Каспий теңізінің экологиялық жағдайы

Каспий теңізінің экологиялық жағдайы

Каспий теңізі – Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста,  оқшау жатқан тұйық  су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап  теңіз деп атайды. Ауданы 376 000 шаршы шақырым.  Меридиан бағытында 1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км, қалғаны Ресей , Әзірбайжан,  Түркменстан және Иран жерімен шектеседі.  Беті мұхит деңгейінен 28 метр. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл, т.б. 50-ге тарта аралдар бар. Олар: Құлалы, Шешен, Артем, т.б. Ірі түбектері Маңғыстау,  Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен.  Ойпатты тегіс жағалау басым.

Каспий теңізінде  мұнай – газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Қазақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғи, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдай. Каспий теңізі – әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйық су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі желқума-желбөгет  құбылыстарының нәтижесінде 0,5  — 1 м-ге  дейін ауытқып отырады. 1837-1990 жылы жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізінің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930  және 1980-1990 жылы аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929-1941 ж. Су деңгейі 2 метрге  төмендесе,  1977 ж.  бұл көрсеткіш ең төменгі  абсолютті мөлшеріне жетті. 1978-1995 ж. су деңгейі 2,35 метр болды. Су деңгейінің тұрақсыздығы  — климаттық өзгеруінен  теңіз суының молаюына байланысты болып отырған құбылыс. Судың тұздылығы 0-12% . Каспий теңізінің   морфологиялық  жағдайына байланысты Солтүстік Каспий, Орталық Каспий және Оңтүстік Каспий болып бөлінеді.  Теңіздің Қазақстандық бөлігі  — солтүстік шығыс жағалауы  Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында. Солтүстік Каспий теңіздің  басқа бөліктерінен өзінің алып  жатқан географиялық орны,  теңіз  түбінің құрылымы, тұздылық және температуралық режимі, су теңгермесі және т.б. бойынша ерекшеленеді. Оңтүстік және  Орталық Каспийге қарағанда таяз.  Солтүстік Каспий бөлігінің аумағы  жиынтығы – жалпы Каспийге  құятын  өзендердің жылдық су ағымының  80 мың шаршы шақырым.  Оған келіп құятын барлық өзен сулары  ағымының  88 % ін құрайды. Теңіздің  бұл бөлігі жануарлар дүниесі   мен өсімдіктер  әлеміне  бай.  Мұнда жануарлардың 2 мыңға жуық  түрі   тіршілік етеді. Теңіз фаунасының негізін эндемик жануарлар  құрайды. Каспий  теңізінің  балық қоры  2,9  млн.  т болса, оның 40 % Солтүстік Каспий   бөлігінің  үлесіне  тиеді.

Эколог – ғалымдар  мен сарапшылардың  Каспий теңізінің экологиялық жағдайына  алаңдаушылық білдірулері жайдан – жай емес. Енді бірер жылдан соң  теңіз  қайраңынан жаппай мұнай өндіру басталады. Мұнай тиген танкерлер раы-бері  жүзеді, биік мұнаралар  қатары еселеп артады.  Жағалауларда құбырлар тартылып,  алып өндіріс орындары бой көтереді. Оған мұнай өндіру, оны өңдеу процестері кезінде шығатын  қалдықтарды, басқа да, зиянды заттарды  қосыңыз. Міне, сонда Каспий теңізі және оның аймағында экологиялық қауіп-қатер  туындауы әбден мүмкін.  Эколог-ғалымдардың   келтірілген   мәліметтеріне  сүйенетін  болсақ, кез-келген мемлекет өз елінің аумағында экологиялық ахуалы сауықтыруға қомақты қаржы бөліп отыр. Мысалы, АҚШ осыған ішкі жалпы өнімдерін 12-14 пайыздайын жұмсайды екен. Ал Ресей мен Қазақстан Каспий теңізінің  экологиясына қанша қаржы бөліп келеді? Біздің білуімізше, ол теңіз  қайраңынан мұнай өндіруші   копанияларға   жүктелген.

Бір ғасырдан  асам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан Каспий балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының директоры Марк Карпюк  мырзаның  мәліметінше, Каспийдің Ресейлік  секторындағы  балық  қоры   шамамен  37 млрд долларға бағаланады.  Қазақстандық бөлігінде де жартысынан  астамын алып жатыр,   мұнайға бай бөлігі де Қазақстан  мен  Ресей жағында.  Институт  директоры ертеңгі  күні  теңіз  қайраңы  игеріле  бастағанда, ондағы  балық  түрлеріне  қауіп  төнетінін  жоққа шығармайды.

Оның  мәнісі мынада:  қазіргі  кезде Солтүстік Каспийдің Ресей жағындағы  секторының  бірқатар  құрылымдарында барлау-бұрғылау жұмыстары аяқталып,   көмірсутекті  шикізаттарды  өндірудегі дайындықтар  жасалып жатыр.  Мұндай   жұмыстар  Қазақстандық  секторда да  жүргізілуде. Бұл Каспий қайраңын игеру таяп   қалғандығын  білдіреді.  Ал   балықтар, оның ішінде жас бекірелер  судың мұнаймен ластануын  тамақтанғанда  бірден сезінеді екен.  Марк Карнтернет  материалдарына сүйене отырып  келтірген мәлімтеі  бойынша, теңіздің қазақстандық бөлігіндегі   мұнайда  улы заттар көбірек. Оның құрамындағы   күкіртті  сутегі  25 пайызға  жәндіктеріне    зор зиянын  тигізеді.

