«Төрт түлік туралы»

Сабақтың тақырыбы «Төрт түлік туралы»
Мақсаты:1. Төрт түлік туралы толық мағлұмат беру, оларды жеке — жеке таныстыру.
2. Төрт түлік туралы мақал — мәтелдер, өлеңдер, жұмбақтар жаттату.
3. Оқушыларды төрт түлік малды қастерлеуге тәрбиелеу.
Барысы:1. Кіріспе сөз.
— Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.
Мал олардың киімі, тамағы, көлігі. Бір сөзбен айтқанда бар —
лық тіршілігі, күнелтісі малға байланысты болған. Сондық — тан да қазақтар малды жақсы көрген, төлдетуді, күтіп — бағуды
көбейтіп, өсіруді ойдағыдай игеріп, отбасына қажетіне қарай
іріктеп сойып жеп отырған. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір — қасиетін әбден зерттеп білген. Халқымыз өздерінің тіршілік шаруашылық өмірін осы мал өсіруімен байланыстыра жасаған. Малдың етін, сүтін, терісін, тіпті мүйізіне, сүйегіне дейін ұқсата білген. Сондықтан қасиетті төрт — түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпауға тиіспіз.

 

Жұмбақ: «Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.»
— Бұл қандай мал?
— Түйе.

1 — оқушы: «Төрт түліктің төресі — түйе» туралы мазмұнын айтып береді.
— Түйе төлі — ботақан,
Мөлдіреп көзі ойнаған.
«Бота» туралы тақпақ.

Жұмбақ: «Көкке шаншып құйрығын,
Шауып келеді жүйрігім»
— Бұл қандай жануар екен?

2 — оқушы: «Жылқы — ер қанаты» туралы айтады.
— Жылқы төлі — құлыншақ,
Тұяғы жерге ұрыншақ.
Ән «Құлыншақ» орындайтын хор.

Жұмбақ: Төрт тағанда бойы бар,
Момындық дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар.
— Бұл қандай жануар?

3 — оқушы: «Қой — төрт түліктің момыны» туралы айтады.
— Қой төлі — қошақан,
Өріске қашқан қорадан.
Ән «Қошақан» орындайтын хор.
Жұмбақ: Асты пышақ, үсті істік
Өзіне лайықтап киім пішкен,
Секіріп — секіріп түскен.
— Бұл қандай жануар?

4 — оқушы: «Ешкі — өсімтал мал» туралы айтады.
— Ешкі төлі — лақ,
Тыныш тұрмайды ол бірақ.

«Лақ» туралы тақпақ.
— Ал әр жануар және мал өз баласын қалай сүйеді екен?
Қазір біз «Малдың төлін сүюі» туралы өлеңді тыңдап білеміз.
— Мал бағу, оны мәпелеп өсіру — аса ардақты өнер.
Өлең « Малды құрметтеу»

 

Тыйым сөздер

 

  1. Малды теппе, ақты төкпе.
    2. Малды басынан ұрма.
    3. Малға теріс мінбе.

 

Қорытынды: Бүгін балалар, біз төрт — түлік туралы көптеген мағлұмат алдық, оларды қадірлей білу керек.