліктен суретін көрсете отырып:
Келгенше апам жұмыстан, Бесікте ойнап жатады. Әрнені ұғып дыбыстан, « А –а — а»- үн қатады. -Кішкентай бала « а – а –а — а», -деп ән салады екен.Бәріміз қайталайықшы.Кейбір балаларға жеке –жеке қайталатамын.Балаларға әтеш, лақ, бұзаудың суреттерін көрсетемін. Олардың қалай дыбыстайтынын айтайық. Ақ бұзауым ұнайды, « Мө — мө»- деп сүт сұрайды. Ақ бұзау жақсы фермада Апарамын көрмеге. -Бұзау қалай дыбыстайды? « Мө — мө» -деп дыбысты қайталаймын. -Балалар бұзауды еркелетіп , « Әукім – әукім»-деп шақырады. Балаларға лақтың суретін көрсетемін Лағым –ау, лағым, Естімей ме құлағың? Айтқан сөзді ұқпайсың, Келмей ме әлде тіл алғың? -Ал мынау ешкінің төлі – лақ. Лақ қалай дыбыстайды? « Мә – мә — мәқ» -деп дыбыстайды. Әтештің суретін көрсетемін Оятпа, әтеш, сен бізді, Өзім де сездім, таң атты. Сенсіз- ақ білем мезгілді, Танимын енді сағатты. -Бұл – әтеш.Әтеш қалай дыбыстайды? -Әтеш « қо – қо — қоқ» деген дыбыс шығарады. Қазақша – орысша айтамыз.Әтеш – петух, лақ- козленок Сергіту сәті: Лағым, лағым,лағым, Шошаңдаған шұнағым. Секіресің секеңдеп, Ойнағандай еркелеп. Дидактикалық ойын. « Төлдерін тап» ойыны арқылы әр малдың төлін тауып, атап орналастырады.Кейбір балалар мен жеке қайталаймын..
|
Балалар суретке қарайды.
« А –а –а -а» деп қайталайды.
« Мө — мө» -деп бірге қайталайды.
« Мә –мә — мәқ»-деп қайталайды.
« кө -кө -көқ»деп қайталайды.
Өлең сөздерін бірге қайталайды.
Балалар ойынға қызыға араласады. |
Іс-әрекетті
бағалау кезеңі
|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылау мақсатында бірнеше сұрақтар қоямын.
-Тағы қандай үй жануарларының төлдерін білесіңдер? -Үйлеріңде қандай үй жануарлары бар? Сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытқан балаларды атап мадақтаймын. |
Балалар сұрақтарға өз бетінше жауап беруге талпынады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Үй жануарларының төлдерін атап, олар туралы білетіндерін әңгімелеп айта біледі.
Қандай түсініктерді игерді Дыбыстарды дұрыс айта білу керектігін түсінді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Үй жануарларына қамқорлық жасау керектігін меңгерді.