Үштілділік – заман талабы

Сабақтың тақырыбы: Үштілділік – заман талабы
Мақсаты: Оқушыларды ана тілімен қатар мектепте оқытылатын өзге тілдерден де теориялық білімдерін, тіл жайлы ұғымдарын тереңдету, мемлекеттік тілді сүюге, өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел

Көрнекілігі:слайт, журналдар, оқулықтар, қанатты сөздер.
Дөңгелек үстелдің барысы:
Кіріспе сөз:
Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған оқушылар!Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, қазақ елінің «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез — келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.   Тіл апталығы аясында өткізіліп отырған

« Үштілділік-заман талаба» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!

Жоспар:

  1.  Ой қозғау.
  2. Баяндама оқу.
  3. «Кім жылдам» сұрақ — жауап өткізу
  4. Өзге тілдің бәрін біл.   Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді өз ойларымен өзге тілде жеткізу.
  5.  Полиглоттар тарихынан
  6. Ситуациялық тапсырма
  7. Нақыл сөздер
  1. Сұрақ-жауап.

Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар мен сауалдар

1.Мемлекеттік тілідің мәртебесі жайлы не білесің?
2.Қазақстан Республикасындағы тілдердің жалпы мәселесі: Тіл туралы Заң,қазақ тілінің орны.

  1. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?
  2. Үштұғырлы тіл туралы не білесің?
    5..Көп тіл білу үшін қандай жағдай жасалуы керек?
  3. Көп тілді үйрету туралы өз пікірлеріңді айтыңдар

Оқушылырға тақтадан бірнеше сұрақтар оқытып, жауап алу.
2. Баяндама оқу.

«Үштұғырлы тіл мәселесі» тақырыбына  мәлімет оқылынады. (Осы оқылған мәлімет бойынша сұрақтар қою, талдау.

3  Полиглоттар тарихынан
.Полиглоттар тарихынан  тіл туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?

Полиглоттар тарихынан қызықты деректер берейін:
Шығыс ғұламасы Әл — Фараби 70 — ке жуық тілді меңгерген.
* * *
А. С. Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.
* * *
Ұлы Абай орыс — қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.
* * *
Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.
* * *
Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.
* * *
Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан бастайды.

  1. Келесі ой қозғайтын сұрақ:

    «Кім жылдам» сұрақ — жауап өткізу.
    Сұрақ — жауап
    1. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды? (1989 жылы)
    2. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма?
    3. 1912 жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім?
    4. Қазақстанда екі адам атымен аталатын қандай темір кен орны бар? (Соколов — Сарыбай)
    5. Президент жарлығымен Семей полигоны қай жылы жабылды? (1991 жылы, 29 тамыз)
    6. Қазақта тұңғыш дүниежүзі чемпионы атағын алған палуан кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
    7. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (Ілияс Есенберлин)
    8. Қазақстанды Тәуелсіз деп таныған ең алғашқы ел?
    9. Бес арыс кімдер? (Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев)
    10. Қазақ халқының үш ағартушы — демократтары? (Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин)
    6.   Өзге тілдің бәрін біл. 

Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді өз ойларымен өзге тілде жеткізу.

Кім — қалай түсінеді?

«Тіл — тірегім, соғып тұрған жүрегім», «Тіл – ұлттың жан дүниесі», «Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып», «ел — жұртыңды сүйе алмайсың», «Тәрбие басы – тіл», «Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ»

5 Ситуациялық тапсырма
1. Мектепке жаңа жылдан кейін  кем дегенде екі сабақ үш тілде өту керек» деген  хат келсе, сіздер не істейсіздер және оған дайынсыздар ма?

  1. Іс сапармен шетелге шықтың делік, өз ана тілің жайлы не айтар едің?

6 Нақыл сөздер

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата — бабамызды, тарихымызды ұмыту.(Бауыржан Момышұлы)

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. (Ғабит Мүсірепов)

Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, сол – халықтың мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана оны аяққа басады.(Ғабит Мүсірепов)

Кімде — кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.   (Мұхтар Әуезов)

Мемлекеттік тіл – елдің барша азаматтарын біріктіретін ту, елтаңба, әнұран секілді нышан. Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңызды мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.Қоғамға біздің тіл саясатымыздың мәнін тереңірек түсіндіру керек. Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі. деп нақты ашық айтқан.( Н. Ә. Назарбаев)