Екі жұлдыз.

 

 

Екі жұлдыз.

 

(Музыка ойналады)

  • ж: Ұлы елдің әлем сүйген ұланымыз

Сол елге лайық болу ұранымыз

Сайларда сыңғыр қағып ағатұғын

Сол елдің сан дауысты бұлағымыз

 

  • ж:  Бүгінгі еліміздің қырмызымыз

Арайлы болашақтың ұл-қызымыз

Арасын жер мен көктің жалғайтұғын

Жарқыраған бастауыштың жұлдызымыз

 

1 – ж:   Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2 – ж:  «Екі жұлдыз» ән кешімізге қош келдіңіздер!

Бүгінгі кешіміздің сарапшылары ,яғни әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:  1.

2.

3.

1 – ж:   Олай болса ортаға бүгінгі кешіміздің жұлдыздарын шақырайық.

2 – ж:  Ортада   Нұрай мен Райымбек.

Жансая мен Әлішер.

Сабира мен  Ануар.

Аделя мен Мәжит.

Рамазан мен Ақбота.

Мадина мен Әлішер.

Айдын мен Сымбат.

Нұрасыл мен Әсем.

Дәурен мен Көркем.

Ернар мен

Зағипа мен Нұрбота.

2 – ж:  Міне бүгінгі кешіміздің жұлдыздарымен таныс болдыңыздар Ендеше қошемет көрсетіп әншілерді орындарына шығарып салайық.

 

1 – ж:  Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй – деп Абай атамыз жырлағандай

Сахнаға алғашқы қос жұлдызымызды шақырамыз.

 

2 – ж:   «Жауқазын»  әнімен ортаға Нұрай мен  Райымбекті қарсы алайық.

 

 

 

 

1 – ж:    Асия, осы  мектебіміздегі алғашқы «Екі жұлдыз» жобасын жүргізіп      тұрғанымыздың өзі бақыт емес пе?

2 – ж:       Әрине, Олай болса келесі жұптың орындайтын әні де

Бақытты балалық деп аталады.

2 – ж:  Сахнада Жансая мен Әлішер, қарсы алыңыздар!

 

1 – ж:  Дос болайық бәріміз

Жарсып тұр әніміз

2 – ж:  Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз

1 – ж:  «Дос болайық бәріміз»  орындайтын  Сабира мен Ануар.

 

2 – ж: Жайнаған балғын гүлмен

Жан анам жасыл бағым

Өзіңмен жаным бірге,

Мәңгілік қасыңдамын.

2 – ж:  Сахнаға  Аделя мен  Мәжитті  әсем әнімен  қарсы алайық.

 

1 – ж:   Екі ішектің бірін тарт та

Бірін сәл-сәл кем бұра,

Қазақ нағыз қазақ емес

Нағыз қазақ домбыра.

2 – ж:  «Домбыра сазы» орындайтын қос жұлдызымыз

Нұрасыл мен Әсем.

 

1 – ж:  Қайрат, мен осы залда сахнаға шығуға асығып отырған екі кішкентай әншілерімізді көріп отырмын.

2 – ж:  Иә, олар кімдер екен?

1 – ж:  Олай болса ,қарсы алыңыздар «Апатайым-анашым»әні.      Орындайтындар  Әлішер мен Мадина.

 

2 – ж:  Құрметті көрермендер, балдай тәтті бал тілімен ән салғалы тұрған болашақ жұлдыздарымызды  қарсы алайық.

1 – ж:   Сахнада  Ернар мен

 

2 – ж:   Қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқовты және оның әндерін білмейтін адам кемде-кем шығар.

1 – ж:  Ендеше, Шәмші ағамыздың «Ана туралы  жыр» әнімен ортаға

Ақбота мен Рамазанды шақырамыз.

 

 

 

 

 

 

2 – ж:  Сандуғаш өмірде сән барда,

Шын сүйсең көз ілме таңдарға

1 – ж:  Жер-ана ұрпағын жалғайтын,

Қыздарсыз өмірде мән бар ма?

2 –ж: Иә,қыздарсыз өмірдің мәні де, сәні де жоқ. «Қыз бала» орындайтындар  Дәурен мен Көркем.

 

1 – ж:  Біз өнерлі баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туған жердің төрінде

Жұлдыз болып жанамыз.

2 – ж:  Қарсы алыңыздар, ортада Нұрбота мен Зағипа.

Ән: « Қазақы дастарханым»

 

1 – ж:  Балдәурен, бақытты ән дәурен

Келеді қанатын самғаумен,                   есіңде ме, Дәметкен апай осы әнді үйретіп еді ғой.

2 – ж:  Иә, ендеше осы әнді орындауға ортаға Айдын мен Сымбатты шақырамыз.Қарсы алыңыздар!

 

Құрметті көрермендер, міне мектебімізде өткен алғашқы «Екі жұлдыз»

жобасы да өз мәресіне жетті. Енді сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

(Әділ қазылар сөзі)

 

Бірге:     Бүгінгі еліміздің қырмызымыз

Арайлы болашақтың ұл-қызымыз

Арасын жер мен көктің жалғайтұғын

Жарқыраған болашақтың жұлдызымыз.

 

Келесі кездескенше хош сау болыңыздар!