Аса бағалы   бекіре  балығы  Каспий  теңізінде  көбейтудің жолдары бар. Оның бірі – Қазақстанның  бекіре балығыны аулауға квота енгізу жөніндегі бастамасына қолдау көрсету. Екіншісі – бекіре тұқымдас балық түрлерін   жасанды  жолмен  өсіру, яғни  балық  зауыттарында  өсіріп , теңізге  жіберу.  Солтүстік Каспий жағалауының  әсем  табиғатына,  оның экологиялық   жағдайына  атмосфераның, топырақ  жамылғысының,   судың ластануы үлкен  қауіп төндіруде.  Атмосфераның ластануына  мұнай-газ өндіретін және оны  қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде.  Мысалы:  1998 жылы Атырау облысы бойынша атмосфераға  132,8 мың   т газ тәрізді заттар 2,3 мың т қатты заттар шығарылған. Бұл улы заттарды  атмосфераға,  негізінен,  ескі  технологиялық  жабдықтармен 3,5 мың  мұнай  ұңғымасы шығарады.  Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық  проблемасы ілеспе газды  іске  жарату.   Қазір жылына 800 млн. куб газ ауада жанады. Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін  өңдеу кезінде мұнаймен қалдық сулардың  топырақпен  грунтқа  төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының  мұнай  өнімдері  қалдықтарымен ластанғанаумағы 194 мың  га жерді алып жатса, төгілген мұнайдың мөлшері 1 млн. т-дан  асады. Теңіз деңгейінің  көтерілуіне және мұнайдың теңізге  төгілуіне  байланысты   теңіз суының құрамында  мұнай өнімдерінің қалдықтары,  фенол,  хлорлы  органикалық   пестецидтер,  аммонилы  азот,  ауыр  металдардың  мөлшері рұқсат  етілген   шектен бірнеше  есе  жоғары екені    анықталған.  Судағы мұнай  өнімдерінің  ең жоғарғы концентрациясы мамыр-шілде  айларында байқалады.   Теңіз жағалауының   мұнай және   мұнай өнімдерімен, улы газдармен  ластануы   планктондар мен  теңіз  суында  тіршілік  ететін  жануарлармен өсімдіктердің жаппай  жойылуына  әкелуде. Теңіз түбіндегі  шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік  ететін  организмдермен моллюскілерге, сондай-ақ су құстарымен   балықтарға да зиянын тигізуде.  Мысалы 1900 жылмен салыстырғанда  Каспий теңізінде балық аулау 3 есеге ,   яғни  500-6000  мың  т-дан 180-мыңға  т-ға дейін  азайды.  Теңіз суын  еі қауіпті  ластаушы  заттың бірі – ыдырамайтын   ауыр  металдар.  Судағы мыс пен мырыштың  мөлшері 20  мкг/л. Каспий  жағалауы  аймағының  ластануы  онда  тіршілік  ететін  организмдерге  ғана емес,  жергілікті  тұрғындардың  денсаулығына  да  үлкен  қауіп төндіруде. Сондықтан   якаспий теңізі жағалауындағы  5 мемлекет (Әзербайжан, Иран,   Ресей, Түркменстан және Қазақстан) Дүниежүзілік  банкпен, БҰҰ –ның  Адамды қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экологиялық  бағдарламасын  жасап,  оны іске   асыруда.  Бұл бағдарламаның  негізгі мақсаты  экологиялық   тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағын   табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету. КЭП-тің негігі бағыттары:  теңіз  деңгейінің өзгерісі жағдайында жергілікті тұрғындардың тұрмысымен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету; Каспий  теңізімен  оның  биоресуостарын   ластанудан  арылтып,   қоршаған орта жағдайын  жақсарту;  теңіздің экожүйесін  сауықтырып, қалпына келтіру және  оның   биологиялық алуан түрлілігін сақтау ;  аймақта экологиялық қауіпсіздікті және  қоршаған ортаның  қалыпты жағдайын сақтап, ондағы  араласып, оның  аймағы 300 мың га-ға жетті.

Каспий теңізінің көтерілуі оның маңындағы  мемлекеттерге  көптеген проблемалар  туғызып отыр. Оның бастысы – экологиялық  жағдайлар.

Біріншіден,  су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, құстар мен жануарлардың мекенін басып қалды.  Суға тосқауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен   флорасында зор шығын келтірді.

Екіншіден,  теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың  ластануына, дан әрі экологиялық апатқа апарады.

Үшіншіден,   су деңгейінің көтерілуі теңіз  жағалауларындағы  мұнай ұңғыларын, мұнай қоймаларын,  мұнай өңдейтін өнеркәсіп орындарын балық комбинаттарын, елді-мекендерді су басып, орасан зор шығын   келтіре бастады.  Каспий жағалауындағы бес мемлекет арасында семинар  өтті.  Мұнда теңіз   экожүйесінде  туындап отырған  проблемаларды саралап  және баға бере отырып тез арада шешуге мақсат қойылды.